«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу



жүктеу 14,34 Mb.
бет18/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   213

175-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу


1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:

1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;



2) актінің болмауы, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен тексеру және алдын ала бақылау мен қадағалау тағайындау туралы актіні бақылау және қадағалау субъектісіне ұсынбаумен тең;

3) хабарламаның болмауы, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 147 бабының 1 тармағында көзделген тексерулер жүргізу туралы хабарлама мерзімдерінің сақталмауымен тең;

4) бақылау және қадағалау органының тексеру парағында белгіленбеген талаптардың орындалуын тексеру, сонымен қатар мұндай талаптар осы лауазымды тұлғалар оның атынан әрекет ететін, мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылмаса;
5) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды беруді талап ету;

6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және оларды зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алу туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;



7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен тексеру және алдын ала бақылау және қадағалау жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;

8) бұзушылық, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 148 бабында көзделген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен тексеру және алдын ала бақылау және қадағалау жүргізудің белгіленген мерзімдерін асырумен тең;

9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, нақ сол мәселе бойынша, нақ сол кезең ішінде бұрын тексеру немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен алдын ала бақылау және қадағалау жүргізілген, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен тексеру және алдын ала бақылау және қадағалау жүргізу;

10) мемлекеттік бақылау мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізу;



11) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабында көзделген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен тексеру және алдын ала бақылау және қадағалау жүргізудің айрықша тәртібі бойынша тексеру жүргізу мерзімділігінің бұзылуы;

12) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен тексеру және алдын ала бақылау және қадағалау тағайындау туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне ұсынбау;

13) тіркеу міндетті болған жағдайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен тексеру және алдын ала бақылау және қадағалау тағайындау туралы актіні тіркеусіз бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен тексеру және алдын ала бақылау және қадағалау жүргізу;

14) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен тексеру және алдын ала бақылау және қадағалау жүргізудің айрықша тәртібінде тексерулер нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 144 бабының 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу,

лауазымды адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.



2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – лауазымды адамға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау

ҚР Кәсіпкерлік кодекстің 150 бабы 2 тармағында анықталған дөрекі бұзушылықтардың тізіміне сәйкестендіру, және де профилактикалық бақылау енгізілген соң, таңдаулы тексерулерді алып тастау.




309-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде аумақтарды бүлдiру

Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жерлердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн ретке келтiруге шаралар қолданбау –


ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

309-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде аумақтарды бүлдiру

Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жерлердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн ретке келтiруге шаралар қолданбау –


ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау