«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


Мемлекеттік бақылау және қадағалау



жүктеу 14,34 Mb.
бет16/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   213

Мемлекеттік бақылау және қадағалау


Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ



347-бап. Басты сот талқылауының хаттамасы

...


9. жоқ

347-бап. Басты сот талқылауының хаттамасы



9. Электрондық құжат нысанында сотқа құжаттар беру, оларды тіркеу, оңдеу, олармен таныстыру тәртібін сот қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуші орган белгілейді.


Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы




370-бап. Куәлардан жауап алу



9. Жоқ



370-бап. Куәлардан жауап алу

  …


9. Бейнеконференц байланыс құралдарын қолдану тәртібін осы Кодекстің талаптары есебінен соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган белгілейді.

Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы

Қылмыстық істер бойынша бейнеконференц байланыс құралдарын қолдану тәртібін анықтау мақсатында.


«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексі



33-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың әкiмшiлiк жауаптылығы



5. жоқ



33-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың әкiмшiлiк жауаптылығы

....


5. Осы баптың 2 және 4 бөлімдерінің нормалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді және сарапшылық жұмыстарды жүзеге асырушы аккредиттелген заңды тұлғаларға таралады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында заңнама талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда жол берілген бұзушылықтар үшін сарапшы және құрамында сарапшы жұмыс істейтін заңды тұлға жауап береді.

Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

Инжинирингтік қызметтер және сараптама жұмыстарын жүргізетін тұлғалардың жауапкершілігін күшейту үшін, және де жеке жауапкершіліктің көмескілігін жою үшін.



43-бап. Ескерту жасау


Ескерту жасау әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша нысанда шығарылады.

2. жоқ.

43-бап. Ескерту жасау


1. Ескерту жасау әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша нысанда шығарылады.

2. Осы Кодекстің 57 бабында көзделген жағдайлар орын алмаған жағдайда, алғаш жасалған әкімшілік құқық бұзушылық үшін, сонымен қатар адамдардың денсаулығына және өміріне, жануарлар және өсімдіктер әлемі объектілеріне, қоршаған ортаға, мәдени мұра объектілеріне (тарих және мәдениет ескерткіштері), мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтірілмеген жағдайда, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағайлар қаупі және мүліктік шығын болмаған жағдайда ескерту белгіленеді.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау

ӘҚК ізгілендіру және ескерту институтын пайдалануды кеңейту аясында барлық құқық бұзушылықтар үшін жалпы, атқарушы органға міндетті түрде алғашқы жасалған құқық бұзушылық үшін әкімшілік айыппұлдың орнына ескерту қолдануды міндеттейтін норманы енгізу ұсынылады.

Бұл ретте зиян келтіретін жағдайлар үшін ерекшелік қарастырылады.




62-бап. Ескіру мерзiмінiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату

3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ бюджеттiк қатынастар саласында қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.


62-бап. Ескіру мерзiмінiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату

3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ бюджеттiк қатынастар саласында қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде, сәулет-құрылыс қызметі саласында тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.


жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау