| 147-бап. Тексерудi жүргiзу тәртiбi
1. Бақылау және қадағалау органы тексеру жүргiзудiң мерзiмдерi мен нысанасын көрсете отырып, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру, ішінара тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы осы тексеру басталғанға дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын тексерiлетiн субъектiге жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Жоспардан тыс тексеру жүргiзу кезiнде, осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 2), 7), 9) және 10) тармақшаларында, 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы осы тексеру басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлауға мiндеттi.
Жоқ
2. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара және жоспардан тыс тексерулер, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, тексерілетін субъектінің (объектінің) ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу қажеттілігі болған жағдайларда, жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүм.
3. Мемлекеттiк органдардың объектiге тексеру үшiн келген лауазымды адамдары:
1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгi қойылған тексерудi тағайындау туралы актiнi;
2) қызметтiк куәлiгiн;
3) қажет болған кезде режимдi объектiлерге баруға арналған құзыреттi органның рұқсатын;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлген, объектiлерге бару үшiн қажет болатын медициналық рұқсаттаманы;
5) тексерілуге жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру парағын көрсетуге мiндеттi.
Тексерудi тағайындау туралы акт тексерiлетiн субъектiге тапсырылған күн – тексеру жүргiзудің басталғаны деп есептеледi.
4. Тексерудi тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартқан немесе тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органы лауазымды адамының тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарға қол жеткiзуiне кедергi келтiрiлген жағдайда, хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы қол қояды.
Тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы бас тарту себебi туралы жазбаша түсiнiктеме берiп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексерудi тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексерудi жүргізбеу үшін негiз болып табылмайды.
5. Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады. Бұл ретте, тексеру жүргiзетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешiмi бойынша өзгеруi мүмкiн, бұл туралы тексерiлетiн субъект және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi орган тексеруді тағайындау туралы актiде көрсетiлмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейiн ауыстыру себебi көрсетiле отырып хабардар етiледi.
6. Тексерілетін субъектіге (объектіге) бір мезгілде бірнеше бақылау және қадағалау органдарының тексеру жүргізуі қажет болған кезде, осы органдардың әрқайсысы тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.
Сол бір мәселелер шеңбері бойынша бірнеше тексерілетін субъектіге (объектіге) бір мезгілде бір бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізуі қажет болған кезде мынадай:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-кассалық машиналардың болуы;
3) акциздік және есептік-бақылау маркаларының болуы және олардың төлнұсқалылығы;
4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және олардың төлнұсқалылығы;
5) лицензияның болуы;
6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
7) көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерудi қоспағанда, осы орган әрбiр тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.
7. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласында ішкі істер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу тәртібінің ерекшеліктері "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында айқындалады.
| 147-бап. Бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау және тексеру жүргізу тәртібі
1. Бақылау және қадағалау органы тексеру жүргiзудiң мерзiмдерi мен нысанасын көрсете отырып, тексеру басталар алдында тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы осы тексеру басталғанға дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күнтізбелік күн бұрын тексерiлетiн субъектiге (заңды тұлға басшысы не болмаса оның уәкілетті тұлғасы, жеке тұлға) жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Жоспардан тыс тексеру жүргiзу кезiнде, осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 3), 4) және 9) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы осы тексеру басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлауға мiндеттi.
Тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылаудың басталуы туралы хабарлама тапсыру туралы хабарламамен бақылау және қадағалау органымен тапсырыспен пошта жөнелтілімі нысанында жіберіледі немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен электрондық құжат арқылы бақылау және қадағалау субъектісмінің электронды адресіне жіберіледі, егер мұндай адресті бұдан бұрын бақылау жәнке қағалау органына ұсынған жағдайда немесе басқа да қол жетіді тәсілдермен жіберіледі.
2. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара және жоспардан тыс тексерулер, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, тексерілетін субъектінің (объектінің) ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу қажеттілігі болған жағдайларда, жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
3. Мемлекеттiк органдардың объектiге тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау үшiн келген лауазымды адамдары:
1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгi қойылған тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды тағайындау туралы актiнi;
2) қызметтiк куәлiгiн;
3) қажет болған кезде режимдi объектiлерге баруға арналған құзыреттi органның рұқсатын;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлген, объектiлерге бару үшiн қажет болатын медициналық рұқсаттаманы;
5) тексерілуге немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауға жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау парағын көрсетуге мiндеттi.
Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды тағайындау туралы акт тексерiлетiн субъектiге тапсырылған күн – тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзудің басталғаны деп есептеледi.
4. Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартқан немесе тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органы лауазымды адамының тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзуге қажеттi материалдарға қол жеткiзуiне кедергi келтiрiлген жағдайда, хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы қол қояды.
Тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы бас тарту себебi туралы жазбаша түсiнiктеме берiп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды жүргізбеу үшін негiз болып табылмайды.
5. Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзе алады. Бұл ретте, тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешiмi бойынша өзгеруi мүмкiн, бұл туралы тексерiлетiн субъект және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi орган тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау тағайындау туралы актiде көрсетiлмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейiн ауыстыру себебi көрсетiле отырып хабардар етiледi.
6. Тексерілетін субъектіге (объектіге) бір мезгілде бірнеше бақылау және қадағалау органдарының тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргізуі қажет болған кезде, осы органдардың әрқайсысы тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.
Сол бір мәселелер шеңбері бойынша бірнеше тексерілетін субъектіге (объектіге) бір мезгілде бір бақылау және қадағалау органының тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргізуі қажет болған кезде мынадай:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою.
) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-кассалық машиналардың болуы;
3) акциздік және есептік-бақылау маркаларының болуы және олардың төлнұсқалылығы;
4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және олардың төлнұсқалылығы;
5) лицензияның болуы;
6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
7) көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі
7. алынып тасталсын.
| |