«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте



жүктеу 14,34 Mb.
бет42/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   213

143-бап. Тексеру парақтары


1. Реттеуші орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бірлескен актімен тексеру парақтарын бекітеді.

Бекітілген тексеру парақтары мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.



2. Тексеру парағы бақылау және қадағалау субъектілерінің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптарды ғана қамтиды.

Тексеру қағазы бақылау және қадағалаудың біртекті топтағы субъекттер (объект) үшін құрастырылады.

Біртекті топтағыларға ұқсас талаптарды орындайтын бақылау және қадағалау субъекттері (объект) жатады.

Тексеру қағазының тізімі төмендегі шарт ескеріле отырып құрастырылды:

1) Талап осы кодекстік 132 бабы 2 тармағына сәйкес белгіленеді.

2) тізімге қоршаған ортаға, адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін талаптарды сақтамау кіреді.

3) талап жалпы сипатта бола алмайды және басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемелерді қамтиды.



4) талаптың тұжырымы, барынша қысқа, түсінікті және әр түрлі мағынада түсіндірілмейтіндей болуы керек.

3. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) баруымен тексерілуге және алдын ала бақылауға жатады.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау

Тексеру парақтарының түсінігін нақтылау және тексеру парақтарының талаптар тізімін қалыптастыру үшін жағдайларды анықтау.

Бұл түзету тексеру парақтарын тексеру нәтижелері бойынша әзірленді.

Осылайша, Сарапшылық топ 2016 жылы және 2017 жылы 241 тексеру парақтарын тексерді, олардың ішінде 31 мыңнан астам талаптар болды, олардың 56% астамын қысқарту ұсынылды. Сондай-ақ, тексеру көрсеткендей, кейбір мемлекеттік органдар тексеру парақтарын әзірлеу кезінде келесі бұзушылықтарға жл береді:

тексеру парақтары біртектілік принципі бойынша бөлінген жоқ (санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында 2016 жылы әртүрлі 40 субъект үшін 1 бақылау парағы қабылданған);

көптеген сілтемелік нормалар рұқсат етіледі (санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында 2016 жылы тексеру парағында 60 санитарлық ережеге және 11500-ден астам талап белгіленген ережелерге 83 сілтемелік нормалар анықталды);

талаптар редакциясынан тексеру сәтінде нақты не тексеріліп жатқаны анық емес;

тек бақылау өлшеулерін, сынақтар және талдаулар арқылы тексеруге болатын көптеген процестік сәттер бар.

Осы негізде Кодексте талаптар тізімін қалыптастыру шарттарын егжей-тегжейлі регламенттеу қажеттілігі туындады.




 144-бап. Тексеру түрлерi

1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;
2) ішінара;
3) жоспардан тыс.

Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру – ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру болып табылады
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру – ішінара тексеру болып табылады.

Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындауға негіз болған нақты тексерілетін субъектіге қатысты, тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру – жоспардан тыс тексеру болып табылады.



2. Тексерулер көлемі бойынша:

1) кешенді;

2) тақырыптық болып бөлінеді.

Тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау мәселелерінің кешені бойынша тексеру – кешенді тексеру болып табылады.

Тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру – тақырыптық тексеру болып табылады.

3. Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге:



1) тексеру нәтижесінде және бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;

1-1) жоқ;

2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру қатерінің туындауы туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;

5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;


6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не зиян келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;

7) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алу мақсатында тексерiлетiн субъектi азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;

8) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы тексерілетін субъектінің өтінішіне байланысты қайта тексеру;

9) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;

10) салық төлеушiлердiң өтiнiштерi, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабында айқындалған мәлiметтер мен мәселелер;



12) адамның өміріне, денсаулығына және өмір сүру ортасына қауіп туғызатын, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда, өнімді іріктеу және оның санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері негіздер болып табылады.


144-бап. Тексеру түрлерi

1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;

2) алынып тасталсын;

3) жоспардан тыс.



Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) осм Кодекстің 141 бабының 2 тармағымен айқындалған мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларына қатысты тағайындайтын тексеру – ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру болып табылады.

   Алынып тасталсын

Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындауға негіз болған нақты тексерілетін субъектіге қатысты, тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру – жоспардан тыс тексеру болып табылады.




2. Алынып тасталсын.

3. Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге:

1) тексеру нәтижесінде және бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;

-1) Субъектіні (объект) аралауды қадағалау мен профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау критериясында анықталған және анықталмаған құқық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама (шешім, ескерту) жүзеге асуын бақылау:


Егер субъектіні (объект) екі немесе одан көп анықталған құқық бұзушылықты жоюға байланысты мәліметтерді бермеген болса сондай-ақ, құқық бұзушылықты жоймаған болса;

2) алынып тасталсын;

3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;

5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуроры оның орынбасары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана прокурорлары тапсырмалары;

6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;

7) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алу мақсатында тексерiлетiн субъектi азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;

8) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы тексерілетін субъектінің өтінішіне байланысты қайта тексеру;

9) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;

10) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабында айқындалған мәлiметтер мен мәселелер);



12) алынып тасталсын.




жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау