| 148-бап. Тексеру жүргiзу мерзiмдерi
Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – бес жұмыс күнінен, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын тексерілетін субъектілер үшін отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс, оған Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген, салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайлар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында жүргізілетін тексерулер кірмейді, олар үшін салалық ерекшеліктер ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күніне дейін болатын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
2) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
3) құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық күрделілігін ескере отырып:
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің төрт сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің сегіз сағатына дейін ұзартылатын мерзімдер белгіленеді.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерудi жүргiзу кезiндегi жекелеген жағдайларды және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемiнiң едәуір болуына байланысты тексеру жүргiзудiң мерзiмiн бақылау және қадағалау органының басшысы (не оны алмастыратын адам) отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге бiр рет қана ұзарта алады.
Тексеру мерзiмдерi ұзартылған жағдайда, мемлекеттiк орган мiндеттi түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркей отырып, тексерудi ұзарту туралы қосымша акт ресiмдейдi, онда тексерудi тағайындау туралы алдыңғы актiнiң тiркеу нөмiрi мен тіркелген күнi және ұзарту себебi көрсетiледi.
Тексеру бiр айдан аспайтын мерзiмге бiр рет тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Тексеру жүргізу шеңберінде шет мемлекеттерден елеулi мәнi бар мәлiметтер мен құжаттарды алу, осы бапта көрсетілгеннен асатын мерзiмдерде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған жағдайларда, тексеру жүргiзу мерзiмi оларды алғанға не орындағанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Тексерiлетiн субъектiнi тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, тексерудi тоқтата тұруға не қайта бастауға дейiн бiр күн бұрын жүргiзiледi.
Тексерудi тоқтата тұру немесе қайта бастау кезiнде тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығарылады.
Тоқтатыла тұрған тексерудi жүргiзу мерзiмiн есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
Тоқтатыла тұрған және осы бапта белгiленген мерзiмдерде қайта басталмаған тексеру бойынша тексерiлетiн субъектiнi тексерудi қайта жүргiзуге жол берiлмейдi.
Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзудiң, ұзартудың және тоқтата тұрудың тәртiбi мен мерзiмдерiнiң ерекшелiктерi "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.
| 148 бап. Тексерілетін субъектіге (объектіге) барумен тексеру және алдын ала бақылау мерзімдері
1. Тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргізу мерзімі жұмыс көлемін, сонымен қатар алға қойылған міндеттерді есепке алумен айқындалады және:
1) кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін – бір жұмыс күнінен;
2) кіші, орта және ірі кәсіпкеолік субъектілері үшін, сонымен қатар кіші кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын тексерілетін субъектілер үшін
- айрықша тәртіппен және бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен тексерулер жүргізу барысында – 15 жұмыс күнінен көп емес;
- жоспардан тыс тексерулер барысында – 5 жұмыс күнінен көп емес;
3) ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күінене көп емес және бес жұмыс күніне дейін мерзімін ұзартумен;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында құрылыс объектілерінде техникалық күрделілікті есепке ала отырып:
техникалық күрделі объектілерге жатқызылатын - бес жұмыс күнінен көп емес және бес жұмыс күніне дейін мерзімін ұзартумен;
- техникалық күрделі объектілерге жатқызылмайтын – төрт жұмыс сағатынан көп емес және сегіз жұмыс сағатына дейін мерзімін ұзартумен.
2. Тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргізу мерзімі осы баптың 1 тармағында айқындалған мерзімде бақылау және қадағалау органы басшысымен қажет болған жағдайда бір рет қаға ұзартыла алады:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан түскен ақпарат алу;
2) күрделі және (немесе) ұзақ сараптама (талдау, сынақ) жүргізу;
3) тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргізілетін тұлғаның орналасқан орнын анықтау.
Тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау мерзiмдерi ұзартылған жағдайда, мемлекеттiк орган мiндеттi түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркей отырып, тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды ұзарту туралы қосымша акт ресiмдейдi, онда тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау тағайындау туралы алдыңғы актiнiң тiркеу нөмiрi мен тіркелген күнi және ұзарту себебi көрсетiледi.
Тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау мерзiмдерi ұзартылған жағдайда, бақылау және қадағалау органы мiндеттi түрде бұл туралы бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысы немесе оның уәкілетті тұлғасы, жеке тұлға) хабарлайды.
Тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылаудың мерзімін ұзарту туралы хабарлама тапсыру туралы хабарламамен бақылау және қадағалау органымен тапсырыспен пошта жөнелтілімі нысанында жіберіледі немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен электрондық құжат арқылы бақылау және қадағалау субъектісмінің электронды адресіне жіберіледі, егер мұндай адресті бұдан бұрын бақылау жәнке қағалау органына ұсынған жағдайда немесе басқа да қол жетіді тәсілдермен жіберіледі
Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзудiң, ұзартудың және тоқтата тұрудың тәртiбi мен мерзiмдерiнiң ерекшелiктерi "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.
| |