«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығы


Экожүйелерді сақтап қалу және тиімді басқару



жүктеу 2,99 Mb.
бет17/17
Дата20.05.2018
өлшемі2,99 Mb.
#15127
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
3.7. Экожүйелерді сақтап қалу және тиімді басқару

 

Табиғи экожүйенің маңыздылығын және экономикалық әлеуетті көтеру мақсатында оларды кешенді басқару орнықты даму қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.



1) Орман шаруашылығын басқару. Қазақстанда 28,78 млн. га орман бар, олардан 1,5 млн. текше м. сүрек өндіріледі. Орман алқаптарының алаңы көптеген жылдар бойы қысқарып келді және әсіресе заңсыз кесу, орман өрттері мен жердің пайдалану мақсатын ауыстыру салдарынан осы активтердің ұзақ мерзімді құны төмендеді. Ормандар ылғал сақтау, көмірқышқыл газын ұстап тұру және топырақты тұрақтандыру сияқты маңызды қасиетін едәуір дәрежеде жоғалтты. Орман ресурстарын тиімді сақтауға, ормансыздануды қатаң бақылауға, орман шаруашылығын басқарудың заманауи әдістерін енгізуге және елдегі тиісті дағдыларды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру қажет.

2) Балық шаруашылығын басқару. Балық аулау көлемі 1960 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғанда 111,9 мың тоннадан 68,6 мың тоннаға дейін қысқарды, ал 2010 жылдан бастап бұл көрсеткіштің төмендеуі тағы 51,7 мың тоннаны құрады. Балық саласында жұмыс істейтіндердің саны 40 жылдардағы 110 мыңнан 4-5 мың адамға дейін қысқарды. Негізінен, бұл қысқару Арал теңізінің тартылуына байланысты; басқа факторлар - балықты шектен тыс аулау, өзен суын ластау және артығымен алып қою. Ел 10-20 жылда балық шаруашылығын табысты түрде қалпына келтірген көптеген мысалдар бар. Жекелеген кәсіпшілік объектілер санының қысқару үрдісі жағдайында кәсіптік балық аулау кәсіпшілігі үшін оның баламасы тауарлы балық шаруашылығының дамуы болып табылады. Сондықтан, балық аулаушылықтан тауарлы балық шаруашылығына ақырындап қайта бағдарлану табиғи су айдындарының балық ресурстарынан кәсіптік қыспақты алып тастауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде тауарлы балық шаруашылығы мультипликативтік әлеуметтік-экономикалық әсер береді. Сөйтіп, тауарлы балық шаруашылығын дамыту бойынша іскерлік белсенділіктің өсуі, әсіресе ауылдық өңірлерде қосымша жұмыс орындарының құрылуына жәрдемін тигізеді.

3) Тірі табиғатты басқару. Қазақстанның эндемикалық тірі табиғаты бірегей және туристер үшін тартымды объектіні және ет өнімдерінің көзін (аң аулау арқылы және т.б.) білдіреді. Қазіргі уақытта Қазақстанда аң аулау көп емес, бірақ өте табысты сектор. Республикада экономиканың олар үшін жаңа салаларына - орнықты аң аулау мен спорттық балық аулауды дамытуға, экотруизмді дамытуға, фото-сафари ұйымдастыруға, торда және жартылай еркіндікте ұстау жағдайында жабайы жануарлардың өсімін молайтуға және басқаларына инвестициялар салу мүмкіндігіне тартылған аң аулаушылардың көп саны пайда болды, бұл іс жүзінде «жасыл» инвестиция болып табылады. Аң аулау шаруашылығын жүргізумен 700-ге жуық пайдаланушылар айналысуда, олар 2012 жылы аңшылық шаруашылықтарын дамытуға 1415,3 млн. теңге жіберді, оның ішінде егерлік қызметті күтіп-ұстауға 1229,2 млн. теңге, биотехникалық іс-шараларға 239,9 млн. теңге. 2012 жылы республикалық бюджетке жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ретінде 145,3 млн. теңге түсті. Қазақстан экологиялық және аңшылық туризмді дамыту мен ұсыну үшін бірегей мүмкіндікке ие. Орнықты аңшылық туризмді экономикалық пайданы ұлғайту үшін кәсіби негізге қоюға болады.

4) Экологиялық туризм. Қазақстанның ғажайып пейзаждары елдің негізгі туристік активтерінің бірі болып саналады. Қазіргі уақытта Қазақстан байланыс пен инфрақұрылымды (туристерге арналған тұрғын үй, көлік, қызмет көрсету саласы) белсенді түрде дамытуда, алайда, осыған байланысты - әсіресе, қысқа мерзімді перспективада - экотуризмге арналған ландшафтарды сақтап қалу бірден-бір шарт болып табылады.

 

 



4. «Жасыл экономикаға» көшу үшін кадрлық қамтамасыз ету және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

 

Тұжырымдаманы ойдағыдай іске асыру үшін, тиісті оқудан өткен инженер-техник кадрлар мен басқарушы персонал даярлауды қоса алғанда, кадр ресурстарының, дағдылар мен білімнің жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажет.



Бұған қол жеткізу үшін мынадай бағыттар бойынша шараларды көздеу қажет:

1) қоршаған ортаны қорғау және ресурстардың өнімділігі мәселелері бойынша инженерлердің жеткілікті санын оқыту:

оқу жоспарында инженер мамандықтарының барлық студенттері үшін қоршаған ортаны қорғау және ресурстардың өнімділігі мәселелеріне елеулі көңіл бөлінуі тиіс. ЭЫДҰ елдерінің көпшілігінде бұл практика қазірдің өзінде қолданылуда. Қазақстан экономикасы табиғи ресурстардың елеулі көлемін тұтынатындықтан, бұл шешім ел үшін басқа елдерге қарағанда неғұрлым маңызды болып табылады;

инженерлердің санын едәуір көбейту қажет. Бүгінгі таңда білікті инженерлер жетіспейді және осы кадр олқылығын толтыру үшін білім беру мекемелерінің тиісті факультеттеріндегі орын сандарын ұлғайту қажет;

2) Қазіргі инженерлерді, басқару органдарының өкілдері мен фермерлерді өндірістік оқыту және қайта даярлау. Энергия тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы және ресурстарды басқару саласында Қазақстан бүгінгі таңда жұмыс істейтін мыңдаған басқарушылардың, инженерлер мен фермерлердің дағдыларын дамыту мүмкіндігін қарастыра алады.

Келесі қажетті шарт - қалың бұқараны қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа эко-мәдениетке тәрбиелеу. Халық арасында энергияны, суды және басқа да табиғат ресурстарын пайдалануға жауапкершілікпен әрі үнемшілдікпен қарауды қалыптастырып, тұрмыстық қалдықтарды одан әрі өңдеу үшін оларды бөлек жинау әдетін сіңіру қажет;

3) қоршаған ортаны қорғауға байланысты тақырыптарды білім беру ұйымдарының оқу жоспарларына толыққанды енгізу. Бұл өскелең ұрпақтың табиғи ресурстарға ұқыпты қарау мәдениетін тәрбиелеуге мүмкіндік береді және қосымша пайда әкеледі;

4) сонымен қатар халықтың ресурстарды пайдалану мәселелері мен экологиялық проблемалар туралы хабардар етілуін арттыру үшін кең ауқымды коммуникациялық науқан мен білім беру бағдарламаларын жүргізу қажет. Мұндай шаралар жылыту және мұздату жүйелерін пайдалануға, қалдықтарды кәдеге жаратуға және су пайдалануға қатысты мінез-құлық модельдерін өзгертуге ықпал етуі тиіс.

 

 



5. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құру

 

«Жасыл экономикаға» көшуді үйлестіру мен бақылау үшін Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құрылатын болады. Аталған Кеңес әр үш жыл сайын «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі ұлттық баяндаманы қарайтын болады.



Мұндай орган құру - мемлекеттік сектордағы кең ауқымды жаңартуларды іске асыру тетігі. Мысалы, мұндай тәсіл Тайванда, Ұлыбританияда, Кореяда және Бахрейнде табысты пайдаланылды (23-сурет).

 

23-сурет. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі мемлекеттік орган құру мысалдары



 

 

 



6. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері

 

Экономиканың ресурстық секторларында активтерді жаңарту циклі біршама уақыт алады, ал экономикасы табиғи пайдалы қазбаларды өндіруге бағдарланған елдерде таза экономикаға көшуге ондаған жылдар жұмсалады. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан да одан тыс қалмайды.



Осыған байланысты «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңмен жүзеге асырылады:

2013-2020 - осы кезеңде мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру болады;

2020-2030 - қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым базасында суды ұқыпты пайдалануға, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуды көтермелеп, ынталандыруға және оны кеңінен пайдалануға, сондай-ақ құрылыстарды энергия тиімділігінің жоғары стандарттарының базасында салуға бағдарланған ұлттық экономиканы жаңарту басталады;

2030-2050 - ұлттық экономиканың табиғи ресурстарды олардың жаңартылуы мен орнықтылығы қағидаттарында пайдалануды талап ететін «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» деп аталатын қағидаттарға көшуі.

 

 



3. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЛЖАНЫП ОТЫРҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ

 

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясының, Стратегия - 2050, «Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиясының» және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының ережелеріне сәйкес іске асырылады.



«Жасыл экономикаға» көшуді іске асыру мәселелері «жасыл экономикаға» көшу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттелетін болады.

Секторлар бойынша Тұжырымдаманың нақты міндеттерін іске асырудың құралдары, кейіннен түзетіліп, ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, құрғақшылыққа, жердің бүлінуіне қарсы күрес және топырақтың құнарлылығын көтеру, балық шаруашылығын, аквадақылдарды дамыту мен балық ресурстарын молықтыру сияқты мәселелерге жаңадан назар аударылатын «Агробизнес - 2020» Қазақстан Республикасында агорөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, аумақтарды дамыту бағдарламасы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы мен басқа да салалық бағдарламалар сияқты, Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ескерілетін, қолданыстағы бағдарламалық құжаттар болып табылады.



Сонымен қатар Су ресурстарын басқару жөніндегі 2014-2040 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу жоспарланып отыр.

 

[1]Қосылған құн бойынша есептеледі (пайда мен табыс төменгі үшінші дақылдарға м3)

[2] Электр энергиясын тұтынудың әртүрін қамтиды

 

 



 

 


жүктеу 2,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау