Энергетикалық секторды дамытудың кешенді сценарийлері
Энергетика секторын дамытудың үш сценарийі болуы мүмкін. Сценарийлердің сипаттамаларын айқындайтын факторлар:
1. Энергия тиімділігін артыру жөніндегі шараларды қабылдау есебінен электр энергиясын тұтынуды азайту (электр энергиясына деген сұранысты дамытудың осы бөлімде бұрын сипатталған базалық және «жасыл» сценарийлері ескеріледі, оларға сәйкес электр энергиясына деген жалпы сұраныс 2030 жылы 136-145 млрд. КВт-сағ. және 2050 жылы 186-206 млрд. КВт-сағ. құрайды).
2. Электр энергетикасына арналған газдың бағасы (неғұрлым төмен баға газдың көбірек қолжетімділігіне сәйкес келеді).
3. Генерацияның жаңа түрлерін дамытудың екі нұсқасы бар: біріншісі - 2050 жылға қарай баламалы және жаңартылатын энергия көздерінің үлесі (ГЭС, ЖЭС, КЭС және АЭС қоса алғанда) 30%-дан (мақсаттарға ішінара қол жеткізу) жоғарыны құрайды, екіншісі - 50%-ға жетеді (Стратегия-2050-дің мақсаттарына толық қол жеткізу).
4. Қолданыстағы көмір, газ станцияларының және ГЭС-тің қызмет ету мерзімін барынша ұзарту ұйғарылады, өйткені бұл шешім электр энергиясының ең төмен өзіндік құнын қамтамасыз етуге қабілетті; атмосфералық ауаның сапасын жақсарту және экологиялық стандарттарға сәйкестік үшін қолданыстағы көмір станцияларын жаңғырту шеңберінде шаң-газ тазартқыш жабдықтарды орнату ұйғарылып отыр.
5. 2030 жылға белгіленген қуат бойынша болжамды деректер: ЖЭС үшін 4,6 ГВт және КЭС үшін 0,5 ГВт.
6. АЭС салу ұлттық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады: АЭС-тің жалпы белгіленген қуаты 2030 жылы 1,5 ГВт-ты және 2050 жылы 2,0 ГВт-ты құрайды.
7. Газдандырылған облыстардың барлық ірі қалаларындағы ЖЭО атмосфералық ауаның сапасын арттыру үшін көмірден газға көшіріледі.
Осылайша, үш сценарийді іске асыруға болады (14-16-суреттер):
Базалық сценарий: базалық сценарийдегі электр энергиясына деген сұраныс, Ақмола және Қарағанды облыстарын газдандыру, газдың ағымдағы төмен бағасын сақтап қалу, 2050 жылы электр энергиясын өндірудегі баламалы көздер үлесінің 30%-ы;
«Жасыл» сценарий - қымбат газ: «жасыл экономиканың» мақсаттарын орындау кезінде электр энергиясына деген сұраныс, Ақмола және Қарағанды облыстарын газдандыру, газдың жоғары бағасы, 2050 жылы электр энергиясын өндірудегі баламалы көздер үлесінің 50%-ы.
«Жасыл» сценарий - арзан газ: «жасыл экономиканың» мақсаттарын орындау кезінде электр энергиясына деген сұраныс, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және шығыс облыстарды газдандыру, газдың төмен бағасы, 2050 жылы электр энергиясын өндірудегі баламалы көздер үлесінің 50%-ы.
14-сурет. Электр энергетикасын дамыту сценарийі
Достарыңызбен бөлісу: |