мәселелерi
бойынша халықаралық, республикалық, өңiраралық кеңестер,
конференциялар, конгрестер, семинарлар өткiзуге аталған iс-шараларды
ұйымдастырушылармен келiсiлген тәртiппен қатысуға құқылы.
270-бап. Қызметкерлер өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi
1. Қызметкерлер өкiлдерiнiң:
1) қызметкерлердiң әлеуметтiк-еңбек құқықтары мен мүдделерiн бiлдiруге
және қорғауға;
2) жұмыс берушiмен жобаларды әзiрлеу және келiсiмдердi, ұжымдық
шарттарды жасасу жөнiндегi ұжымдық келiссөздер жүргiзуге,
осы мақсаттарда
еңбек қатынастары мәселелерi бойынша қажеттi ақпарат алуға;
3) келiсiмдерде немесе ұжымдық шарттарда көзделген әлеуметтiк-
экономикалық даму мәселелерiн шешуге қатысуға;
4) осы Кодексте белгiленген тәртiппен қоғамдық бақылауды жүзеге
асыруға;
5) еңбек заңнамасын бұзу мәселелерi бойынша еңбек жөнiндегi уәкiлеттi
мемлекеттiк органның мемлекеттiк инспекторларымен өзара iс-қимыл жасасуға;
6) келiсiмдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын
қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды зерделеу мен қолдану үшiн жұмыс
орындарында болуға;
7) еңбек қатынастарына және әлеуметтiк-экономикалық мәселелерге
байланысты заңнамалық актiлердiң, бағдарламалардың жобаларын әзiрлеу мен
қарау жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың жұмысына қатысуға;
8) осы Кодексте белгiленген тәртiппен қызметкер
мен жұмыс берушiнiң
арасындағы еңбек дауларын реттеуге қатысуға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен
жиналыстар, шерулер, митингiлер, пикеттер, ереуiлдер өткiзуге құқығы бар.
2. Жұмыс берушiлердiң қызметкерлер өкiлдерiне өз өкiлеттiктерiн жүзеге
асыруына кедергi жасауына жол берiлмейдi.
30-тарау. ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК ТАРАПТАРЫ АРАСЫНДА
КЕЛIСIМДЕР ЖАСАСУ ТӘРТIБI
271-бап. Келiсiмдердi дайындау жөнiнде келiссөздер
жүргiзу құқығы
1. Әлеуметтiк әрiптестiктiң кез келген тарапы келiсiмдi әзiрлеу, оның
мазмұны, оны жасасу, өзгерту, толықтыру жөнiндегi
келiссөздердiң бастамашысы
болуға құқылы.
2. Республикалық, салалық, өңiрлiк деңгейлерде қызметкерлер мен жұмыс
берушiлер уәкiлеттiк берген бiрнеше өкiл бар болса, олардың әрқайсысына
өздерi өкiлдiк ететiн қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң атынан келiссөздер
жүргiзу құқығы берiледi.
272-бап. Келiссөздер жүргiзудiң, келiсiмдердi әзiрлеу
мен жасасудың тәртiбi
1. Екiншi тараптан келiссөздердiң басталуы туралы жазбаша ұсыныстар
алған тараптар күнтiзбелiк он күн iшiнде оларды қарауға және келiссөздерге
кiрiсуге мiндеттi.
Тараптар арасында салалық келiсiмнiң
жекелеген ережелерi бойынша
келiспеушiлiктер болғанда, келiссөздер басталған күннен бастап үш ай iшiнде
тараптар бiр мезгiлде келiспеушiлiктер хаттамасын жасай отырып, келiсiлген
шарттарда салалық келiсiмге қол қоюға тиiс.
2. Келiссөздер жүргiзу тәртiбiн, келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасу
мерзiмдерiн, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi, оларға
қосылуды комиссиялар бекiтедi.
3. Келiсiмдер оларға тараптар қол қойған кезден бастап не келiсiмдерде
белгiленген күннен бастап күшiне енедi. Келiсiмдердiң
барлық қосымшалары
олардың ажырамас бөлiгi болып табылады және солармен бiрдей заң күшiне ие
болады.
4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi тараптардың келiсiмi бойынша не жаңа
келiсiм қабылданғанға дейiн белгiленедi, бiрақ үш жылдан аспауға тиiс.
5. Қызметкерлерге бiр мезгiлде бiрнеше келiсiмдердiң күшi қолданылған
жағдайларда, келiсiмдердiң қызметкерлер үшiн неғұрлым қолайлы шарттары
қолданылады.
6. Бас, салалық, өңiрлiк келiсiмдердi әлеуметтiк әрiптестiк
тараптарының өкiлдерi қол қойып бекiтедi.
7. Тараптар қол қойған салалық, өңiрлiк келiсiмдер қосымшаларымен қоса
он күн мерзiмде хабарламалық тiркеу үшiн жiберiледi.
273-бап. Республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялардың
шешiмдер қабылдау тәртiбi
1. Комиссиялардың шешiмдерi келiссөздерде барлық тараптардың келiсiмiне
қол жеткiзу негiзiнде ғана қабылданады және тиiстi келiсiмдермен ресiмделедi.
2. Келiсiм барысында, егер тараптар келiсiмге келе алмаса,
келiспеушiлiктердi жою жөнiндегi және келiссөздердi қайта жалғастыру
мерзiмдерi туралы тараптардың түпкiлiктi тұжырымдалған ұсыныстары енгiзiлетiн
хаттама жасалады.
3. Шешiмдер қабылдау мен жұмысты ұйымдастыру тәртiбiн комиссиялар
әзiрлеп, бекiтедi.
274-бап. Комиссиялардың үйлестiрушiлерi
Республикалық, салалық және өңiрлiк комиссиялардың үйлестiрушiлерi
тараптардың бiрлескен шешiмiмен тағайындалады. Комиссияның үйлестiрушiсi:
1) тараптардың қызметiне араласпайды;
2) комиссия жұмысына қатысу үшiн жұмыс берушiлер мен қызметкерлер
бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн, атқарушы билiк органдарының комиссия мүшелерi
болып
табылмайтын өкiлдерiн, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, басқа да
ұйымдардың өкiлдерiн шақырады;
3) комиссияның және жұмыс топтарының жұмысын, хаттамалардың
жүргiзiлуiн, шешiмдердiң жобаларын дайындауды және олардың орындалуын
бақылауды қамтамасыз етедi.
275-бап. Келiсiмдердiң тараптары, түрлерi
1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкiметi, жұмыс
берушiлердiң республикалық бiрлестiктерi мен қызметкерлердiң республикалық
бiрлестiктерi арасында Бас келiсiм жасалады.
2. Салалық деңгейде тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк
органдар, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң
өкiлеттi өкiлдерi арасында
салалық келiсiмдер жасалады.
3. Өңiрлiк деңгейде жергiлiктi атқарушы органдар және жұмыс берушiлер
мен қызметкерлердiң өкiлеттi өкiлдерi арасында өңiрлiк (облыстық, қалалық,
аудандық) келiсiмдер жасалады.
Ескерту. 275-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
276-бап. Келiсiмдердiң мазмұны
1. Келiсiмдер:
1) қолданылу мерзiмi туралы;
2) орындалуын бақылау тәртiбi туралы;
3) келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы;
4) тараптардың өздерiне жүктелген мiндеттемелердi орындамаған
жағдайдағы жауаптылығы туралы ережелердi қамтуға тиiс.
2. Бас келiсiмнiң мазмұнын республикалық комиссия әлеуметтiк
әрiптестiктiң барлық тараптары немесе солардың бiреуi ұсынған Бас келiсiмнiң
жобаларын негiзге ала отырып айқындайды.
3. Салалық және өңiрлiк келiсiмдердiң мазмұнын
салалық және өңiрлiк