275
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
5. Мәслихат өз депу-
таттары жалпы санының
үштен екiсiнiң даусымен
әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруге
және оны қызметiнен бо-
сату жөнiнде тиiсiнше Рес-
публика Президентiнiң не
жоғары тұрған әкiмнiң ал-
дына мәселе қоюға құқылы.
Облыстар, республикалық
маңызы бар, қала және ас-
тана әкiмдерiнiң өкiлеттiгi
жаңадан сайланған Рес-
п у б л и к а П р е з и д е н т i
қызметiне кiрiскен кезде
тоқтатылады.
6. Жергiлiктi атқарушы
органдардың құзыретi,
ұйымдастырылуы және
олардың қызмет тәртiбi
заңмен белгiленедi.
5. мəслихат депутаттарының
жалпы санының кемінде бестен
бірінің бастамасы бойынша əкімге
сенімсіздік білдіру туралы мəселе
қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда
мəслихат өз депутаттарының жал-
пы санының көпшілік даусымен
əкiмге сенiмсiздiк бiлдiруге жəне
оны қызметiнен босату жөнiнде
тиiсiнше Республика Президентiнiң
не жоғары тұран əкiмнiң алдына
мəселе қоюға хақылы. облыс-
тар, республикалық маңызы бар
қалалар жəне астана əкiмдерiнiң
өкiлеттiгi жаңадан сайланған
Республика Президентi қызметiне
кiрiскен кезде тоқтатылады.
6 . Же р г i л i кт i ат қ а ру ш ы
о р г а н д а р д ы ң қ ұ з ы р е т i ,
ұйымдастырылуы және олардың
қызмет тәртiбi заңмен белгiленедi.
87.4. Әкімдерге өкілеттіктер беру тәртібі соңғы жылдары
бірнеше рет өзгеріске ұшырады.
Айталық, 1993 жылғы Конституция бойынша Президент
атқарушы биліктің бірыңғай жүйесін басқарғанда, облыстық,
Алматы және Ленин қалалық атқарушы органдарының бас-
шылары лауазымға жеке-дара, ал аудандық және қалалық бас-
шылар оның келісімімен тағайындалды және босатылды. 1995
жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституция-
сы қабылданған соң облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың әкімдерін тағайындауды Премьер-
Министрдің ұсынымы бойынша Президент жүзеге асыратын бол-
ды. 2007 жылғы 21 мамырдағы ҚР Конституциясына өзгерістер
мен толықтырулар енгізгеннен кейін осы деңгейдегі әкімдерді
тағайындау бұрынғыдай Мемлекет басшысының қолында қалды,
276
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
бірақ бұл үшін енді тиісті мәслихаттардың келісімі талап етіледі,
бұл елдің қоғамдық-саяси өмірінде барлық деңгейдегі өкілді
органдардың рөлін жоғарылатуға жалпы бағытталуды көрсетеді.
Өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері Президент
белгілеген тәртіпте лауазымға тағайындалады немесе сайлана-
ды. Оларға аудан, облыстық маңызы бар қалалар, елді-мекендер,
ауылдар (селолар), ауылдық округтер әкімдері жатады. Мұндай
тәртіп Негізгі Заңға 1998 жылғы 7 қазандағы түзетулермен енгізіл-
ген болатын. Мәні бойынша ол жергілікті басқару үлгісін анықтау
кезінде бейімдеу мүмкіндігін, соның ішінде жергілікті атқарушы
билік басшыларына өкілеттіктер беру туралы мәселені шешуде
конституциялық норманы ауыстырмай жасау мүмкіндігін береді.
Егер бірінші жылы түзетулер енгізілгеннен кейін әкімдерді
жоғары тұрған әкімдер тікелей тәртіптегі басымдықпен
тағайындаса, соңғы жылдары осы лауазымды тұлғаларды
сайлауды ендіру үрдістерімен ауыстырылды. 2004-2006
жылдары Президент облыс әкімдерінің ұсынысы бойынша
мәслихаттармен аудандық және қалалық (республикалық
маңызы бар қала) әкімдерді, тұрғындар немесе сайлаушы-
лармен
1
кент, ауыл, село, ауылдық (селолық) округ әкімдерін
сайлауды көздейтін бірқатар жарлықтар шығарды
2
.
1
«Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтерi, ауыл-
дары (селолары), кенттерi әкімдерінің сайлауын өткiзу туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1484 және «Қазақстан Республикасының жекелеген аудандары
әкiмдерiнiң сайлауын эксперимент ретiнде өткiзу туралы» 2004 жылғы
6 желтоқсандағы № 1485 жарлықтары, ҚР ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48,
596-құжат «Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы
бар қалалары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу туралы» Қазақстан Республи-
касы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 130 жарлығы. «Еге-
мен Қазақстан» 2006 жылғы 9 маусым
2
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6
желтоқсандағы № 1484 жарлығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі N 1613
жарлығы. ҚР ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 379-құжат
277
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Мамырда (2007 ж.) ҚР Конституциясына енгізген
толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес мемлекет басшысы
ағымдағы жылдың 6 маусымында аудандардың, қалалардың
(облыстық мәні бар) әкімдерін және облыстағы қалалар ауда-
ны, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
әкімдерін аудандық және қалалық мәслихаттың келісімі-
мен тағайындауды көздейтін жаңа Жарлық
1
шығарды.
Бұл жоғарыда сөз болған үрдісті одан әрі қолдай отырып,
мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқару органдары ретін-
де мойындаумен байланысты.
Республика Президенті өзінің қалауы бойынша әкімдерді
лауазымынан босатуға құқылы. Демек, Конституцияда Пре-
зидент осы өкілеттікті қандай деңгейдегі жергілікті атқарушы
органдардың басшыларына қолданатындығы айтылмайды.
Ол өзі тағайындаған облыстық, республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың әкімдерін ғана лауазымдары-
нан босатумен қатар, төменгі деңгейдегі әкімдерді де босата
алады. Бұл кез-келген аумақтық буындағы жергілікті атқару
органының басшысы – ол орталық биліктің өкілі ретінде
қаралатындығымен байланысты болуы тиіс.
Сонымен қатар саяси мемлекеттік қызметші болып табы-
латын әкімдерді босатудың тәртібі «Мемлекеттiк билiк ор-
гандары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi ту-
ралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы
29 наурыздағы N 828 Жарлығымен
2
бекітілген Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен орталық
және жергiлiктi мемлекеттiк органдарының өзге де басшы лау-
1
«Аудандардың, облыстық мәні бар қалалардың, қалалардағы
аудандардың әкімдерін тағайындау тәртібі туралы» Қазақстан Респуб-
ликасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 339 жарлығы ҚР
ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 196-құжат; «Егемен Қазақстан» 2007 жылғы
6 маусым.
2
«Заңнама» құқықтық анықтамалығы.
Достарыңызбен бөлісу: |