«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет85/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89

281
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығымен

 бекітілген 
Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде бекітіл-
ген.  Осындай  негіздердің  бірі  оны  айналысатын  лауазымға 
тағайындауға  (сайлауға)  құқығы  бар  лауазымды  тұлғаның 
(органның) тиісті шешім қабылдауы болуы мүмкін. 
Осылайша,  егер  облыс  әкімдерінің  өкілеттігі  жаңа 
сайланған  Президенттің  қызметіне  кірісуі  кезінде  міндетті 
түрде  тоқтатылатын  болса,  онда  төменгі  тұрған  әкімдердің 
ауысуы  жаңа  тағайындалған  әкімнің  өз  қарауы  бойынша 
өткізіледі;  ол  жергілікті  атқарушы  органдардың  жаңа  бас-
шыларын  тағайындауы,  сондай-ақ  бұрынғы  басшыларды 
қызметінде қалдыруы мүмкін.
Бірақ лауазымды тұлғаның ерікті түрдегі жазбаша өтініші 
негізінде жүзеге асырылатын орнынан түсуі әкімнің лауазым-
нан босатуымен шатастырмаған жөн. Соңғысы үшін лауазым-
ды міндеттерін өрескел бұзу, мемлекеттік қызметте болумен 
сыйыспайтын әрекеттер жасау, атқаратын лауазымына сәйкес 
келмеу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасау 
және т.б. негіз болады. 
38. 89-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда 
жазылсын:
«2.  Жергiлiктi  өзiн-өзi  басқаруды  тұрғын  халық  тiке-
лей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық 
топтары  жинақы  тұратын  аумақтарды  қамтитын  жергiлiктi 
қоғамдастықтардағы басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару ор-
гандары арқылы жүзеге асырылады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына мемлекеттік функ-
цияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін.
3. Қазақстанда жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды ұйымдастыру 
мен олардың қызметі заңмен реттеледі.».
1
 ҚР ПҮАЖ-ы 2000. № 15 141-құжат


282
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
89-БАБЫ
38.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
89-бап
1.  Қазақстан  Республика-
сында жергiлiктi маңызы бар 
мәселелердi тұрғын халықтың 
өзi шешуiн қамтамасыз ететiн 
жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару 
танылады. 
2.  Жергiлiктi  өзiн-өзi 
басқаруды  тұрғын  халық 
тiкелей  сайлау  жолымен, 
сондай-ақ  халық  топта-
р ы   ж и н а қ ы   т ұ р ат ы н 
аумақты қамтитын селолық 
жəне  қалалық  жергiлiк-
тi  қауымдастықтардағы 
сайланбалы  жəне  басқа 
жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару 
органдары  арқылы  жүзеге 
асырады.
3.  Жергiлiктi  өзiн-өзi 
б а с қ а р у   о р г а н д а р ы н 
ұйымдастыру мен олардың 
қызмет тəртiбiн заңмен белгi-
ленген шекте азаматтардың 
өздерi белгiлейдi.
4. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару 
органдарының  дербестiгiне 
олардың  заңмен  белгiленген 
өкiлеттiгi  шегiнде  кепiлдiк 
берiледi.
89-бап
1.  Қазақстан  Республика-
сында  жергiлiктi  маңызы  бар 
мәселелердi тұрғын халықтың 
өзi шешуiн қамтамасыз ететiн 
жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару 
танылады. 
2.  Жергiлiктi  өзiн-өзi 
басқаруды тұрғын халық тiке-
лей жүзеге асырады, сондай-
ақ ол мəслихаттар жəне халық 
топтары  жинақы  тұратын 
аумақтарды қамтитын жер-
гiлiктi қоғамдастықтардағы 
басқа  да  жергiлiктi  өзiн-өзi 
басқару органдары арқылы 
жүзеге асырылады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару 
органдарына  мемлекеттік 
функцияларды жүзеге асыру 
заңға сəйкес берілуі мүмкін.
3 .   Қ а з а қ с т а н д а   же р -
гiлiктi  өзiн-өзi  басқаруды 
ұйымдастыру  мен  олардың 
қызметі заңмен реттеледі.
4. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару 
органдарының  дербестiгiне 
олардың  заңмен  белгiленген 
өкiлеттiгi  шегiнде  кепiлдiк 
берiледi. 
 
89.2.    Конституцияда  азаматтардың  өзін-өзі  басқару 
құқықтарын  іске  асыруының  негізгі  нысандары  өзгеріске 
ұшырады.  Бұрын  осы  ретінде  жергілікті  өзін-өзі  басқару 


283
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
органдарының сайлауы, өзін-өзі басқарудың сайлау және басқа 
да  органдарының  қызметтері,  сондай-ақ  жергілікті  өзін-өзі 
басқару  органына  жеке  өтінішпен  келу,  жеке  және  ұжымдық 
өтініш жолдау құқығы танылған (33-баптың 1-тармағы). Мәні 
бойынша бұл халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді ті-
келей  шешу  мүмкіндіктерін  шектеді  немесе  конституциялық 
норма жергілікті өзін-өзі басқару нысандарының жабық тізбесін 
көздеді. Сондықтан азаматтардың ерік білдіруінің кез-келген басқа 
тәсілдері (мысалы, жиналыстар, жиындар) тіпті заңда бекітілсе де, 
оларды іс жүзінде конституциялық өрістен тыс қойған.
2007  жылғы  21  мамырдағы  №  254  Қазақстан 
Республикасының 
Заңы 
конституциялық 
норманы 
түбегейлі  ауыстырды,  өйткені  жергілікті  өзін-өзі  басқаруға 
азаматтардың  құқығын  іске  асырудың  тікелей  нысанын 
ашпайды. Бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сай-
лауы, жергілікті референдумдар, құқық шығармашылық бас-
тамалар,  азаматтардың  жиналыстары,  жиындары  және  т.б. 
болуы мүмкін. Жергілікті қауымдастық аумағында тұратын 
халықтың осылай ерік білдіру жолы заңмен анықталатын бо-
лады, бұл олардың әртүрлі болуына мүмкіндік жасайды.
Жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  өкілдік  нысандары  да 
өзгертілді,  өйткені  мәслихаттар  ресми  түрде  жергілікті 
өзін-өзі  басқару  органының  мәртебесін  алды,  ол  олардың 
әлеуметтік табиғаты мен мақсатын көрсетеді. Сонымен қатар 
жергілікті өзін-өзі басқару өзге де өзін-өзі басқару органда-
ры  арқылы  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Басқарудың  төменгі 
деңгейлерінде де осындай құрылымдар құрылады деген бол-
жау орынды. Бұл басқарудың өкілеттік, атқарушылық және 
бақылау органы болуы мүмкін.
Бұл ретте көрсетілген нысандар өзара тығыз байланысты, 
ортақ мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған 
және бірыңғай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау