| 154-бап. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының тексерiлетiн субъектiлерге бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде:
…
2) қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы актiге қоса тіркеу үшiн алуға, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуге;
…
2. Бақылау және қадағалау органдарының тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтiнiш жасауға тыйым салынады.
3. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде:
…
2) тексерудi осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiзде және тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;
3) тексерiлетiн субъектiлердiң белгiленген жұмыс режимiне тексеру жүргiзу кезеңiнде кедергi келтірмеуге;
…
5) тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiнiң қатысуына кедергi келтiрмеуге, тексеру нысанасына жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер беруге;
6) тексерiлетiн субъектiге тексеру жүргiзу кезiнде оның нысанасына қатысты қажеттi ақпарат беруге;
7) тексеру аяқталған күнi не "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi тексерiлетiн субъектiге тапсыруға;
8) тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған құжаттардың және мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
| 154-бап. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының тексерiлетiн субъектiлерге бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде:
…
2) қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау нәтижелерi туралы актiге қоса тіркеу үшiн алуға, сондай-ақ тексерудiң немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылаудың мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуге;
…
2. Бақылау және қадағалау органдарының тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарына тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтiнiш жасауға тыйым салынады.
3. Тексерiлетiн субъектiлердiң белгiленген жұмыс режимiне тексеру жүргiзу кезеңiнде кедергi келтірмеуге:
…
2) тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiзде және тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;
3) тексерiлетiн немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақыланатын субъектiлердiң белгiленген жұмыс режимiне тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзу кезеңiнде кедергi келтірмеуге;
…
5) тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзу кезiнде тексерiлетiн немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақыланатын субъектiнiң қатысуына кедергi келтiрмеуге, тексеру нысанасына жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер беруге;
6) тексерiлетiн немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақыланатын субъектiге тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзу кезiнде оның нысанасына қатысты қажеттi ақпарат беруге;
7) тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау аяқталған күнi не "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзiлген тексерудiң немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау нәтижелерi туралы актiнi тексерiлетiн субъектiге тапсыруға;
8) тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзу нәтижесiнде алынған құжаттардың және мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
| Мемлекеттік бақылау және қадағалау Таңдамалы тексерулер алып тасталған профилактикалық бақылауды енгізумен байланысты редакциялық түзету |