Сабақтың мақсаты: студенттерге еңбек шартының түсінігін, тараптары мен мазмұнын, оның жасасу тәртібін ұғындыру Жоспар



жүктеу 28,42 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі28,42 Kb.
#643
түріСабақ
  • “Еңбек шарты”
  • Тажибаева Айжан Халилуллаевна

Сабақтың мақсаты: студенттерге еңбек шартының түсінігін, тараптары мен мазмұнын, оның жасасу тәртібін ұғындыру

  • Сабақтың мақсаты: студенттерге еңбек шартының түсінігін, тараптары мен мазмұнын, оның жасасу тәртібін ұғындыру
  • Жоспар:
  • 1 Еңбек шартының ұғымы, тараптары
  • 2 Еңбек шартының мерзімі, мазмұны
  • 3 Еңбек шартын жасасу тәртібі
  • 4 Еңбек шартын тоқтату және бұзу
  • Еңбек шарты
  • бұл қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, ҚР Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді».
  • Еңбек шартының тараптары
  • Жұмыс беруші
  • Қызметкер

Еңбек шартының мерзімі

  • белгіленбеген мерзімге
  • 1 жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін
  • белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына
  • жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына
  • маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін

Еңбек шартының мазмұнында мыналар қамтылған:

      • 1) тараптардың деректемелері;
      • 2) белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);
      • 3) жұмыстың атқарылатын орны;
      • 4) еңбек шартының мерзімі;
      • 5) жұмыстың басталу күні;
      • 6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
      • 7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
      • 8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
      • 9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері; (ҚР ЕК 22 бап)
      • 10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері; (ҚР ЕК 23 бап)
      • 11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
      • 12) кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, оларды төлеу тәртібі;
      • 13) сақтандыру жөніндегі талаптар;
      • 14) тараптардың жауапкершілігі;
      • 15) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
  • Еңбек шартын жасасуға қажетті құжаттар
  • Жеке куәлiгi немесе паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiгi) қажет.
  • Ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі
  • Тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат
  • Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін)
  • Әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін)
  • Алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін)
  • Тұрғылықты не уақытша тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі
  • 16 жас
  • (ата-анасының біреуінің жазбаша келісімімен)
  • 15 жас
  • 14 жас
  • Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері
  • орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда
  • сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін
  • кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында айқындалєан талаптарды сақтай отырып, 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
  • ҚР ЕК 34-бап. Қызметкердің еңбек қызметін
  • растайтын құжаттар
  • еңбек кітапшасы;
  • тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты
  • еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер
  • қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер
  • жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі)
  • Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидалары «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 241 бұйрығымен бекітілген
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
  • Еңбек кітапшасы
  • Трудовая книжка
  • Тегі ________________________________________________________________ Фамилия Аты _________________________________________________________________ Имя Әкесінің аты (ол бар болса)_______________________________________________________________ Отчество (при его наличии) Туған күні __________________________________________________________ Дата рождения Білімі ______________________________________________________________ Образование Мамандығы, біліктілігі ______________________________________________ Специальность, квалификация Толтырылған күні 20__ жылғы «__» ____________________________________ Дата заполнения Қызметкердің қолы ___________________________________________________ Подпись работника Жұмыс беруші уәкілеттік берген адамның қолы _________________________________________________ Подпись уполномоченного работодателем лица
  • Жұмысы туралы мәліметтер Сведения о работе
  • күні число
  • айы месяц
  • жылы год
  • Жұмысқа қабылдау туралы, басқа жұмысқа ауыстыру туралы (лауазымы көрсетіледі) және еңбек шартының тоқтатылуы (себептері мен заңның бабына сілтемелер көрсетіледі) туралы мәліметтер
  • Сведения о приеме на работу, о переводах на другую работу (с указанием должности) и прекращении трудового договора (с указанием причины и ссылки на статью закона)
  • Жазуға (құжат, оның күні мен нөмірі) негіздеме
  • На основании чего внесена запись (документ, его дата и номер)
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • Наградтаулар мен көтермелеулер туралы мәліметтер Сведения о награждениях и поощрениях
  • күні число
  • айы месяц
  • жылы год
  • Ұйымдағы жұмысқа байланысты ордендермен, медальдармен және грамоталармен наградтаулар, құрметті атақтар беру және көтермелеулер туралы мәліметтер
  • Сведения о награждениях орденами, медалями и грамотами, присвоении почетных званий и поощрениях, связанных с работой в организации
  • Жазуға (қужат, оның күні мен нөмірі) негіздеме
  • На основании чего внесена запись (документ, его дата и номер)
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • Еңбек шартын тоқтату және бұзу негіздері
  • тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
  • еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
  • жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
  • қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
  • тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
  • қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;
  • еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;
  • жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады (ҚР ЕК 51 б.).

Мерзімінің аяқталуына байланысты еңбек шартын тоқтату

  • 1. Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты, мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылады.
  • 2. Еңбек шартында келісілген мерзімге сәйкес, қызметкердің соңғы жұмыс күні белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады.
  • 3. Жұмыстың аяқталған күні белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады.
  • 4. Жұмыс орны (лауазымы) сақталған қызметкердің жұмысқа шыққан күні уақытша болмаған қызметкердің орнын ауыстыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады.
  • 5. Егер еңбек шартының мерзімі аяқталғанда еңбек қатынастары іс жүзінде жалғасып, тараптардың ешқайсысы оның тоқтатылуын талап етпесе, шарттың қолданылуы белгіленбеген мерзімге ұзартылды деп есептеледі
  • (ҚР ЕК 53 б.).

Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша мынадай жағдайда бұзылуы мүмкін (ҚР ЕК 54 бап):

  • 1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған;
  • 2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған;
  • 3) біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;
  • 4) өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;
  • 5) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған;
  • 6) қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған;
  • 7) қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдаланған;

8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған;

  • 8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған;
  • 9) қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған;
  • 10) ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі әрекеттер жасауы немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса;
  • 11) тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған;
  • 12) қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
  • 13) егер тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе тиісінше орындамаған;

14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда қызметкердің мемлекеттік құпияларға жіберілу рұқсаты тоқтатылған;

  • 14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда қызметкердің мемлекеттік құпияларға жіберілу рұқсаты тоқтатылған;
  • 15) еңбек шартын жасасу кезінде түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан бас тартуға негіз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған;
  • 16) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс беруші бөлімшесі басшысының еңбек міндеттерін бұзуы жұмыс берушіге материалдық залал келтіруге әкеп соққан;
  • 17) қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер ауру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке қабілетсіздіктің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. Өндірістік жарақат алуына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айрылған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады;
  • 18) қызметкер сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда бұзылуы мүмкін (ҚР ЕК 54 б.).

36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап

  • 36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап
  • 1 Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі.
  • 2 Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген кезден басталады.
  • 3 Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерлерге осы Кодекстің нормалары, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптары қолданылады.
  • 4 Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс стажына қосылады және үш айдан аспауға тиіс. Ќызметкер жұмыста іс жүзінде болмаған кезең сынақ мерзіміне есептелмейді.
  • 5 Жұмысқа қабылдау кезінде:       тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын адамдарға;       орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымын бітірген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға;       мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді.

ҚР ЕК 37-бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ нәтижесі

  •  1. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкердің жұмысы теріс нәтиже берсе, жұмыс беруші сынақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік жеті күн қалғаннан бастап қызметкерге жазбаша түрде ескертіп, бұл қызметкерді сынақ мерзімінен өте алмады деп тануға негіз болған себептерді көрсете отырып, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.
  • 2. Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек шартының бұзылуын талап етпесе, онда қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі.
  •  3. Жұмыс беруші сынақ мерзімі аяқталғанға дейін қызметкерді одан жоғары лауазымға тағайындаған жағдайда да қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі.

Назарларыңызға

  • Назарларыңызға
  • рахмет!

жүктеу 28,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау