Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет2/47
Дата20.11.2017
өлшемі1,35 Mb.
#1191
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

 

      27) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) 



міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің өндірістік 

жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке 

қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған 

зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі;

 

      28) еңбек міндеттері – жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының 



нормативтік-құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда 

келісілген міндеттемелері;

 

      29) еңбек өтілі – жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен 



есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер;

 

      30) еңбек тәртібі – жұмыс беруші мен жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының 



нормативтік-құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда, 

жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше 

орындауы;

 

      31) еңбек тәртіптемесі – жұмыскерлер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру 



жөніндегі қатынастарын реттеу тәртібі;

 

      32) еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-



техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де 

іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен 

денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;

 

      33) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор – еңбек қауіпсіздігі және 



еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыратын жұмыскерлердің өкілі;

 

      34) еңбекті нормалау – нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларда жұмыскерлердің 



жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек шығындарын (уақытты) 

айқындау және осы негізде еңбек нормаларын белгілеу;

 

      35) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың 



әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;

 

      36) еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған 



сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек 

тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек 

функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және 

Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, 

жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге 

уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;

 

      37) жалақы – жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, 



санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы 

және ынталандыру сипатындағы төлемдер;

 

      38) жеке қорғаныш құралдары – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік 



факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;

 

      39) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;



 

      40) жұмыс берушілердің өкілдері – құрылтай құжаттары және (немесе) сенімхат 

негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілеттік 

берілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

 

      41) жұмыс берушінің актілері – жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, 



нұсқаулықтар, қағидалар, ережелер, ауысымдық кестелер, вахта кестелері, демалыс 

кестелері;

 

      42) жұмыс берушінің қызметін декларациялау – жұмыс берушінің қызметін ол берген 



өтініш негізінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп 

тану рәсімі;

 

      43) жұмыскер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты 




бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;

 

      44) жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң 



органдары, ал олар болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) 

жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде 

қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;

 

      45) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы 



кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

 

      46) жұмысты тарифтеу – орындалатын жұмыстарды Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің 



бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да 

қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының 

біліктілік анықтамалығына және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері 

лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке 

жатқызу;

 

      47) жұмыс уақыты – жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының 



талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске, Қазақстан 

Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің 

актісіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;

 

      48) жұмыс уақытының жиынтық есебі – жұмыс беруші белгілеген есептік кезеңдегі 



жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі;

 

      49) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын 



еңбек жағдайлары;

 

      50) зиянды өндірістік фактор – жұмыскерге әсер етуі ауыруына немесе еңбекке 



қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына кері ықпал етуге әкеп 

соғуы мүмкін өндірістік фактор;

 

      51) кәсіптік ауру – жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде 



оған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған 

созылмалы немесе қатты ауру;

 

      52) кепілдіктер – жұмыскерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген 



құқықтардың жүзеге асырылуы олардың көмегімен қамтамасыз етілетін құралдар, тәсілдер мен 

жағдайлар;

 

      53) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі 



мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-

гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен 

өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек 

процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

 

      54) қауіпті еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау қағидалары сақталмаған жағдайда 



белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері жұмыскердің 

өндірістік жарақаттануына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп 

соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе тұрақты айырылуы, 

кәсіптік ауруға шалдығуы не қайтыс болуы орын алатын еңбек жағдайлары;

 

      55) қауіпті өндірістік фактор – әсері жұмыскердің еңбекке қабілеттіліктен уақытша 



немесе тұрақты айырылуына (өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруына) немесе 

қайтыс болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

 

      56) қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек 



шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы;

 

      57) мемлекеттік органның шетелдік жұмыскері – еңбек шарты бойынша мемлекеттік 



органға тартылған шетелдік;

 

      58) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке 



күндері;

 

      59) негізгі жалақы – тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақылар, кесімді 



бағалар бойынша төлемді қамтитын, жалақының салыстырмалы түрдегі тұрақты бөлігі және 


жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау