Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет46/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57

жасасу үшiн қажеттi жағдай жасауды қамтамасыз етедi.  
      Кәсiптiк одақтың мүшелерi болып табылмайтын қызметкерлер шарттық 
негiзде жұмыс берушiмен өзара қарым-қатынастарда өз мүдделерiн бiлдiру үшiн 
кәсiподақ органына да, өзге өкiлдерге де уәкiлеттiк беруге құқылы.  
      Ұйымда қызметкерлердiң бiрнеше өкiлдерi болған кезде комиссияға қатысу 
және ұжымдық шартқа қол қою үшiн олар бiртұтас өкiлдi орган құруы мүмкiн. Бұл 
ретте олардың әрқайсысына өздерi өкiлдiк ететiн қызметкерлердiң санына қарай 
пропорционалды өкiлдiк ету принципi негiзiнде келiссөздер жүргiзу жөнiндегi 
бiртұтас органның құрамында өкiлдiк ету құқығы берiледi.  
      3. Комиссия әзiрлеген ұжымдық шарттың жобасын ұйым қызметкерлерi 
мiндеттi түрде талқылауға тиiс. Жобаны талқылау нысанын қызметкерлердiң 
өздерi айқындайды. Комиссия келiп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере 
отырып, жобаны пысықтайды.  
      4. Тараптардың келiсiмiне қол жеткiзiлген кезде ұжымдық шарт кемiнде 
екi данада жасалады және оған тараптардың өкiлдерi қол қояды.  
      5. Ұжымдық шарттың жекелеген ережелерi бойынша тараптар арасында 
келiспеушiлiктер болған кезде ұжымдық келiссөздер басталған күннен бастап бiр 
ай iшiнде тараптар бiр мезгiлде келiспеушiлiктер хаттамасын жасай отырып, 
келiсiлген талаптармен ұжымдық шартқа қол қоюға тиiс.  
      6. Ұжымдық шартты өзгерту және толықтыру осы бапта оны жасасу үшiн 
белгiленген тәртiппен тараптардың өзара келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.  
      7. Егер алынған мәлiметтер мемлекеттiк, қызметтiк, коммерциялық 
және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын болса, ұжымдық 
келiссөздерге қатысушылардың бұл мәлiметтердi жария етуге құқығы жоқ.  
      8. Ұжымдық келiссөздерге қатысушылар келiссөздер жүргiзу кезiнде орташа 
айлық жалақысы сақтала отырып, еңбек мiндеттерiн орындаудан босатылуы мүмкiн. 
Бұл мерзiм олардың еңбек өтiлiне қосылады.  
      9. Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнiнен 
бастап бiр ай мерзiм iшiнде еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық 
бөлiмшесiне мониторинг үшiн ұсынуға мiндеттi. 
      10. Тараптардың өкiлдерi қызметкерлерге ұжымдық шарттың орындалу барысы 
туралы мезгiл-мезгiл хабарлап отыруға мiндеттi. 
      
Ескерту. 282-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      283-бап. Ұжымдық шарттың тараптары 
 
      1. Қызметкерлер және жұмыс берушi ұжымдық шарттың тараптары болып 
табылады.  
      2. Ұжымдық шарт ұйымдарда да, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен 
өкiлдiктерiнде де жасалуы мүмкiн. 
      
Ескерту. 283-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      284-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы 
 
      1. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар айқындайды. Ұжымдық 
шартқа:  
      1) еңбекке ақы төлеудi нормалау, оның нысандары, жүйелерi, 
қызметкерлерге, оның iшiнде ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және 
(немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге 
тарифтiк ставкалар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша ақылар мөлшерi 
туралы;  
      2) жалақыны индекстеудiң тәртiбi туралы, жәрдемақы және өтемақы, оның 
iшiнде жазатайым оқиғалар кезiндегi төлемдер туралы; 
      3) тиiстi мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең төменгi 
жалақысы мөлшерлерiнiң арасындағы жол берiлетiн арақатынас туралы;  
      4) разрядаралық коэффициенттердi белгiлеу туралы;  
      5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары 
туралы;  
      6) саламатты және қауiпсiз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, 


еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi шараларды қаржыландыру 
көлемi туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы ережелер енгiзiлуге тиiс. 
      7) 
алып тасталды - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 
Заңымен.
 
      2. Ұжымдық шартқа:  
      1) еңбектi ұйымдастыруды жақсарту және өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру 
туралы;  
      2) еңбек тәртiптемесi мен еңбек тәртiбiн реттеу туралы;  
      3) босатылатын қызметкерлердiң жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, 
бiлiктiлiгiн арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз 
ету туралы;  
      4) жұмысты оқумен қоса атқаратын қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер 
мен жеңiлдiктер туралы;  
      5) қызметкерлердiң тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту 
туралы;  
      6) қызметкерлердi сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың 
тынығуы туралы;  
      7) кәсiподақ мүшелерi болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын 
бұзған кезде ұйымның кәсiподақ органының дәлелдi пiкiрiн ескерудiң тәртiбi 
туралы;  
      8) кәсiподақ органына сайланған қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер 
туралы;  
      9) қызметкерлердiң өкiлдерi қызметiн жүзеге асыруға арналған талаптар 
туралы;  
      10) кәсiподақ қызметi үшiн жағдай жасау туралы;  
      11) қызметкерлердi сақтандыру туралы; 
      11-1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру 
туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктiлiкке және босануға, жаңа 
туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда 
төленетiн әлеуметтiк төлем сомасын шегергендегi орташа жалақысын сақтай 
отырып, жүктiлiкке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы 
(балаларды) асырап алған қызметкерлерге берiлетiн демалысқа ақы төлеу туралы; 
      12) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және оған өзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы;  
      13) еңбек шарттарын ереуiлдi желеу етiп жұмыс берушiнiң бастамасы 
бойынша бұзуды болдырмау туралы;  
      14) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерi келтiрген залал үшiн 
жауаптылығы туралы;  
      15) тараптардың ұжымдық шартты орындауға жауаптылығы туралы;  
      16) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы; 
      16-1) қызметкерлердi және олардың отбасыларын медициналық сақтандыру 
кепiлдiктерi туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы; 
      17) тараптар айқындаған басқа да мәселелер бойынша қызметкерлер мен 
жұмыс берушiнiң өзара мiндеттемелерi енгiзiлуi мүмкiн.  
      3. Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңiрлiк келiсiмдермен 
салыстырғанда қызметкерлер жағдайын нашарлатпауға тиiс. Мұндай ережелер 
жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиiс. 
      
Ескерту. 284-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi); 04.02.2013 
№ 75-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      285-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзiмдерi мен аясы 
 
      1. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзiмге жасалады.  
      2. Ұжымдық шарт, егер оның ережелерiнде өзгеше көзделмесе, қол қойылған 
кезден бастап күшiне енедi және тараптар оны орындауға мiндеттi.  
      3. Ұжымдық шарттың күшi жұмыс берушiге және солардың атынан ұжымдық 
шарт жасалған ұйым қызметкерлерiне және жазбаша өтiнiш негiзiнде оған 
қосылған қызметкерлерге қолданылады. 
      Қосылу тәртiбi ұжымдық шартта айқындалады. 
      4. Ұйымның қайта ұйымдастырылу (бiрiгу, қосылу, бөлiну, бөлiнiп шығу, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау