Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет7/47
Дата20.11.2017
өлшемі1,35 Mb.
#1191
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47

қажетті ақпаратты береді;

 

      14) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.



 

      18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек қатынастарын

 

               реттеу саласындағы құзыреті



 

      Жергілікті атқарушы органдар:

 

      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты 



іске асырады;

 

      2) азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн 



денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария 

саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша 

айқындайды;

 

      3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді 



жүзеге асырады;

 

      4) халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, 



электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар) ереуілдер өткізуді келіседі;

 

      5) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және жұмыскерлердің өңірлік 



бірлестіктерімен өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасасады;

 

      6) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, 



алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне 

ақы төлеу жүйесінің өлшемдерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген 

тәртіппен қарайды және келіседі;

 

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа 



орналастыру үшін квота белгілейді;

 

      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының 



заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге 

асырады.


 

   3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ СУБЪЕКТІЛЕРІ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУ 

НЕГІЗДЕРІ 

      19-бап. Еңбек қатынастары субъектілері

 

      Жұмыскер мен жұмыс беруші еңбек қатынастары субъектілері болып табылады.



 

      Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан 

жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін атқарады.

 

      20-бап. Жұмыскерлердің өкілдері және олардың өкілеттіктері



 

      1. Жұмыскерлердің мүдделерін «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан 

Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік одақтар органдары, ал олар болмаған кезде 

сайланбалы өкілдер өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде білдіреді.

 

      2. Кәсіптік одақ мүшесі болып табылмайтын, жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерін 



сайлауға қатыспаған жұмыскерлер кәсіподақ органдарына, жұмыскерлердің сайланбалы 

өкілдеріне өздерінің мүдделерін білдіруге құқық беруге құқылы. Кәсіподақ органдары, 

жұмыскерлердің сайланбалы өкілдері жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде оның мүдделерін 

білдіруді қамтамасыз етеді.

 

      3. Жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерінің:



 

      1) жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға;

 

      2) жұмыс берушімен жобаларды әзірлеу және ұжымдық шарттарды жасасу бойынша ұжымдық 



келіссөздер жүргізуге;

 

      3) ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын зерделеу және қамтамасыз ету 



жөнінде шаралар қолдану үшін жұмыс орындарына баруға;

 

      4) жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек дауларын осы Кодексте белгіленген 



тәртіппен реттеуге қатысуға құқығы бар. 

 

 




 

      21-бап. Еңбек қатынастарының туындау негіздері

 

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек 



қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында осы Кодекске сәйкес жасалатын еңбек 

шартының негізінде туындайды.

 

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс берушінің 



актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен еңбек шартын жасасу алдында:

 

      1) лауазымға сайлану (сайлау);



 

      2) тиісті лауазымға орналасуға арналған конкурс бойынша сайлану;

 

      3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекіту;



 

      4) Қазақстан Республикасының заңдарымен уәкілеттік берілген органдардың 

белгіленген квота есебімен жұмысқа жіберуі;

 

      5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару рәсімдері болуы мүмкін.



 

      3. Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен еңбек қатынастары осы Кодекске, 

Қазақстан Республикасының заңдарына, құрылтай құжаттарына және еңбек шартына сәйкес 

жүзеге асырылады.

 

      22-бап. Жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттері



 

      1. Жұмыскердің:

 

      1) осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, 



өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;

 

      2) жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды талап етуге;



 

      3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

 

      4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат 



алуға;

 

      5) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы 



төленуіне;

 

      6) бос тұрып қалғаны үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;



 

      7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;

 

      8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақ 



құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда, өзінің еңбек құқықтарының берілуі 

мен оларды қорғау үшін бірігуге;

 

      9) өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге 



қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;

 

      10) еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды 



өтетуге;

 

      11) міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;



 

      12) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан 

сақтандырылуға;

 

      13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;



 

      14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен 

қорғауға;

 

      15) бірдей еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз бірдей ақы алуға;



 

      16) жеке еңбек дауын шешу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен рет-ретімен 

келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;

 

      17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс 



орнына;

 

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарда 



көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен 

қамтамасыз етілуге;

 

      19) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл 



туралы тікелей басшының немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты 


жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау