Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет3/47
Дата20.11.2017
өлшемі1,35 Mb.
#1191
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық және (немесе) 

еңбек шарттарында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер;

 

      60) өндірістік жабдық – машиналар, механизмдер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар 



және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;

 

      61) өндірістік жарақат – жұмыскердің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның 



еңбекке қабілеттіліктен айырылуына әкеп соққан денсаулығының зақымдануы;

 

      62) өндірістік қажеттілік – дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою немесе 



олардың салдарларын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды, 

мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін және басқа да айрықша жағдайларда, 

сондай-ақ уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру үшін жұмыстарды орындау;

 

      63) өндірістік қызмет – шикізаттың алуан түрлерін өндіруді және қайта өңдеуді, 



қызметтердің алуан түрлерін көрсетуді және жұмыстарды орындауды қамтитын, ресурстарды 

дайын өнімге айналдыру үшін қажетті еңбек құралдарын қолдана отырып жасалатын 

жұмыскерлер әрекеттерінің жиынтығы;

 

      



РҚАО-ның ескертпесі!

 

      64) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 23.11.2015 № 414-V Кодексінің 



204-

бабынан


 қараңыз.

 

      64) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған 



ұйымдар – білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек 

жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар 

немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттар жасасқан, өндірістік объектілерді 

еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын 

ұйымдар;

 

      65) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – өндірістік 



объектілерде (цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ жұмыс берушілердің 

бөлек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде) орындалатын 

жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын 

айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 

саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі 

қызмет;


 

      66) өндірістік санитария – зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлерге әсерін 

болғызбайтын немесе азайтатын санитариялық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен 

техникалық құралдар жүйесі;

 

      67) өндірістік факторлар – Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де 



нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жұмыскерге әсер ететін техникалық, санитариялық, 

гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық және басқа да жағдайлар;

 

      68) өрескел абайсыздық – жұмыскердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы 



қағидаларын және өз денсаулығының қауіпсіздігін бұзуға ықпал ететін әрекеттері;

 

      69) өтемақы төлемдері – жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан 



айырылуына, жұмыскерлерге еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында 

көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шығындарды өтеуге байланысты ақшалай 

төлемдер, сондай-ақ жұмыскерлерді немесе еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды 

(бұдан әрі – білім алушы) кәсіптік даярлаумен, қайта даярлаумен және біліктілігін 

арттырумен байланысты төлемдер;

 

      70) разрядаралық коэффициент – сабақтас тарифтік-біліктілік разрядтарының тарифтік 



мөлшерлемелері арасындағы арақатынас;

 

      71) тарифтік жүйе – еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда жұмыскерлердің 



жалақысы тарифтік мөлшерлемелер (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде сараланып 

айқындалады;

 

      72) тарифтік кесте – орындалатын жұмыстарды күрделілік және жұмыскерлерді 



біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік 


коэффициенттер жиынтығы;

 

      73) тарифтік мөлшерлеме (айлықақы) – жұмыскердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір 



күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек міндеттерін орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің 

тіркелген мөлшері;

 

      74) тарифтік разряд – жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін 



қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші;

 

      75) тәртіптік жаза – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің 



жұмыскерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы;

 

      76) тәртіптік теріс қылық – жұмыскердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек 



міндеттерін тиісінше орындамауы;

 

      77) тынығу уақыты – жұмыскердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы 



бойынша пайдалана алатын уақыты;

 

      78) ұжымдық қорғаныш құралдары – жұмыс істейтін екі және одан көп жұмыскерді 



зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға 

арналған техникалық құралдар;

 

      79) ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, 



жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша 

келісім нысанындағы құқықтық акт;

 

      80) үстеме жұмыс – жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының 



белгіленген ұзақтығынан (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан артық) тыс 

орындайтын жұмыс;

 

      81) хабарлама – жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге 



тәсілмен (курьерлік пошта, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және 

өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы) берілген өтініштер;

 

      82) іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс 



жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ жұмыскерді 

басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу.

 

      2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының басқа да арнайы ұғымдары мен 



терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.

 

      2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы



 

      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан 

Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан 

Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық 

актілерінен тұрады.

 

      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа 



заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын 

реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады.

 

      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы 



Кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарт қағидалары 

қолданылады.

 

      Халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды 



қоспағанда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар еңбек 

қатынастарына тікелей қолданылады.

 

      3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты



 

              мен міндеттері

 

      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек 



қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының 

құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең 

төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.

 

      2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары 




жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау