«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ Кәсіпкерлік әрекеті саласында өзін-өзі реттеуін қолдау мақсатында



жүктеу 14,34 Mb.
бет169/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   213

ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ

Кәсіпкерлік әрекеті саласында өзін-өзі реттеуін қолдау мақсатында




22-бап. Төралқа комитеттері

3. Комитеттер Ұлттық палатада аккредиттеуден өткен республикалық салааралық, салалық қауымдастықтардың (одақтардың), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтарының (одақтарының) өкілдерінен тұрады. Комитет мүшелерінің санын төралқа айқындайды және олар үшеуден кем болмауға тиіс.



22-бап. Төралқа комитеттері



3. Комитеттер Ұлттық палатада аккредиттеуден өткен республикалық салааралық, салалық қауымдастықтардың (одақтардың), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің, өзін-өзі реттеуші ұйымдардың, республикалық қауымдастықтарының (одақтарының) өкілдерінен тұрады. Комитет мүшелерінің санын төралқа айқындайды және олар үшеуден кем болмауға тиіс.


ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ

Кәсіпкерлік әрекеті саласында өзін-өзі реттеуін қолдау мақсатында


«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:




33) жоқ

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

33) факторинг – борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үш жақты шарт, онда борышкер (банкрот) өзінің дебиторына өз мүлкі талаптарын үшінші тұлғаға береді немесе беруге міндеттенеді, ал үшінші тұлға борышкер (банкрот) дебиторына талап ету құқығына айырбастай отырып борышкердің (банкрот) өкіміне ақша немесе басқа да мүлік береді немесе беруге міндеттенеді.

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

«Өтеуге қабілетсіздігінің рұқсаттамасы» индикаторы

Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруы үшін амалдарды тартуы бойынша мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында.



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:




34) жоқ

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:




34) реверсивті факторинг – борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үш жақты шарт, онда дебитор борышкер алдындағы өз міндетін үшінші тұлғаға береді, ал үшінші тұлға борышкер алдындағы дебитордың міндеттерін орындайды.

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

«Өтеуге қабілетсіздігінің рұқсаттамасы» индикаторы

Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруы үшін амалдарды тартуы бойынша мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында.




26-бап. Кредиторлар жиналысының шешімдер қабылдауы

1. Борышкер немесе әкімші кредиторлар жиналысы ашылғанға дейін жиналысқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.

2. Кредиторлар жиналысы, оған сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы бар кредиторлар дауысының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Қайта шақырылған кредиторлар жиналысы, кредиторлар жиналысының өткізілетін уақыты мен орны туралы кредиторлар тиісті түрде хабардар етілген жағдайда, оған кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы бар кредиторлар дауысының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда, заңды болып табылады.

Жоқ.

Кредитор кредиторлар жиналысына дәлелсіз себеппен екі рет қатыспаса, мұндай кредитордың дауыс саны кредиторлар жиналысының заңдылығын айқындаған кезде есепке алынбайды.

      Растайтын құжаты болған кезде:

      1) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің еңбекке уақытша жарамсыздығы;

      2) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің кредиторлар жиналысына қатысуына кедергі келтіретін төтенше жағдайдың туындауы;

      3) кредиторлар жиналысының шешімі бойынша өзге де себеп дәлелді себеп ретінде танылады.

3. Кредиторлар жиналысының шешімдері хаттамамен ресімделеді.

 4. Кредиторлар жиналысының отырысын қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланған төрағалық етуші жүргізеді. Хаттаманы қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланатын хатшы жүргізеді. Төраға мен хатшы қарапайым көпшілік дауыспен сайланады. Хаттамаға төрағалық етуші, әкімші, хатшы жиналыс өткізілген күні қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.

5. Тәртібі осы Заңның 99-бабының 6-тармағында айқындалатын борышкердің мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешімдер қабылданатын және оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін жағдайларды қоспағанда, кредиторлар жиналысының шешімдері сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысына қатысушы кредиторлардың дауыс санының көпшілік дауысымен қабылданады.

Кредитор дауыс беруден бас тартқан жағдайда, жиналыс шешім қабылдаған кезде кредиторлардың дауысын айқындау мақсатында кредитор кредиторлар жиналысына қатысушы деп саналмайды.

Әкімші кредиторлар шешімдер қабылдауы үшін әрбір кредитордың дауыс санын "талаптардың бір теңгесі – бір дауыс" қағидаты бойынша айқындайды.

Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, онда тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін есепке алынбайды.

      Кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін кредиторлардың тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар түріндегі талаптары:

1) кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандырған;

      2) сот шешімі бойынша тек қана тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар түріндегі талаптарының ішінен кредиторлардың талаптар тізілімін қалыптастырған жағдайларда есепке алынады.

Жоқ.

Кредитор талаптарының қанағаттандырылуына қарай оның дауыс саны қанағаттандырылған талаптар сомасына азаяды.

      Оңалту жоспарын келісу мәселесі немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралған кезде дауыс беруге, осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында талаптары қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, осы жоспармен немесе оған енгізілетін өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар қатысады.

Жоқ.
Кредиторлар жиналысының оңалту жоспарын немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келісу туралы шешімі өздерінің талаптары осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, оңалту жоспарымен немесе оған енгізілетін өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар дауыстары санының көпшілік дауысымен қабылданады.

Кредитордың кредиторлар жиналысына келмеуінің себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы кредиторлар жиналысының шешімі мұндай кредитордың дауысы есепке алынбай қабылданады.

6. Кредиторлар жиналысының хаттамасы үш данада жасалады, олардың біреуі оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, екіншісі кредиторлар комитетіне беріледі, үшіншісі әкімшіде қалады.

      Кредиторлар жиналысының хаттамасына:

      жиналысқа қатысушыларды тіркеу ведомосының;

      жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекіту үшін ұсынылған материалдардың;

      кредиторлардың кредиторлар жиналысының өткізілетін күні мен уақыты туралы тиісінше хабардар етілгені туралы куәландыратын құжаттардың;

      борышкердің немесе әкімшінің қалауы бойынша өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.



26-бап. Кредиторлар жиналысының шешімдер қабылдауы

1. Борышкер немесе әкімші кредиторлар жиналысы ашылғанға дейін жиналысқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.

 2. Кредиторлар жиналысы, оған сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы бар кредиторлар дауысының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Қайта шақырылған кредиторлар жиналысы, кредиторлар жиналысының өткізілетін уақыты мен орны туралы кредиторлар тиісті түрде хабардар етілген жағдайда, оған кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы бар кредиторлар дауысының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда, заңды болып табылады.

Оңалту жоспарын келісу мәселесін қарастыру барысында дауыс беруге кредиторлар қатысады, олардың талаптары осы баптың 5 тармағында белгіленген талаптарға сәйкес екінші және төртінші кезек құрамында қанағаттандырылуға жатады.

Оңалту жоспарына өзгертулер мен (немесе) толықтырулар енгізу мәселесін қарастыру барысында дауыс беруге кредиторлар қатысады, осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) келесі кезек құрамында талаптары қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, олардың мүдделері оңалту жоспарына енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтыруларда қозғалады.

Кредитор кредиторлар жиналысына дәлелсіз себеппен екі рет қатыспаса, мұндай кредитордың дауыс саны кредиторлар жиналысының заңдылығын айқындаған кезде есепке алынбайды.

      Растайтын құжаты болған кезде:

      1) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің еңбекке уақытша жарамсыздығы;

      2) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің кредиторлар жиналысына қатысуына кедергі келтіретін төтенше жағдайдың туындауы;

      3) кредиторлар жиналысының шешімі бойынша өзге де себеп дәлелді себеп ретінде танылады.

3. Кредиторлар жиналысының шешімдері хаттамамен ресімделеді.

4. Кредиторлар жиналысының отырысын қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланған төрағалық етуші жүргізеді. Хаттаманы қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланатын хатшы жүргізеді. Төраға мен хатшы қарапайым көпшілік дауыспен сайланады. Хаттамаға төрағалық етуші, әкімші, хатшы жиналыс өткізілген күні қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.

5. Тәртібі осы Заңның 99-бабының 6-тармағында айқындалатын борышкердің мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешімдер қабылданатын және оңалту жоспарын келісу және оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін жағдайларды қоспағанда, кредиторлар жиналысының шешімдері сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысына қатысушы кредиторлардың дауыс санының көпшілік дауысымен қабылданады.

Кредитор дауыс беруден бас тартқан жағдайда, жиналыс шешім қабылдаған кезде кредиторлардың дауысын айқындау мақсатында кредитор кредиторлар жиналысына қатысушы деп саналмайды.

Әкімші кредиторлар шешімдер қабылдауы үшін әрбір кредитордың дауыс санын "талаптардың бір теңгесі – бір дауыс" қағидаты бойынша айқындайды.

Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, онда тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін есепке алынбайды.

      Кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін кредиторлардың тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар түріндегі талаптары:

1) кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандырған;

      2) сот шешімі бойынша тек қана тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар түріндегі талаптарының ішінен кредиторлардың талаптар тізілімін қалыптастырған жағдайларда есепке алынады.

Кредиторлар жиналысы шешім қабылдау барысында:

1) осы Заңның 72 бабының 3 тармағына және 90 бабының 4 тармағына сәйкес дауыс беруден айрылған кредиторлардың;

2) басқа кредиторлардың талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін борышкерге қатысты аффилирленген тұлғалар болып табылатын кредиторлардың дауыс беру құқықтары жоқ.

Кредитор талаптарының қанағаттандырылуына қарай оның дауыс саны қанағаттандырылған талаптар сомасына азаяды.



Бір уақытта:

1) екінші кезектегі кредиторлар санынан көп дауыс;

2) төртінші кезектегі кредиторлар санынан көп дауыс берілген жағдайда, оңалту жоспары келісілді деп танылады.

Осы баптың 5 тармағының алтыншы бөлігіндегі 1) және 2) тармақшаларында көзделген талаптарды біреуі немесе екеуі де орындамаған жағдайда оңалту жоспары келісілмеді деп саналады.

Кредиторлар жиналысының оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келісу туралы шешімі өздерінің талаптары осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, оңалту жоспарымен немесе оған енгізілетін өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар дауыстары санының көпшілік дауысымен қабылданады.

Кредитордың кредиторлар жиналысына келмеуінің себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы кредиторлар жиналысының шешімі мұндай кредитордың дауысы есепке алынбай қабылданады.

6. Кредиторлар жиналысының хаттамасы үш данада жасалады, олардың біреуі оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, екіншісі кредиторлар комитетіне беріледі, үшіншісі әкімшіде қалады.

      Кредиторлар жиналысының хаттамасына:

      жиналысқа қатысушыларды тіркеу ведомосының;

      жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекіту үшін ұсынылған материалдардың;

      кредиторлардың кредиторлар жиналысының өткізілетін күні мен уақыты туралы тиісінше хабардар етілгені туралы куәландыратын құжаттардың;

      борышкердің немесе әкімшінің қалауы бойынша өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.


жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау