Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кәсіподақ органдары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмысы туралы



жүктеу 186,39 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі186,39 Kb.
#13683

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ

ұйымының кәсіподақ органдары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру

жөніндегі жұмысы туралы

АҚПАРАТ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің қызметіндегі басымды бағыт облыстық кәсіподақ ұйымының құрылымына кіретін кәсіподақ ұйымдарының қызметін үйлестіру, кәсіподақ қозғалысын одан әрі дамытуға жаңа көзқарастар қалыптастыру, ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңы, ҚР Еңбек кодексі, сондай-ақ өзге де нормативтік-заңнамалық актілер негізінде әрекет ететін ұйымшыл қоғамдық ұйым ретінде кәсіподақтың имиджін құру болып табылады.

Қазіргі кезеңдегі Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының басты міндеті - кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық, еңбек мүдделерін қорғау, ұйымдарды ұйымдастырушылық және қаржылық нығайту, кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру және оған нақты мүдделілік, жастардың құқығын қорғау жөніндегі мақсатты және тиімді жұмысты жүргізу, оған қолдау көрсету және кәсіподақ мүшелігіне белсенді тарту.

Еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қолданыстағы заңнама негізінде, облыстың білім және ғылым мекемелері мен ұйымдарында кәсіподақ мүшелері – жалдамалы қызметкерлерге әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерді қамтамасыз ететін, сондай-ақ еңбек заңнамасының қадағалануын, еңбекті қорғау жағдайына қоғамдық бақылауды жетілдіретін әлеуметтік әріптестік кеңінен дамып келеді.

Облыста 1 облыстық, 12 аудандық келісім, жұмыс беруші мен кәсіподақ комитетінің арасында 592 ұжымдық шарт жасалған және іс-әрекет етеді, солардың нәтижесінде жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы бірқатар мәселелерін оңынан шешуге қол жеткізілді.

Келісімдер мен ұжымдық шарттарда көзделген әлеуметтік жеңілдіктерді 31986 кәсіподақ мүшесі пайдаланады.

Әлеуметтік әріптестер: облыстық білім басқармасы, аудандық бөлімдер және білім мекемелерінің басшыларымен бірге әлеуметтік әріптестік жөніндегі жұмыс еңбек қатынастары, еңбек ақы төлеу, ауылдық жерлердегі коммуналдық қызмет жәрдемақысының төлемі, жұмыс берушінің есебінен міндетті медициналық тексеруден өту және кәсіподақ бюджетінің қаражатынан қайырымдылық көмек көрсету сияқты көптеген мәселелерді нәтижелі шешуге септігін тигізді.

Әйелдерді еңбек заңнамасынан тыс әлеуметтік қорғау шаралары қабылданды.

Ұжымдық шарттарда жүкті әйелдерді, сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балалары, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар әйелдерді медициналық мекемелерге бару үшін, жалақыларын сақтай отырып жұмыстан босату көзделген.

Ақтөбе көлік-жол колледжінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша, 14 жасқа дейінгі балаларды және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналармен еңбек шартын бұзуға тыйым салынған.

Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің ұжымдық шартында 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге қосымша ақы төленетін 2 күн беру көзделген.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 14 жасқа дейінгі балалары немесе 16 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар әйелдерге өздеріне ыңғайлы уақытта еңбек демалысы беріледі.

Барлық келісімдер мен ұжымдық шарттарда кәсіподақ ұйымының қызметіне кепілдік берілген және кәсіподақ органдарының құрамына сайланған мүшелерді қорғау қамтамасыз етілген.

Жыл сайын еңбек ұжымдарының жиналыстарында, аудандық кәсіподақ комитетінің және облыстық кәсіподақ комитеті Атқару комитетінің мәжілістерінде келісімдер мен ұжымдық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп берулер өткізіледі.

Облыстық кәсіподақ комитеті барлық келісімдер мен ұжымдық шарттардың Ақтөбе облыстық еңбекті қорғау жөніндегі инспекция Басқармасында және облыстық кәсіподақ комитетінде тіркеуден өткенін қадағалайды.

Келісімдер мен ұжымдық шарттардың орындалу барысын бақылау жұмыс беруші мен қызметкерлердің өкілдері - кәсіподақ комитетінің атынан тең негізде құрылған тұрақты жұмыс жасайтын комиссияларға жүктелген.

Облыстық кәсіподақ комитетінің атқару комитетінде Шалқар, Қарғалы, Ырғыз, Мәртөк аудандық кәсіподақ комитеттерінің қызметі тыңдалып, Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің және «Рауан» колледжінің кәсіподақ комитеттері мен әкімшіліктерінің әлеуметтік әріптестікті әрі қарай жетілдіру және кәсіподақ мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда ұжымдық шарттың рөлін арттыру жөніндегі жұмыстарын талқылады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.С.Серікова облыстық үшжақты комиссияның мүшесі, Хромтау аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.А.Ақанова, Қобда – Ж.З.Жиеналин, Шалқар – Г.Ә.Махат, Темір – Н.Ж.Сәбенова, Әйтке би – Қ.Қ.Бақтияров, Қарғалы – И.Б.Сақауова аудандағы кәсіподақ ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі аудандық қоғамдық Кеңестердің төрағалары болып сайланды. Бұл білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына жергілікті жерлерде нәтижелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік әріптестердің бірлескен жұмысының, келіссөздер жүргізу мен түсіндірулердің нәтижесінде, кәсіподақ комитеттерінің, мекемелер әкімшіліктерінің және атқарушы билік органдарының арасында толық келісім мен өзара түсіністікке қол жеткізілді.

Білім және ғылым мекемелері мен ұйымдарында:

- мұғалімдердің нормативтік жүктемесінің;

- жалақының уақытында төлену;

- сауықтыру және еңбек демалысының жәрдемақыларын төлеу;

- коммуналдық қызмет ақысының мәселелері шешілді.

Жыл сайын кәсіподақ ұйымдары «Үздік ұжымдық шарт» облыстық байқауына қатысады, Ақтөбе облыстық жасөспірімдер үйінің ұжымдық шарты байқау жеңімпазы болып танылды.

Облыстық білім және ғылым мекемелерінің еңбек ұжымдарында қалыпты еңбек жағдайын жасау жөнінде белсенді жұмыс жүргізіледі.

Облыстық кәсіподақ комитетінің атқару комитетінде техникалық колледждің және облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі мен кәсіподақ комитеттерінің жұмыс орындарында еңбек жағдайын жасау және қауіпсіздік техникасын қадағалау жөніндегі жұмыстары қаралды.

Ұжымдардағы еңбек жағдайын бақылау еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға жүктелген. Бұл жұмысты қоғамдық бастамалардағы 630 техникалық инспектор атқарады. Олар оқу орны ғимараттарының қыс мерзіміне әзірлігін тексеру, оқу кабинеттері мен шеберханалардағы жарық және жылу режимінің, санитарлық-гигиеналық жағдайдың қадағалануы жөніндегі комиссиялардың құрамына енгізілген. Техникалық жабдықтармен және компьютермен жұмыс кезінде көрнекілік үгітті ресімдеу мен нұсқаулық жүргізуге ерекше мән беріледі.

Білім мекемелерінің еңбек ұжымдарында таза еңбек жағдайларын қадағалау жөнінде неғұрлым белсенді жұмысты ұйымдастыру мақсатында, облыстық кәсіподақ комитеті кәсіподақ активімен семинар сабақтарын өткізіп, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, өндірістік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алуға бақылауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері қаралды.

Жыл сайын бастауыш кәсіподақ ұйымдары Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық қоғамдық байқауға қатысып, «Ұйым, кәсіпорын» номинациясы бойынша Ырғыз ауданының №2 Ырғыз орта мектебі мен Мұғалжар ауданының Сағашилі орта мектебі жеңімпаз атанды.

Облыстық кәсіподақ комитеті үздік жаңашыл педагогтарды анықтайтын облыстық кәсіптік байқауларды өткізу кезінде, білім мекемелерінің басшылары мен кәсіодақ комитеттерінің арасында туындаған әріптестік қатынасты белсенді пайдаланады.

Облыстық кәсіподақ комитеті облыстық білім басқармасымен, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықпен және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығымен бірге, мақсаты педагог кадрлардың шеберлігі мен біліктіліктерін арттыру, облыс педагогтарының арасында озық тәжірибені тарату болып табылатын мамандықтар бойынша облыстық байқау өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.

Кәсіподақ ұйымдарының қызметін үйлестіруде құқықтық жұмысқа үлкен рөл бөлінген.

Облыстық кәсіподақ комитетінің, бастауыш ұйымдардың аудандық және кәсіподақ комитеттерінің арасында кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын, туындаған құқықтық мәселелер бойынша шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндік беретін өзара байланыстың айқын байланысы қалыптасқан.

Кеңес беру – жиі қолданылатын тәсілдердің бірі. 2016 жылдың 10-желтоқсанындағы жағдай бойынша, облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық қызметі 294 кеңес берсе, 2015 жылы 203 кеңес берілген. 47 заң бұзушылық жойылып, 82 кәсіподақ мүшесінің құқықтары қорғалды.

Еңбек шартын бұзу, тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдау кезінде, білім ұйымдары мен мекемелерінің басшылары облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық қызметінде кеңес алады (2015 жылы – 13 басшы, 2016 жылы – 29). Нәтижесінде заңсыз жұмыстан шығару немесе кәсіподақ мүшелеріне заңсыз тәртіптік жаза қолданудың бірқатар жағдайларына жол берілген жоқ.

Мәртөк ауданының Хлебодар орта мектебінің директоры Ә.Тәжібай, мұғалім А.Ордабаевты жұмыстан заңсыз шығарып, сот шешімі бойынша оны жұмысқа қайта алуы қажет болды. Бірақ Ә.Тәжібай олай жасамады. Облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық қызметінің көмегімен, А.Ордабаев өзінің заңды құқықтарын қорғау үшін Мәртөк аудандық прокуратурасына шағымданды. Аудан прокуратурасы директордың бұйрығын жоққа шығарып, оны жоюды талап етті және Ә.Тәжібайды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс шығарды. Құқықтық қызметтің көмегімен А.Ордабаевтың Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының басқармасына жазған арызы бойынша, ол жұмысқа қайта алынды.

Кәсіподақ ұйымдарының іс-әрекетін үйлестіру тәсілдерінің бірі, еңбек заңнамасын қадағалаудың маңызды мәселелері бойынша ақпарат сұрату болып табылды. 2015 жылдың соңында Мәртөк аудандық ұйымынан ауданда педагог қызметкерлерге іссапар шығындары бойынша қарыздың жиналып қалғаны туралы ақпарат түсті. Облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық инспекторы А.Алимпиев сол жерге барып және мәселені тексергеннен кейін, аталған мәселенің жағдайы туралы облыстың басқа да аудандарында туындады. Облыстың барлық аудандарына сұраныс жіберіліп, нәтижесінде мұндай мәселенің Темір және Алға аудандарында да орын алғаны анықталды. Бір жыл бойы аудан әкімдерімен, облыс әкімінің орынбасарларымен, әлеуметтік әріптес – білім Басқармасымен белсенді қатынас хаттар жүрді. Соңында, Алға және Мәртөк аудандарында 29387.0 мың теңге сомасына іссапар шығындары бойынша қарыз төленді.

Ал Темір ауданындағы жағдай толық шешілмеді. Соған байланысты, үстіміздегі жылдың қараша айында Ақтөбе облыстық еңбекті қорғау жөніндегі инспекция Басқармасына еңбек заңнамасын және әлеуметтік әріптестік туралы облыстық келісімнің ережелерін бұзушылықты жою туралы Темір ауданының білім бөліміне ұйғарым жіберу туралы өтініш жіберілді. Еңбекті қорғау жөніндегі облыстық инспекциямен ауданға ұйғарым жіберілді. Мәселе толық шешілгенге дейін облыстық кәсіподақ комитетінің бақылауында болады.

2016 жылдың сәуір айында Хромтау, Мұғалжар, Қарғалы аудандарының аудандық комитет төрағаларынан өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің жұмыс берушілермен бірге педагогтарды ақылы негізде өрт-техникалық минимумын оқуға мәжбүрлеу жағдайлары туралы хабар түсті, ал оқу тегін түрде, арнайы орталықтарда әзірленген ұжым мүшелерімен өткізілуі тиіс.

Облыстық кәсіподақ комитетіне төтенше жағдайлар Департаментіне екі рет жүгінуге тура келді, нәтижесінде сотқа дейінгі тексеру ісі қозғалды.

Алынған жауап мұндай әрекетті заңсыз деп тапты. Төтенше жағдайлар Департаментінің жауабы барлық кәісподақ ұйымдарына, сондай-ақ облыстық білім басқармасына және аудандық білім бөлімдеріне жіберілді. Теріс тәжірибе жоққа шығарылды. Бір адамның оқуы 5 мың теңге тұратынын айта кеткен жөн.

Әлеуметтік әріптестік туралы облыстық келісімнің бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім мекемелерінің барлық қызметкерлерінің міндетті медициналық тексеруден өтуі көзделген 9.8-тармағын орындау жөнінде үлкен жұмыс жасалды. Бірақ 5 ауданда жұмыс берушінің қаражаты есебінен медициналық тексеруден барлық білім жүйесінде жұмыс жасайтындар өткізілсе, 6 ауданда медициналық тексеріс тек педагогтарға төленеді, Темір ауданында медициналық тексеруге қызметкерлер өздері төлейді.

Мұндай жағдай Қарғалы ауданында да болды. Бірақ, аудандық кәсіподақ комитетінің (төрайымы И.Сақауова) тарапынан қабылданған шаралар, еңбек заңнамасының негіздері бойынша семинарлар өткізу кезіндегі түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, 2016 жылдан бастап Қарғалы ауданы білім мекемелерінің барлық қызметкерлері тегін медициналық тексеруден өткізіледі. Нәтижесінде, ауданның білім қызметкерлерінің жеке қаражаттары үнемделді.

Еңбек ұжымдарында жеке жанжалдарды шешу мақсатында, көптеген бастауыш ұйымдарда келісу комиссиялары құрылған, олар облыстық ұйымның барлық аудандық филиалдарында бар. Құқықтық қызметтің іс-әрекетінен жалпыэкономикалық пайда 34904,8 мың теңгені құрап отыр.

Еңбек заңнамасын қадағалау жөніндегі қоғамдық бақылауды талдау қорытындылары бойынша, кәсіподақ ұйымдарының тәжірибесін қорыту мен ақпараттандыру жүргізіледі.

Келіп түскен бақылау актілерінен, білім мекемелерінде еңбек қауіпсідігі мен еңбекті қорғау жағдайы бойынша техникалық инспекторлармен қатаң бұзушылық анықталмаған.

Бірақ, облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық қызметімен жүргізілген тексерулер кезінде, қызметкерлермен еңбек шарттарында көбінесе жалақының мөлшері, оқу жүктемесі және еңбек шартының мәні болмайтын басқа да маңызды бөлімдердің жоқтығы анықталды.

Облыстық кәсіподақ комитеті шолу әзірлеп, еңбек шартына қосымша келісімнің үлгісін тіркеп аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарына таратылды, қоғамдық бақылау жүргізу кезінде бұл мәселеге көңіл бөлу ұсынылды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің атқару комитетінің мәжілісінде Мәртөк, Қобда және Ойыл аудандарының кәсіподақ ұйымдарындағы еңбек заңнамасын қадағалау жөніндегі қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және құқықтық жұмыстың жағдайы талқыланды.

Облыстық кәсіподақ комитеті, кәсіподақ ұйымдарының әрекетін үйлестірудің мақсатты сипаты болу керек деп есептейді. Қазіргі уақытта негізгі күш білім мекемелерінде ҚР еңбек заңнамасына толық сәйкес келетін еңбек шарттарының болуына бағытталған.

Облыстық кәсіподақ комитетінің құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру жөніндегі қызметінің негізгі бөлігі кәсіподақ активін ҚРКФ Оқу орталығының базасында, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағымен, облыстық Кәсіподақ орталығымен және облыстық кәсіподақ комитетімен өткізілетін семинарларда оқыту болып табылады. Еңбек адамының мүдделерін қорғауға қабілетті кәсіподақ лидерлері мен мамандарды әзірлеу, кәсіподақ активінің кәсібилігі мен құзыреттілігін арттыру - облыстық кәсіподақ комитетінің негізгі мақсаты. Семинарлар облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіліп, еңбек заңнамасы мен еңбек тәртіптемесін қадағалау мәселелері, аудандық келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасау әдістемесі, еңбекті қорғау жағдайы, жарғылық талаптарды қадағалау және іс жүргізу мен басқалары қаралды.

Облыстық кәсіподақ комитеті іс жүргізу, ұйымдастырушылық жұмыс, еңбекті қорғау жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар, есеп берулер мен сайлауларды өткізу, келісімдер мен ұжымдық шарттар қабылдау, қаржы жұмысы және басқа да бірқатар мәселелер бойынша нұсқаулықтар әзірлеп, мүшелік ұйымдарға жіберді.

Кәсіподақ комитеттерінің төрағалары ҚР еңбек кодексімен және «Сұрақтар мен жауаптар түрінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы» әдістемелік құралымен қамтамасыз етілген.

Тікелей облыстық кәсіподақ комитетіне шығатын аудандық кәсіподақ комитеттерімен және бастауыш ұйымдармен ұсынылған статистикалық есептілікке сәйкес, 2015 жылы 1584 кәсіподақ белсенділері оқытылса, 2016 жыл мерзімінде 1690 адам оқытылған. Еңбек заңнамасын қолдануды тәжірибелік үйрену жөніндегі семинарларда аудандық білім бөлімдері мен білім мекемелерінің басшылары, заңгерлер және кадрлармен жұмыс жөніндегі мамандар оқытылды.

2015 жылы 11 семинар, 2016 жылы – 14 семинар өткізілді.

14 әдістемелік құрал және ақпараттық бюллетеньдер әзірленді.

Барлық аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен электрондық пошта және телефон арқылы екіжақты жедел байланыс жолға қойылып, кәсіподақ жұмысында туындаған мәселелерді нақты шешуге септігін тигізіп, байланысты жеңілдетеді.

Кәсіподақ органдарына сайланбалы лауазымға кадрлар резервімен жұмысқа ерекше мән беріледі. Кәсіподақ органдарының құрамына резервке кірген кәсподақ мүшелері тапсырмаларды орындауға белсенді тартылып, семинар сабақтарында оқытылады. Кадрлар резервінің құрамы облыстық комитеттің атқару комитетінде бекітілді.

Өткізілетін іс-шаралар кәсподақ ұйымының беделін көтеріп, кәсіподақ мүшелігіне ынталандыруға түрткі болды.

Екі жыл бойы жалпы облыс бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарының саны едәуір көбейді, кәсіподақ мүшелерінің саны артып, кәсіподақ мүшелігімен қамту өсті.

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы 592 бастауыш ұйымды біріктіреді, 17 қайта құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. 592 бастауыш ұйымның 12 ауданда 545 ұйымы бар, облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей 47-сі шығады.

Білім мекемелері мен ұйымдарында жұмыс жасайтын кәсіподақ мүшелерінің саны -31986. Есеп беру мерзімінде кәсіподаққа мүшелікке 1920 адам қабылданды.

Жұмыс жасайтын кәсіподақ мүшелері санының көбеюі жаңа кәсіподақ ұйымдарын құру нәтжесінде, сондай-ақ облыстың білім жүйесінің мекемелеріне қайта қабылданғандар есебінен болып отыр.

Сала Жарғысының және облыстық кәсіподақ жарғысының талаптарына сәйкес, жыл сайын облыстық Кеңестің мәжілісі өткізіледі.

Облыстық Кеңестің мәжілісінде Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру, еңбек заңнамасын қадағалауды бақылау және кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік-экономикалық қорғау (2015ж. маусым), сондай-ақ әлеуметтік жеңілдіктер көрсетудегі әлеуметтік әріптестіктің рөлі мен мәні, Ақтөбе облысының білім мекемелерінде жұмыс жасайтындарға экономикалық қорғау көрсету жөніндегі қызметі талқыланды (2016ж.маусым).

Тоқсан сайын облыстық комитеттің атқару комитетінің мәжілістері өткізіліп, онда есеп беру мерзімінде 10 бастауыш ұйымдардың кәсіподақ комитеттерінің және барлық 12 аудандық кәсіподақ комитеттерінің жұмысы тыңдалды. Мәжілісте қабылданған қаулылар барлық кәсіподақ ұйымдарына жіберілді.

Кәсіподақ органдарының өткен сайлаулары білім және ғылым мекемелерінің еңбек ұжымдарында кәсіподақ қозғалысын одан әрі дамытуға және нығайтуға септігін тигізді. Кәсіподақ органдарына беделді, ұйымдастырушылық қабілеті бар, жалдамалы қызметкерлердің мүдделерін қорғай алатын тұлғалар сайланды.

Кәісподақ ұйымының қызметін үйлестіруге салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіподақ мүшелерін спортпен және туризммен айналысуға кеңінен тарту жөнінде жүргізілетін жұмыс септігін тигізеді. Туристік слеттер облыс аудандарында өткізілді.

Жыл сайын облыс орталығында көктемгі каникул уақытында білім қызметкерлерінің әуелі аудандық, кейін облыстық спартакиадасы өткізіледі.

Кәсіподақ мүшелерін ұйымдастырушылық сауықтыру масқатында, ҚР КФ 6 шипажайымен шарт жасалып, шипажайға келу күні көрсетілген жолдамаларды алудың кестесі жасалды.

Кәсіподақ мүшелеріне санаторлық емделуге жолдамалар кәсіподақ мүшесінің жеке арызы, кәсіподақ комитетінің өтініші және санаторлық емделу қажеттігі туралы медициналық анықтама негізінде жеңілдік құнымен беріледі.

Кәсіподақ ұйымдары жергілікті атқарушы органдармен, білім басқармасымен және аудандық білім бөлімдерімен бірге балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыруға қатысады.

Кәсіподақ ұйымдарында жастармен жұмыс өзекті мәселелердің бірі. Жас кәсіподақ комитетінің төрағалары басқарып отырған бастауыш ұйымдарға тұрақты тәжірибелік көмек көрсетіледі, олармен оқыту семинарлары жүргізіліп, көмек ретінде «Жас кәсіподақ лидеріне көмек» және «Бастауыш ұйымның кәсіподақ комитетінің жұмыс тиімділігінің деңгейін арттыру жөніндегі нұсқаулықтар» әдістемелік құралдары әзірленді.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.М.Зарлықова білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Республикалық жастар Кеңесінің мүшесі болып табылады.

Облыстық кәсіподақ комитеті алдағы уақытта да жастар ортасында кәсіподақ туралы ұғымды кәсіподақ мүшелерінің, әсіресе жастардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын нақты қорғай алатын беделді және мықты қоғамдық ұйым ретінде қалыптастыру қажет деп санайды.

Ардагерлерге қамқорлық таныту кәсіподақ ұйымының әрдайм басты назарында. Облыстық кәсіподақ комитеті облыстық білім басқармасымен бірге жыл сайын өскелең ұрпақты оқытуға және тәрбиелеуге зор жеке үлестерін қосқан, құрметті демалыстағы педагогикалық еңбек ардагерлерімен дәстүрлі кездесу ұйымдастырады. Жаңашық педагогтар мен еңбек қызметін бастап жатқан жас мамандардың кездесуі өткізіліп, «Ұрпақтар бірлігі» ұранымен мұғалімдер династиясына құрмет көрсетілді.

Ұлы Отан соғысының Жеңі күніне «Есімізде. Құрметтейміз. Тағзым етеміз... » акциясы өткізіліп, Ұлы Отан соғысына қатысушы-педагогтар мен еңбек фронтына қатысушы-педагогтарға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Кәсіподақ ұйымдары «Әйелдерге зорлық көрсетуге қарсы белсенді әрекеттердің 16 күні» акциясына белсенді қатысты.

Кәсіподақ белсенділерінің еңбегі облыстық кәсіподақ комитетінің тарапынан ынталандырылып, Құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен, құнды сыйлықтармен және ақшалай сыйақылармен марапатталады. Кәсіподақ қозғалысын дамытуға зор үлес қосып ерекшеленген кәсіподақ мүшелері үшін, облыстық кәсіподақ комитеті Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, ҚРКФ-на Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, ҚР білім және ғылым Министрлігіне «Еңбек ардагері» медалімен, сондай-ақ Құрмет грамотасымен марапаттау туралы өтініш білдіреді.

2015 жылы барлығы 306 кәсіподақ мүшесі марапатталды: «Еңбек ардагері» медалімен -6 адам, «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен – 2 кәсіподақ лидері, «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен – 5 кәсіподақ лидері, 3 кәсіподақ белсендісі және 3 әлеуметтік әріптес.

Ынталандырудың мұндай түрі 2016 жылы да жалғасын тапты. Мысалы, 2016 жылы барлығы 252 кәсіподақ мүшесі марапатталды: «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен – 1 лидер, «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен – 1 кәсіподақ лидері, 1 кәсіподақ белсендісі және 1 әлеуметтік әріптес.

Төрт жыл бойы жазғы каникул кезінде ынталандыру туристік сапарлары ұйымдастырылады. Осы жылы облыстық кәсіподақ бюджетінің қаражатынан ҰБТ тапсыру кезінде оқушылары жоғарғы нәтиже көрсетіп, «Алтын белгі» алған 50 мұғалім және 25 бастауыш сынып мұғалімдері «Мерке» шипажайында демалды, 2015 жылы 40 мұғалім Түркияға барып қайтты.

Кәсіподақ ұйымдарының қызметін үйлестіру нәтижесінде жыл сайын кәсіподақтық бұқаралық ақпарат құралдарына жазылу жөнінде үгіт жұмыстары жүргізіледі.

2017 жылға «Қазақстан кәсіподақтарының» 143 данасына және 87 дана «Білімді ел» газетіне жазылу жүргізілді. Жазылу жұмысы жалғасуда.

Кәсіподақ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі жұмыс айтарлықтай жандандырылды.

Облыстық кәсіподақ комитеті бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіподақ жұмысы туралы үздік басылымға «Еңбек адамы – мемлекеттің жоғары құндылығы» атты облыстық байқауын жариялады. Байқаудың міндеті кәсіподақ мүшесі – білім және ғылым мекемесі қызметкерінің мәртебесі мен беделін арттыру, оның қазіргі заманғы мемлекетті дамытудағы маңыздылығын көрсету, жастардың педагог кәсібіне назарын аудару, кәсіподақ ұйымдарының қызметін нақты фактілермен және мысалдармен көрсету, кәсіподақ лидерлері – кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен қатардағы кәсіподақ мүшелерінің қызметін кәсіподақ, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау болып табылады.

Кәсіподақ ұйымдарына облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен ай сайын шығарылатын «Ақтөбе-Ұстазы» газетінде парақша бөлінген.

Облыстық кәсіподақ комитеті азаматтық қоғамдағы педагогтардың мәртебесі туралы әңгіме болған «Ақтөбе-Қазақстан» және «Ақтөбе тынысы» телевизиялық бағдарламаларына қатысты. Оның міндеті аймақтағы әлеуметтік бағдарламаны шешудегі және педагог қызметкердің мәртебесін арттырудағы кәсіподақтың рөлі мен маңызыдылығын көрсету болатын.

Алайда жүргізілген жұмыстарға қарамастан, кәсіподақ ұйымдарының алдында бірқатар шешілмеген мәселелер бар, аудандық кәсіподақ комитеттері мен бастауыш ұйым төрағаларының тарапынан әрекетсіздіктің көптеген фактілерін келтіруге болады.

Барлық мүшелік ұйымдардың кәсіподақ қызметінде жоғары деңгейге қол жеткізу үшін, облыстық кәсіподақ ұйымының жұмысы кәсподақ мүшелігіне одан әрі ынталандыруға, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етуге, педагогтың қоғамдағы мәртебесін арттыруға, білім сапасын жақсартуға, жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеуді жетілдіруге бағытталған.

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарының алдына төмендегідей міндеттер қойылған:

- кәсіподақ мүшелігіне ынталандыруды күшейту және одан әрі дамыту;

- жарғылық талаптарды орындау;

- кадрлар резервін қалыптастыру және оларды оқыту;

- әлеуметтік әріптестікті жетілдіру;

- әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайын жақсарту;

- қызметкерлердің жалақысын арттыру;

- мүшелік ұйымдардағы қаржылық және атқарушылық тәртіптемені нығайту;

-кәісподақ қызметкерлерін, белсенділері мен жұмыс берушілерді құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру және жүргізу;

- бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс.

Кәсіподақ органдарының алдына еңбек адамының мүдделерін кәсіби қорғай білу міндеті қойылды.

Төрайым Р.Серікова




жүктеу 186,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау