16-сурет. Сценарийлер бойынша электр энергиясын өндіру үлесі
Біріншіден, электр энергиясын өндірудің орташа құны 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда (нақты айтқанда) 2030 жылы 7-9 теңге/кВт-сағ. және 2050 жылы 10-14 теңге/Вт-сағ. жете отырып, 2030 жылға қарай шамамен екі есеге және 2050 жылға қарай үш есеге өседі деп күтіледі.
Екіншіден, жалпы инвестициялар, оның ішінде энергия тиімділігін арттыру, жаңғырту жөніндегі шараларға, шаң-газ тазартқыш жабдықтарға, жаңа қуаттарды салуға және инфрақұрылымды жасауға жұмсалатын инвестициялар электр энергиясын өндіру технологияларының сценарийі мен эволюциясына байланысты 2030 жылға қарай 40-55 млрд. АҚШ долл. және 2050 жылға қарай 90-130 млрд. АҚШ долл. құрайды.
Үшіншіден, көмір станциялары өндіретін электр энергиясының көлемі барлық сценарийлерде 2030 жылға дейін шамамен бүгінгі деңгейде қалады: 2012 жылғы 70 ТВт-сағ-пен салыстырғанда 2030 жылы 60-75 ТВт-сағ. Энергетикалық сектордың көмірді жылдық тұтыну көлемі жаңғыртылған және негізінен жаңа көмір электр станцияларының тиімділігін арттырудан 50 млн. тоннадан аздап жоғары 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2030 жылы 40-50 млн. тоннаға дейін аздап азаяды.
Төртіншіден, газды электр энергиясын өндіру үшін пайдалану тұтынудың ағымдағы көлемдерімен салыстырғанда екі есе өседі және 2012 жылғы шамамен жылына 4 млрд. м3 болған кездегімен салыстырғанда 2030 жылы жылына 8 млрд. м3-ге жетеді («жасыл» газ станциясында жылына 10 млрд. м3).
Бесіншіден, барлық сценарийлерде атом энергетикасының үлесі 2030 жылы да, 2050 жылы да өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемінің шамамен 7-8%-ын құрайды.
Алтыншыдан, СО2 шығарындыларының көлемі негізінен атом, баламалы энергетиканың дамуынан және электр энергиясын өндіру құрылымындағы газ үлесінің артуынан бүгінгі жылына 90 млн. тоннадан 2030 жылға қарай электр энергиясы өндірісінің екі есе өсуіне қарамастан, жылына 75-85 млн. тоннаға дейін аздап қысқарады.
Мыналар негізгі техникалық іс-шаралар болып табылады:
1) қазіргі бар станциялар бойынша:
жаңғырту кестесі мен шоғырландырушы активтердің қалған қызмет ету мерзімін айқындау үшін 2020 жылға қарай қазіргі бар барлық электр станцияларының техникалық жай-күйіне аудит және энергия аудитін жүргізу;
зиянды заттардың шығарындылары бойынша заманауи стандарттарға қол жеткізу мақсатында 2020 жылға қарай жиынтығында 8,3 ГВт дейін құрайтын қолданыстағы көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын жаңғырту, яғни 2020 жылдан кейін пайдаланылатын қазіргі бар көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының бәрін жаңғыртып, ең алдымен, шаң, күкірт қостотығы мен азот тотығы шығарындыларын ұстап қалу үшін шаң-газ тазартқыш жабдықтарды орнату;
Достарыңызбен бөлісу: |