Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет43/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57

бiрлестiктерiнiң өкiлдерi жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң 
өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.  
      Аталған одақтардан (қауымдастықтардан) өкiлдiк ету олардың құрамына 
кiретiн республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң санына қарай пропорциялық 
негiзде жүзеге асырылады.  
      264-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi салалық деңгейде 
 
                ұйымдастыру 
 
      1. Салалық комиссия тиiстi шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен 
келiссөздер жүргiзу арқылы әлеуметтiк әрiптестердiң мүдделерiн келiсудi 
қамтамасыз ету жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады. Осы 
Кодекстiң мақсаттары үшiн салалар тiзбесiн республикалық комиссия белгiлейдi.  
      2. Тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың өкiлеттi 
өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлдерi салалық комиссиялардың 
қатысушылары болып табылады.  
      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында 
құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар салалық кәсiптiк 
одақтар қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып 
табылады.  
      4. Салалық ұйымдардың өкiлдерi жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерi 
болып табылады.  
      265-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi өңiрлiк деңгейде 
 
                ұйымдастыру 
 
      1. Өңiрлiк комиссия тиiстi келiсiмдермен және шешiмдермен ресiмделетiн 
консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы әлеуметтiк әрiптестердiң 
мүдделерiн келiсудi қамтамасыз ету жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн орган 
болып табылады.  
      2. Жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi өкiлеттi өкiлдерi, жұмыс 
берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлдерi өңiрлiк комиссиялардың қатысушылары 
болып табылады.  
      3. Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегi кәсiптiк одақтар 
бiрлестiктерi қызметкерлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi 
болып табылады.  
      4. Өңiрлiк деңгейдегi жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерi:  
      облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң облыстық 
бiрлестiктерi, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi облыстық бiрлестiк;  
      қалалық, аудандық деңгейлерде - шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi қалалық, 
аудандық бiрлестiктер болып табылады.  
      266-бап. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын ұйым деңгейiнде 
 
                реттеу 
 
      1. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеудi қамтамасыз ету, ұжымдық 
келiссөздер жүргiзу және ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оны жасасу, 
сондай-ақ ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшiн тараптар 
шешiмi бойынша тең құқықтылық негiзде тараптардың қажеттi өкiлеттiктер 
берiлген өкiлдерiнен тұратын комиссиялар құрылады.  
      2. Жұмыс берушi ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес ұйымда жұмыс 
iстейтiн кәсiптiк одақтың қызметi үшiн жағдай жасайды.  
      3. Тараптардың келiсiмi бойынша және кәсiптiк одақ мүшелерi болып 
табылатын қызметкерлердiң жазбаша өтiнiштерi болған кезде, жұмыс берушi 
кәсiптiк одақтың есеп-шотына қызметкерлердiң жалақысынан ұсталатын мүшелiк 
кәсiподақ жарналарын ай сайын аударады. 
      
Ескерту. 266-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 


      267-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық, салалық, 
 
                өңiрлiк комиссияларды құрудың принциптерi мен 
 
                тәртiбi 
 
      1. Тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялар 
мынадай принциптер:  
      1) комиссиялардың қызметiне атқарушы билiк органдары өкiлдерiнiң, жұмыс 
берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерiнiң қатысу мiндеттiлiгi;  
      2) тараптардың өкiлеттiлiгi;  
      3) тепе-тең өкiлдiк ету;  
      4) тараптардың тең құқықтылығы;  
      5) тараптардың өзара жауапкершiлiгi негiзiнде құрылады.  
      2. Комиссиялар қатысушыларының жеке құрамын әлеуметтiк әрiптестiктiң 
әрбiр тарапы дербес құрады.  
      268-бап. Республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялардың 
 
                негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi 
 
      1. Комиссиялардың негiзгi мақсаттары әлеуметтiк және еңбек қатынастарын 
реттеу және әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының мүдделерiн келiсу болып 
табылады.  
      2. Комиссиялардың негiзгi мiндеттерi:  
      1) әлеуметтiк және экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша 
әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының ұстанымдарын келiсу;  
      2) келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасу;  
      3) келiсiмдердi iске асыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу, келiсу және 
бекiту;  
      4) халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және қолдануға 
байланысты мәселелер бойынша консультациялар өткiзу және ұсынымдар әзiрлеу 
болып табылады.  
      3. Комиссиялар өздерi бекiткен ережелерге және жұмыс жоспарларына 
сәйкес жұмыс iстейдi. Комиссия отырыстары жылына екi реттен сирек 
болмайтындай етiп өткiзiледi.  
      269-бап. Республикалық, салалық және өңiрлiк 
 
                комиссиялардың негiзгi құқықтары 
 
      Республикалық, салалық және өңiрлiк комиссиялар:  
      1) өз отырыстарында әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласында 
келiсiлген саясат жүргiзу проблемаларын қарауға;  
      2) келiсiм жобасын әзiрлеу, көрсетiлген келiсiмдi iске асыру, комиссия 
шешiмдерiн орындау кезiнде атқарушы органдардың, жұмыс берушiлер мен 
қызметкерлер бiрлестiктерiнiң мүдделерiн келiсуге;  
      3) атқарушы органдардан, жұмыс берушiлерден және (немесе) қызметкерлер 
өкiлдерiнен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттейтiн, жасалатын және 
жасалған келiсiмдер туралы ақпарат сұратуға;  
      4) өз шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты 
тұлғалар оларды орындамаған жағдайда әлеуметтiк әрiптестiктiң тиiстi тарапына 
анықталған бұзушылықтарды жою және келiсiмнiң талаптарын орындамағаны үшiн 
кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту жөнiндегi ұсыныстары бар ақпарат жiберуге;  
      5) атқарушы органдардан ұжымдық келiссөздер жүргiзу және келiсiмнiң 
жобасын әзiрлеу, аталған келiсiмнiң орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшiн 
қажеттi әлеуметтiк жағдай туралы ақпаратты сұратуға және алуға;  
      6) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қарауына әлеуметтiк және еңбек 
қатынастары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде 
ұсыныстар енгiзуге;  
      7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып, жұмыс топтарын құруға;  
      8) комиссия отырысына атқарушы органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң 
қызметкерлерiн, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды шақыруға;  
      9) атқарушы органдар, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң бiрлестiктерi 
комиссия белгiленген мерзiмде қарауға және орындауға мiндеттi бiрлескен 
келiсiмдер мен шешiмдер қабылдауға;  
      10) әлеуметтiк және еңбек қатынастары мен әлеуметтiк әрiптестiк 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау