|
83-бап. Реттеушілік әсерді талдау
….
2. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін жүргізіледі.
…
4. Реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 82-бабының 3-тармағында көзделген, өздері әзірлейтін құжаттардың жобаларына қатысты, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Ұлттық палата және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
Жоқ.
5. Реттеушілік әсерді талдау жаңа реттегіш құралды енгізудің міндетті шарты болып табылады.
6. Қолданыстағы реттегіш құралдарға қатысты реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібімен жүргізеді.
7. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;
2) реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.
Жоқ.
7-1. Жоқ
8. Реттеуші мемлекеттік орган жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және (немесе) өзге де мүдделі тұлғалар жүргізген реттеушілік әсерді баламалы талдаудың нәтижелері жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады.
|
83-бап. Реттеушілік әсерді талдау
….
2. Реттеушілік әсерді талдау, оның ішінде қолданыстағы реттеуші құралдар бойынша бұдан бұрын оларға қатысты реттеуші әсер талдауы жүргізілмеген реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін жүргізіледі.
Енгізілген реттеуші құралдардың, сонымен қатар қолданыстағы реттеуші құралдардың реттеуші әсерін талдау, кәсіпкерлік, Ұлттық палата және басқа да мүдделі тұлғалар бойынша уәкілетті орган ұсыныстары есебінен жыл сайын реттеуші мемлекеттік орган бекітетін жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Кодекстің 80 бабының 2 тармағының 6) тармақшасында берілген құжаттарға қатысты қайта қарау жоспарын жыл сайын кәсіпкерлердің өңірлік палаталарының және өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстары есебінен, кәсіпкерлік саласында басшылық етуді жүзеге асыратын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітеді.
Сонымен бірге, мемлекеттік орган жоспарланған мерзімде реттеушілік әсерге талдау жүргізбеген реттеуші құралдар жоюға жатады.
…
4. Реттеушілік әсерді талдауды мемлекеттік органдар осы Кодекстің 82-бабының 2-тармағында көзделген, құжаттардың жобаларына қатысты, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Ұлттық палата және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
Сонымен бірге реттеушілік әсерін талдауды олардың әзірлеушілері жүргізетін өңірлік маңызы бар құжаттарды қоспағанда, реттеуші әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік орган жүргізеді.
5. Реттеушілік әсерді талдау жаңа реттегіш құралды немесе реттеушілікті қатаңдатуды енгізудің міндетті шарты болып табылады
.
6.Алынып тасталсын
7. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және реттеуші мемлекеттік органдардың, Ұлттық палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;
2) реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізуге құқылы.
Осы тармақтың талабы өңірлік маңызы бар құжаттар жобасына таралмайды.
7-1. Кәсіпкерлік саласында басшылық етуді жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарастырады және белгіленген шараларды кәсіпкерлердің өңірілік палаталарының және өзге де тұлғалардың өңірлік маңызы бар құжаттар жобасын әзірлеушілердің сақтауы туралы қорытынды береді;
2) реттеушілік әсерді талдау қорытындысымен келіспеген жағдайда реттеушілік әсердің ұқсас талдауын жүргізуге құқылы;
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туындайтын ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңестік органның қарауына шығарылады, оны мақұлдау жаңа реттеуші құралды немесе реттеушілікті қатаңдатуды енгізу үшін міндетті талап болып табылады.
8. Реттеушілік әсерді талдаудың және реттеушілік әсерді баламалы талдаудың нәтижелері жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады.
| |