Ќараєанды ќаласы јкімдігініѕ



жүктеу 44,24 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі44,24 Kb.
#789

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2010 жылғы 09 сәуірдегі № 10/07 қаулысы
«Қарағанды қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы»
Қарағанды қаласының Әділет басқармасында

2010 жылғы 22 сәуірдегі № 8-1-112 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4 бабының 2 тармағының 5 тармақшасы және 18-1 бабына, «Қарағанды қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы ХХVІІІ сессиясының № 302 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8-1-106) сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі бекітілсін.

  2. «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) заңда белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша алты айдан артық емес жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

  3. Қарағанды қаласы аудандарының әкімдері Жұмыспен қамту бөліміне әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жәрдемдессін.

  4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру облыстық бюджеттегі 027 «Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттің ағымдағы мақсатты түрдегі трансферті» бағдарламасы бойынша көзделген облыстық бюджеттегі ағымдағы трансферттердің, сондай-ақ 002 «Жұмыспен қамту бағдарламасы» 102 «Жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары» қосымша бағдарламасында көзделген Қарағанды қаласының бюджеті есебінен жүргізілсін.

  5. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 20 000 теңгені құрайды, жұмыс беруші тарапынан ортақ қаржыландыру үлесі Жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады.

  6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Халел Мұқатайұлы Мақсұтовқа жүктелсін.

  7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 сәуірден пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.



Б. Әбдішев

Қала әкімі

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2010 жылғы «09» сәуірдегі

№ 10/07 қаулысымен бекітілген

Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру

үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі

1. Жұмыс беруші уәкілетті орган «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім береді.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу барысында Уәкілетті орган келесі талаптарды ескереді:

1) кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеттілігі;

2) еңбекақының уақытында төленуі;

3) жұмыс орнының қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкестігі;

4) кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларының сақталуы;

5) Уәкілетті органмен жасалған шарттың мерзімі өткенде жұмыссыз адамға тұрақты жұмыс орнын беру мүмкіндігі.

3. Жұмыс беруші іріктеуге қатысу үшін құрылтайшы құжаттарын немесе жеке кәсіпкердің куәлігін ұсынады.

4. Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шарт жасайды. Шартта шарттың мәні, еңбекақының мөлшері мен оны төлеу шарттары, шығындар сомасы, тараптардың жауапкершілігі мен ерекше жағдайлар, шарттың қолданылу мерзімі көрсетіледі. Жұмыс уақытша сипатта болады және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары пайдаланылмайды.

5. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.

6. Жұмыс беруші жолдама алған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдап, келісім - шарт жасасады, қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады.

7. Жұмыс беруші еңбекақы төлеуге кететін шығындарды өтеу үшін ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 5 дейін белгіленген тәртіпте келесі құжаттарды Уәкілетті органға ұсынады: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіні, жұмыс уақытын есепке алу табелі, атқарылған жұмыстар актісі.



8. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес салық және зейнетақы аударымдарды жүзеге асырады.

9. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің осы Тәртібінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.
жүктеу 44,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау