272
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
ҚР Конституциясына түзетулермен мәслихаттардың
өкілеттік мерзімі төрт жылдан бес жылға дейін ұлғайтылды,
бұл Қазақстанда саяси реформалардың биліктің барлық
деңгейлерінің өкілді органдарының рөлін арттыруға жалпы
бағытталғандығын көрсетеді.
86.5. Конституцияға енгізілген түзетулермен жергілікті
өкілді органдарды мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі өзгертілді.
Егер бұрын оларды заңда белгіленген негіздер мен тәртіпте,
сондай-ақ өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда
Парламент Сенаты тоқтататын болса, ал қазір Президенттің
шешімі бойынша, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату тура-
лы шешім қабылдаған жағдайда тоқтатылады. Осы құқықты
мемлекет басшысына беру, біздің ойымызша оның мемле-
кеттiк билiктiң халық алдында жауаптылыәын қамтамасыз
ететін Конституция кепілі ретіндегі рөлімен айқындалады.
Сонымен қатар ертеректегі мәслихаттармен сайланатын Се-
нат депутаттарының алдыңғылардың өкілеттілігін мерзімінен
бұрын тоқтатуына жол бермейді. Конституция кепілі ретін-
дегі Президент сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару ор-
ганы ретіндегі мәслихаттардың да
кепілі ретінде танылады
37. 87-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда
жазылсын:
«4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
және астананың әкiмдерiн қызметке тиісінше облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
мәслихаттарының келісімімен Республика Президен-
тi тағайындайды. Өзге әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң
әкiмдерi қызметке Қазақстан Республикасының Президен-
тi айқындаған тәртiппен тағайындалады немесе сайланады.
Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді
қызметтерінен босатуға хақылы.
273
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде
бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру
туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат өз
депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкiмге
сенiмсiздiк бiлдiруге және оны қызметiнен босату жөнiнде
тиiсiнше Республика Президентiнiң не жоғары тұрған әкiмнiң
алдына мәселе қоюға хақылы. Облыстар, республикалық
маңызы бар қалалар және астана әкiмдерiнiң өкiлеттiгi
жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiс-
кен кезде тоқтатылады.».
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
87-БАБЫ
37.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
87-бап
1. Жергiлiктi атқарушы
о р г а н д а р Қ а з а қ с т а н
Республикасының атқарушы
органдарының бiрыңғай
жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың
мүддесi мен даму қажеттiлiгiн
ұштастыра отырып, атқарушы
билiктiң жалпы мемлекеттiк
саясатын жүргiзудi қамтамасыз
етедi.
2. Жергiлiктi атқарушы
органдардың қарауына мына-
лар жатады:
1) аумақты дамыту жоспар-
ларын, экономикалық және
әлеуметтiк бағдарламаларын,
жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу
және олардың атқарылуын
қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншiктi
басқару;
87-бап
1. Жергiлiктi атқарушы
о р г а н д а р Қ а з а қ с т а н
Республикасының атқарушы
органдарының бiрыңғай
жүйе сiне кiредi, тиiстi
аумақтың мүддесi мен даму
қажеттiлiгiн ұштастыра оты-
рып, атқарушы билiктiң жал-
пы мемлекеттiк саясатын
жүргiзудi қамтамасыз етедi.
2. Жергiлiктi атқарушы
органдардың қарауына мына-
лар жатады:
1) аумақты дамыту жоспар-
ларын, экономикалық және
әлеуметтiк бағдарламаларын,
жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу
және олардың атқарылуын
қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншiктi
басқару;