ЭРБК мемлекеттік бақылау бағыттарынан Жер ресурстары комитетінің, ЭМ Жер қойнауын пайдалану департаментінің, ИДМ ҚжТКШІК, ҚР ДСМ СанЭпидҚадағалаудың функцияларын қайталайтын бағыттарын алып тастау. + Мемлекеттік бақылау және қадағалау 114 баптың 6)-9), 17, 22), 24), 35) т.т. жою. 6)-9) тт. бойынша Жердің пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды және қорғауды орталық атқару органы, жердің пайдаланылуын бақылау және қорғау жөнінде уәкілетті органдар, басқа уәкілетті органдар, аудандық мәні бар қалалардың, ауылдардың, құзыреті шегінде ауылдық округтердің әкімдері жүргізеді. Осыған байланысты, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретінен бұл бағытты алып тастау ұсынылады. 17) тт. бойынша Бұл бағыт жұмыс істемейді. Осыған байланысты бұл бағытты алып тастау ұсынылады. 22) тт. бойынша Бұл бағыт әрекет етпейді, себебі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган кәсіпорындарды, ғимараттарды және басқа объектілерді салу, қайта құру, пайдалануға енгізу және пайдалану кезінде қабылдауға қатыспайды. Осыған байланысты бұл бағытты алып тастау ұсынылады. 24) бб. бойынша Функциялар өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыретімен қайталанады. Осыған байланысты, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретінен бұл бағытты алып тастау ұсынылады. 35) және 37) бб. бойынша Бұл бағыт ғылыми және педагогикалық қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыретін қайталайды, ешқашан жүзеге асырылмады, себебі сәйкес материалдық-техникалық және кадрлық жасақтау жоқ. Жобалардың немесе есептердің сараптамасы аясында ғана ғылыми жұмыстар мен зерттеулер бойынша осы қызметті талдау жүргізіледі. Осыған байланысты, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретінен бұл бағытты алып тастау ұсынылады.
|
|
125-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың өзге де нысандары
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құрамына кіретін зертхана бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тікелей табиғи объектілерде және ластау көздерінде талдамалық бақылауды жүзеге асырады.
2. Талдамалық бақылауды табиғат пайдалану объектісінің санитариялық-қорғаныш аймағынан тыс жерлерде жүзеге асыру үшін сынамаларды іріктеп алу кез келген уақытта тіркеусіз жүзеге асырылады.
|
125-бап. Алынып тасталсын
| Жаппай шығындар 1 тармақ бойынша 137 баптың 3 тармағымен сәйкестендіру Бақылаудың басқа түрі аясында экологиялық инспекторлардың субъектіге шығуы қарастырылмаған. 2 тармақ бойынша СҚА шегінен тыс сынамаларды, концентрацияларды іріктеу СанЭпидҚадағалау органының құзыреті болып табылады. |
|
|
131-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге қойылатын талаптар
…
2. 131-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге қойылатын талаптар:
…
1-1) жоқ
қамтылуға тиiс.
|
131-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге қойылатын талаптар
…
2. 131-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге қойылатын талаптар:
…
1-1) шаруашылық және басқа да қызметтің І санаты үшін автоматтандырылған бақылау жүзеге асырылатын көздердің міндетті тізімінде, қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiн автоматтандырылған бақылау көздерінің ауысу мерзімі қамтылуға тиiс;
| Халықаралық Банктің «Doing Business» «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы ЭМ Кәсіпорындарға жүктеменің азаюы мемлекеттік органның тексерулер санының азаюы түрінде көрсетіледі. Автоматтандырылған бақылау кәсіпорындарға тексеруші тұлғамен тікелей байланысуды болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұсынылып отырған түзету мемлекеттік экологиялық инспекцияның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюға бағытталған. |
|
|
132-бап. Өндiрiстiк мониторингтiң түрлерi және оны жүргiзудi ұйымдастыру
…
4. Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингi өндiрiстiк ысыраптарды, эмиссиялардың саны мен сапасын және олардың өзгеруiн қадағалау үшiн эмиссияларды шығу көзiнде бақылауды қамтиды.
|
132-бап. Өндiрiстiк мониторингтiң түрлерi және оны жүргiзудi ұйымдастыру
…
4. Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингi шаруашылық және басқа да қызметтің І санаты үшін көздердегі эмиссияларға автоматтандырылған бақылау, эмиссиялардың саны мен сапасын және олардың өзгеруiн қадағалау үшiн эмиссияларды шығу көзiнде бақылауды қамтиды.
| Халықаралық Банктің «Doing Business» «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы ЭМ Кәсіпорындарға жүктеменің азаюы мемлекеттік органның тексерулер санының азаюы түрінде көрсетіледі. Автоматтандырылған бақылау кәсіпорындарға тексеруші тұлғамен тікелей байланысуды болдырмауға мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған түзету мемлекеттік экологиялық инспекцияның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюға бағытталған. |
|
|
132-бап. Өндiрiстiк мониторингтiң түрлерi және оны жүргiзудi ұйымдастыру
…
9. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiн Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өндiрiстiк немесе тәуелсiз зертханалар жүзеге асырады.
|
132-бап. Өндiрiстiк мониторингтiң түрлерi және оны жүргiзудi ұйымдастыру
…
9. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiн Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өндiрiстiк немесе тәуелсiз зертханалар, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган зертханалары жүзеге асырады.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |