Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы
Осы Жарлыққа түсіндірмені қараңыз
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуін қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері:
1) өз қызметінде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі қабылдайтын құжаттардың Тұжырымдамамен үйлесуін қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
|
Н. НАЗАРБАЕВ
|
Астана, Ақорда, 2013 жылғы мамырдың 30-ы.
№ 577
Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 577 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
«жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі
ТҰЖЫРЫМДАМА
Астана, 2013 жыл
Мазмұны
І. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі пайым
1. Ағымдағы ахуалды талдау
2. Тұжырымдаманы қабылдау қажеттігінің негіздемесі
3. Мақсаттар мен міндеттер
ІІ. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі қағидаттар мен жалпы тәсілдер
1. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі қағидаттар
2. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі жалпы тәсілдер
2.1. Әлеуметтік даму
2.2. Өңірлік даму
2.3. Инвестицияларға қажеттілік
3. Секторлар бойынша «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі жалпы тәсілдер
3.1. Су ресурстарын орнықты пайдалану
3.2. Орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту
3.3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
3.4. Электр энергетикасын дамыту
3.5. Қалдықтарды басқару жүйесі
3.6. Ауаның ластануын азайту
3.7. Экожүйелерді сақтап қалу және тиімді басқару
4. «Жасыл экономикаға» көшу үшін кадрлық қамтамасыз ету және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
5. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құру
6. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері
ІІІ. Тұжырымдаманы іске асыру болжанып отырған нормативтік құқықтық және өзге де актілердің тізбесі
І. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі пайым
Қабылданған «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (бұдан әрі - Стратегия - 2050) елдің «жасыл» даму жолына көшуіне негізделген экономиканың орнықты әрі тиімді моделін құрудың нақты бағдарын белгілеп берді.
«Жасыл экономика» халықтың өмір сүру деңгейі жоғары болатын, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесінде және елдің қабылдаған халықаралық экологиялық міндеттемелеріне, оның ішінде Рио-де-Жанейро қағидаттарына, ХХІ ғасырға арналған күн тәртібіне, Йоханнесбург жоспарына және Мыңжылдықтар декларациясына сәйкес табиғи ресурстар ұқыпты әрі ұтымды пайдаланылатын экономика ретінде айқындалады.
«Жасыл экономика» еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. «Жасыл экономикаға» көшу Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөнінде қойылған мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономика» шеңберіндегі жаңартулар ЖІӨ-ні 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, «жасыл экономикаға» көшу үшін қажетті инвестициялар көлемі жыл сайын ЖІӨ-нің шамамен 1%-ын құрайды, бұл жылына 3-4 миллиард АҚШ долларына тең.
1. Ағымдағы ахуалды талдау
«Жасыл экономикаға» көшудің алғышарттары ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
1. Негізгі секторлардың бәрінде де ресурстардың тиімсіз пайдаланылатыны байқалып отыр. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл экономика үшін жыл сайын 4-8 млрд. АҚШ доллары болатын қолдан шығарып алған пайдаға әкеп соқтырады, ал бұл 2030 жылға қарай 14 млрд. АҚШ долларын құрауы мүмкін.
Бұл ретте энергия тұтынуды үнемдеу әлеуеті жылына 3-4 млрд. АҚШ долларын құрайды, ал 2030 жылға қарай бұл цифрлар жылына 6-10 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі мүмкін.
Жер шығымдылығының төмен болуының нәтижесінде орын алған экономикалық шығын жылына 1,5-4 млрд. АҚШ долларын құрайды, ал 2030 жылға қарай одан да көбейе түсуі мүмкін, мұның өзі Солтүстік Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан сияқты облыстарда халықтың 30-45%-ы жұмыс істейтін аграрлық сектор үшін әлеуметтік зардаптар әкелуі мүмкін.
2. Энергия ресурстарына тариф және баға белгілеу жүйесінің жетілдірілмеуі өнеркәсіпті технологиялық жетілдіру үшін түрткі болмайды.
3. Қазіргі уақытта Қазақстан неғұрлым маңызды экологиялық көрсеткіштердің бәрі бойынша табиғи ресурстар мен қоршаған ортаның жай-күйінің айтарлықтай нашарлауы проблемасымен бепте-бет келді.
Ауыл шаруашылығы жерлерінің шамамен үштен бірі тозған немесе елеулі қауіп төніп тұр, ал әлеуетті егістік жерлердің 10 миллион гектардан астамы өткен кезеңде қараусыз қалған.
Қазіргі кезде экономика қажеттілігін қанағаттандыру үшін 2030 жылға қарай орнықты су ресурстарының 13-14 млрд. м3 көлеміндегі тапшылығы орын алады деп болжанып отыр.
Қоршаған ортаның ластануы адамдардың денсаулығына айтарлықтай келеңсіз әсерін тигізеді. Халықаралық зерттеулерге сәйкес қорғасынның шамадан тыс әсер етуінің нәтижесінде 10 жасқа толмаған 40 000-ға жуық бала тұрақты неврологиялық ауруларға шалдыққан. Орталық және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің арасында қоршаған ортаның органикалық заттармен ластануының жалпы көлемі бойынша Қазақстан екінші орында.
Қалаларда ауаның ластануының жоғары деңгейі байқалып отыр, қатты бөлшектердің шоғырлану деңгейі Еуропалық Одақтағы осындай көрсеткіштерден он еселеп асып түседі. Бағалауға сәйкес, ауаның ластануы жылына 6 мыңға дейінгі мезгілсіз өлімнің себебі болып табылады.
Қалдықтарды басқарудың интеграцияланған жүйесі жоқ. Коммуналдық-тұрмыстық қатты қалдықтардың 97%-ы санитариялық талаптарға жауап бермейтін бақыланбайтын үйінділер мен қалдықтар көмілетін жерлерге шығарылады. Сонымен қатар өнеркәсіптің тарихи уытты және радиоактивті қалдықтары да маңызды проблема болып табылады.
Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудан қолдан шығарып алатын пайда 2030 жылға қарай 7 млрд. дейін АҚШ долларын құрауы мүмкін.
4. Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы шикізат ресурстарының экспортына тәуелді және сондықтан да шикізат нарықтарындағы бағалардың сыртқы күрт құбылуының әсеріне ұшырауға бейім. Қазақстан 2030 және 2040 жылдар аралығындағы кезеңде мұнай өндіру мен экспорттаудың ең жоғары деңгейіне қол жеткізеді. Бұдан басқа, көмірсутектердің бағасы деңгейіндегі белгісіздік тым жоғары. Халықаралық энергетикалық агенттік пен АҚШ Энергетика жөніндегі ақпараттық агенттігінің бағалауы бойынша, 2035 жылға дейін мұнай бағасы бір баррель үшін 50-ден 200 АҚШ долларына дейінгі аралықта болуы мүмкін.
5. Қазақстанға экономикалық көрсеткіштердегі, өмір сүру деңгейіндегі және қоршаған ортаның жай-күйіндегі аумақтық елеулі әртүрлілік мұра болып қалған. Жаңа индустриялар мен «жасыл кластерлерді» дамыту өңірлердің дамуындағы теңсіздікті азайтып, олардың әлеуетін жаңартылатын энергетикада, ауыл шаруашылығында, су ресурстарын басқаруда, қалдықтарды кәдеге жарату мен басқа да секторларда пайдалануға мүмкіндік береді.
«Жасыл экономика» өңірлік дамуды ынталандырып, «жасыл экономика» секторларында жаңа жұмыс орындарын құру есебінен әлеуметтік орнықтылыққа, экономикалық әлеуетті ұлғайтуға ықпал ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Мысалы, Бразилияда топырақты күтіп ұстаудың, ауыл шаруашылығы өнімдерін жинаудың және жеткізу тізбегін басқарудың жетілдірілген жүйесі есебінен ауыл шаруашылығы жерлері қалпына келтіру жүргізілді. Немістің Дортмунд қаласы көмір индустриясы орталығынан «Үшінші индустриялық төңкеріс» инфрақұрылымы бар жаңа «жасыл» сектор орталығына айналды.
6. Орталық Азия және әлемнің басқа да өңірлеріндегі орнықты дамуға жәрдемдесу үшін әлемдік қоғамдастық Қазақстанның нысаналы жобаларды: «Болашақтың энергиясы» атты ЭКСПО-2017 көрмесі мен «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын сәтті іске асыруына үміт артып отыр. Өңірдің Моңғолия, Қытай және Оңтүстік Корея сияқты елдері өз елдерінің президенттері жария еткен өршіл «жасыл экономика» жоспарларын жүзеге асыруды бастады. Айталық, Оңтүстік Корея бүгіннің өзінде жыл сайын «жасыл» секторға ЖІӨ-нің 2%-ын инвестициялайды, ал Қытай инвестициялары ЖІӨ-нің 1,5%-ы деңгейінде, ал 2015 жылға қарай 2%-ға дейін ұлғайтуды межелеп отыр.
2. Тұжырымдаманы қабылдау қажеттігінің негіздемесі
Экономикалық өсудің «жасыл бағытына» көшу мақсатында Тұжырымдаманы қабылдау бұрынғыдан да өзекті болып отыр.
Біріншіден, таяудағы 20 жыл ішінде Қазақстанда инфрақұрылымды айтарлықтай жаңарту және дамыту жүргізіледі: аталған активтердің жалпы көлемінен ғимараттардың 55 пайызы мен электр станцияларының 40 пайызы 2030 жылға қарай жаңадан салынады. Сонымен қатар автокөлік паркінің 80 пайыздан астамы 2030 жылға қарай жаңа болады. Ел үшін ресурстарды тиімді пайдаланатын жаңа инфрақұрылым құрудың бірегей мүмкіндігі туындайды. Олай болмаған жағдайда, қандай да бір іс-әрекет жасалмаса, ел жуық арада ескірген әрі бәсекеге қабілетсіз инфрақұрылым проблемасымен бетпе-бет келеді.
Екіншіден, «жасыл» технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам өсуде және баламалы энергетиканың көптеген технологиялары таяудағы болашақта дәстүрлі көздермен салыстырғанда электр энергиясы өндірісінің неғұрлым шығынсыз тәсілдерін ұсынады.
Ақыр аяғында, бүгінгі күннің өзінде-ақ мемлекеттік саясат саласында жаңарулардың жоғары қарқыны белгіленіп қойды. Стратегия-2050 мен басқа да стратегиялық бағдарламалар өршіл мақсаттар қояды:
электр энергетикасында: баламалы және жаңартылатын электр энергиясының үлесі 2050 жылға қарай 50 пайызға жетуге тиіс;
энергия тиімділігінде 2008 жылғы бастапқы деңгеймен салыстырғанда, 2015 жылға қарай ЖІӨ-нің энергияны қажетсінуін 10 пайызға және 2020 жылға қарай 25 пайызға азайту жөніндегі міндет тұр;
су ресурстары бойынша 2020 жылға қарай халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және 2040 жылға қарай ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу жөніндегі міндет тұр;
ауыл шаруашылығында 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін 1,5 есе көтеру міндеті тұр.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу Қазақстан экономикасын дамытудың қазіргі траекториясын айтарлықтай өзгертуді талап етеді, соның нәтижесінде 2030 жылға қарай ел су және жер ресурстарын қалпына келтіріп, табиғи капиталды пайдалану тиімділігінің орташа көрсеткіштері жағынан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі - ЭЫДҰ) қатысушы елдермен және басқа да дамыған елдермен теңесе алады.
3. Мақсаттар мен міндеттер
Бұл Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан халқының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру және елдің әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруі арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктеме мен табиғи ресурстардың тозуын барынша азайта отырып, «жасыл экономикаға» көшу мақсатында терең жүйелі жаңартулар үшін негіз қалайды.
Қазақстандағы 2050 жылға дейінгі секторалдық және ресурстық ұзақ мерзімді индикаторлардың көпшілігіне қатысты алда тұрған мақсаттар мейлінше жоғары, сондықтан олардың басым бөлігі Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде ескерілді, уақыт шегі жағынан неғұрлым таяу көрсеткіштер бөлігінде жетіспейтін көрсеткіштер пысықталды, атап айтқанда (1-сурет):
1-сурет. «Жасыл» экономиканың мақсаттары мен нысаналы индикаторлары (қосымша мақсаттар бөліп көрсетілген)
Сектор
|
Мақсаттың сипаты
|
2020 ж.
|
2030 ж.
|
2050 ж.
|
Су ресурстары
|
Су ресурстары тапшылығын ұлттық деңгейде жою
|
Халықты сумен қамтамасыз ету
|
Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету (2040 жылға қарай)
|
Сумен қамту проблемасын біржола шешу
|
Су ресурстары тапшылығын бассейндер деңгейінде жою
|
Жалпы бассейндер бойынша барынша жылдам тапшылықты жабу
(2025 жылға қарай)
|
Әрбір бассейн бойынша тапшылықтың жоқтығы
|
|
Ауыл шаруашылығы
|
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі
|
3 есе ұлғаюы
|
|
|
Бидайдың шығымдылығы (т/га)
|
1,4
|
2,0
|
|
Суғаруға жұмсалатын су шығындары (м3/т)
|
450
|
330
|
|
Энергия тиімділігі
|
2008 жылғы деңгейден ЖІӨ-нің энергия қажетсінуді төмендету
|
25%
(2015 жылға қарай 10%)
|
30%
|
50%
|
Электр энергетикасы
|
Электр энергияны өндірудегі баламалы көздердің1 үлесі
|
Күн және жел: 2020 жылға қарай 3% кем емес
|
30%
|
50%
|
Электр энергияны өндірудегі газ электр станцияларының үлесі
|
20%2
|
25%2
|
30%
|
Өңірлерді газдандыру
|
Ақмола және Қарағанды облыстары
|
Солтүстік және Шығыс облыстар
|
|
Электр энергетикадағы көмірқышқыл шығарындыларының ағымдағы деңгейіне қатысты азайту
|
2012 жылғы деңгей
|
-15%
|
-40%
|
Ауаның ластануы
|
Қоршаған ортаға күкірт және азот оксидінің шығарындылары
|
|
Шығарындылардың еуропалық деңгейі
|
|
Қалдықтарды кәдеге жарату
|
Халықты қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен жабу
|
|
100%
|
|
Қоқысты санитарлық сақтау
|
|
95%
|
|
Өңделген қалдықтар үлесі
|
|
40%
|
50%
|
Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:
1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;
2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;
3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;
4) ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады.
[1] Күн электр станциялары, жел электр станциялары, гидроэлектростанциялары, атом электр станциялары
[2] Газдың қол жетімді көлемінің және тиімді газдың бағасы болған жағдайда, ірі қалаларда жылу электр станцияларын газға ауыстырумен
ІІ. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі қағидаттар мен жалпы тәсілдер
1. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі қағидаттар
«Жасыл экономикаға» көшу мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) ресурстардың өнімділігін арттыру: ресурстардың өнімділігі (су, жер, энергетика ресурстарының бір бірлігіне, парниктік газдар шығарындыларының бір бірлігіне және т.б. шаққандағы ЖІӨ ретінде айқындалады) орталық экономикалық көрсеткішке айналуға тиіс, өйткені бұл параметр қоршаған ортаға жүктемені барынша төмендете отырып, еліміздің құн жасау қабілетін бағалайды;
2) ресурстарды пайдалану үшін жауапкершілік: ресурстарды орнықты тұтыну қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу мен бақылау үшін мемлекеттік биліктің барлық деңгейіндегі жауапкершілікті арттыру қажет;
3) неғұрлым тиімді технологияларды пайдалана отырып экономиканы жаңғырту: Қазақстан шамамен таяудағы 20 жылда ЖІӨ-ні, өнеркәсіптік өндіріс көлемін және инфрақұрылым объектілерінің санын бірнеше есеге еселейді. Бұл жаңартулар экономикада мүлдем жаңа шешімдерді қолдану мүмкіндігін ашады: бұл жаңа технологиялар, өндірістің тұйық циклімен интеграцияланған жүйелер немесе электр энергиясын өндірудің «Үшінші индустриялық төңкеріс» шеңберіндегі инновациялық тәсілдері болуы мүмкін;
4) ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі іс-шаралардың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету: ресурстарды тұтынушы салаларды субсидиялау, көбіне, мұндай субсидиялау тиімсіз тұтынуға әкеп соғатындықтан, оларды қысқарту мақсатында ресурстар нарықтарында әділ тариф және баға белгілеуді қамтамасыз ету қажет;
5) бірінші кезекте рентабельді іс-шараларды іске асыру: экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар экономикалық пайда алуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бастамаларға басымдық беріледі;
6) бизнес пен халық арасында оқыту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру: білім беру және кадрлар даярлау жүйесіндегі ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау туралы қолда бар білім беру бағдарламаларын жетілдіріп, жаңаларын әзірлеу қажет.
2. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі жалпы тәсілдер
2.1. Әлеуметтік даму
«Жасыл экономикаға» көшудің әлеуметтік аспектісі Қазақстан экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік беретін бес өнеркәсіптік кластерде жаңа жұмыс орындарын құрудан көрініс табады:
«Жасыл» құрылыс: Құрылыс секторын дамытудың ағымдағы серпіні 2030 жылға қарай жаңа ғимараттардың бүгінгі таңда бүкіл тұрғын үй қорын құрап отырғандай саны салынатынын көрсетіп отыр. Бұл ретте Қазақстан терезе, жылу өткізбейтін материалдар, мыс құбырлар сияқты көптеген негізгі құрылыс материалдарын импортқа шығарады. Егер ұлттық кәсіпорындар осындай өнімнің 50% өндірсе, бұл 2030 жылға қарай 150 мыңға дейін жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы. Бұл Тұжырымдаманы іске асыру ауыл шаруашылығы индустриясында шамамен 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жайылымдар мен ауыл шаруашылығы алқаптарының алаңын кеңейту есебінен 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру межеленіп отыр, жылыжай шаруашылығын кеңейту есебінен қосымша 50 мың жұмыс орны құрылмақ. Сонымен қатар 200 мыңнан астам қосалқы жұмыс орны, тамақ өнімдерін қоса алғанда, қосылған құнның бүкіл тізбегін дамыту есебінен пайда болады.
Электр энергетикасындағы жаңа технологиялар. Электр энергетикасына салынатын 2030 жылға қарай 50 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі және 2050 жылға қарай 100 млрд. АҚШ долларына жуық айтарлықтай инвестициялар ғылыми, инженерлік, техникалық немесе құрылыс мамандықтары бар адамдарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін береді. Аталған инвестициялардың - 50%-ға дейінгі қомақты үлесі энергияның баламалы көздеріне тиесілі, сондықтан жаңа жұмыс орындары жаңартылатын энергетиканың жоғары технологиялы секторында құрылады.
Тұйық цикл жағдайында қалдықтарды басқару мен кәдеге жарату және материалдарды өңдеу. Дүниежүзілік практика көрсетіп отырғандай, қалдықтарды басқару мен кәдеге жарату секторында негізінен техникалық мамандықтағы немесе жалпы бейіндегі кадрлық ресурстардың көп саны тартылады. Қазақстанда әртүрлі қалдық түрлерін жинаумен және өңдеумен айналысатын кәсіпорындар құру 2030 жылға қарай 8 мың жаңа жұмыс орнын құруы мүмкін.
Су ресурстарын басқару және коммуналдық сумен жабдықтау және су бұру. Сарқынды суларды өңдеу жөніндегі кәсіпорындарда және суару секторында 3 мыңнан 8 мыңға дейінгі жаңа жұмыс орны құрылатын болады; сонымен қатар жаңа инфрақұрылым объектілерін салу кезеңінде уақытша бос жұмыс орындарын құруға болады.
2.2. Өңірлік даму
Қазақстанның экономикалық дамуы қалалар маңында және негізгі өндіруші өндірістерде шоғырланған. «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы өңірлік теңгерімсіздікті жоюға мүмкіндік береді.
Біріншіден, ауыл шаруашылығын жүргізудің заманауи әдістерін енгізу және жасыл технологияларды пайдалану ауыл шаруашылығының өнімділігін едәуір арттырады, бірқатар өңірлердің экономикасы нақ соған тәуелді.
Екіншіден, электр энергиясының төмен бағасын қамтамасыз ете отырып, шалғайдағы аудандарды жаңартылатын энергия көздері есебінен энергиямен жабдықтау жылыжай шаруашылығы мен жайлауда мал бағу шаруашылығы сияқты жаңа өндірістерді құрып, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, су және жер ресурстарын сақтау жөніндегі қызметтің тиімділігінің артуына қарай өңірлерде балық аулау және мал шаруашылығы сияқты қызметтің негізгі түрлерін дамытуға жаңа серпін береді.
2.3. Инвестицияларға қажеттілік
Қазіргі сәттен бастап 2050 жылға дейін Тұжырымдаманы іске асыру үшін қажетті инвестициялардың жиынтық мөлшері жыл сайын орта есеппен 3-4 млрд. АҚШ долл. құрайды. 2020 - 2024 жылдар аралығындағы кезеңде инвестициялардың ең жоғары жыл сайынғы көлемі ЖІӨ-нің 1,8%-ына тең болады, ал 2050 жылға дейін инвестициялар орта есеппен ЖІӨ-нің 1%-ына жуық болмақ (2-сурет). Бұл ретте инвестициялардың қомақты үлесі жеке инвесторлардың қаражаты есебінен тартылатын болады.
2-сурет. ЖІӨ-ге қатысты пайызбен инвестицияларға қажеттілік
Бұл көлемнің негізгі қаражаты - 90 млрд. АҚШ долларынан сәл астамы немесе инвестициялардың жалпы көлемінің ¾-і 2050 жылға дейінгі бүкіл кезеңде энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға және энергияның жаңартылатын көздерін дамытуға, сондай-ақ газ инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады. Ауыл шаруашылығын дамыту, су ресурстары мен қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар қаржыландыруды онша талап ете бермейді (3-сурет).
3-сурет. Секторлар бөлінісінде инвестицияларға қажеттілік
Достарыңызбен бөлісу: |