Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет57/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57

      1) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды Қазақстан Республикасы 
еңбек заңнамасының бұзылу фактiлерi туралы өз құзыретi шегiнде хабардар 
етуге;  
      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жай-
күйi туралы ақпаратты еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген 
нысанға сәйкес еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға тоқсан сайын 
берiп отыруға мiндеттi.  
      6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттiк 
бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.  
      Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау 
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк 
бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.  
      Ескерту. 328-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.12.19. 
N 9 
(алғашқы 
ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi), 2009.07.17. 
N 188-IV 
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 
2-
баптан 
қараңыз), 2011.01.06 
N 378-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 
№ 566-IV
 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      329-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы қызметiнiң 
 
                принциптерi мен негiзгi мiндеттерi 
 
      Мемлекеттiк еңбек инспекциясының қызметi қызметкерлердiң құқықтары мен 
бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әдiлдiк, тәуелсiздiк 
және жариялылық принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.  
      Мемлекеттiк еңбек инспекциясының негiзгi мiндеттерi:  
      ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын 
мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету;  
      қауiпсiз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердiң 
құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;  
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелерi бойынша 
қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өтiнiштерiн, арыздарын және шағымдарын 
қарау болып табылады.  
      330-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының құқықтары 
 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк 
бақылауды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк еңбек инспекторларының:  
      1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргiзу мақсатында ұйымдар мен 
кәсiпорындарда кедергiсiз болуға;  
      2) жұмыс берушiлерден өздерiне жүктелген функцияларды орындауға қажеттi 
құжаттарды, түсiнiктемелердi, ақпаратты сұратуға және алуға;  
      3) жұмыс берушiлер орындауға мiндеттi нұсқамалар, қорытындылар беруге, 
сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар 
толтыруға, әкiмшiлiк жазалар қолдануға;  
      4) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге;  
      5) ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс 
орындарының қызметi және жабдықтардың, тетiктердiң пайдаланылуы еңбек 
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң 
талаптарына сай келмейтiнi анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын 
мерзiмге, көрсетiлген мерзiм iшiнде мiндеттi түрде сотқа талап-арыз бере 
отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға);  
      6) жұмыс орындарында белгiленген талаптарға сай келмейтiн арнаулы 
киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң және басқа да жеке және ұжымдық қорғану 
құралдарының берiлуi мен пайдаланылуына тыйым салуға;  
      7) жұмыс берушiге (оның өкiлiне) хабарлай отырып және тиiстi акт жасау 
арқылы арнаулы киiм үлгiлерiн, пайдаланылатын немесе өңделетiн материалдар 
мен заттарды талдау жасау үшiн алуға;  
      8) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды белгiленген тәртiппен тергеп-
тексеруге;  
      9) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқудан, 
нұсқау беруден, бiлiмiн тексеруден өтпеген қызметкерлердi жұмыстан шеттету 


үшiн жұмыс берушiлер орындауға мiндеттi нұсқамалар беруге;  
      10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттiк еңбек 
инспекторларының актiлерiн жұмыс берушiлердiң орындамауы фактiлерi бойынша 
тиiстi құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де 
материалдар жiберуге;  
      11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiмдi тексеруге 
қатысуға;  
      12) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру кезiнде белгiленетiн 
айрықша талаптардың орындалуына тексеру жүргiзуге;  
      13) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша iшкi 
бақылау жүргiзуiнiң толықтығы мен дәйектiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;  
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды 
жүзеге асыруға құқығы бар. 
      Ескерту. 330-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
      331-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының мiндеттерi 
 
      Мемлекеттiк еңбек инспекторлары:  
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге 
асыруға;  
      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексерудi 
уақтылы және сапалы жүргiзуге;  
      3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiндегi шараларды 
қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушiлердi (олардың 
өкiлдерiн) хабардар етуге, кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде ұсынулар 
енгiзуге;  
      4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерi 
бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өтiнiштерiн уақтылы қарауға;  
      5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды 
анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтiру жөнiнде 
ұсынымдар беруге;  
      6) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-
тексеруге қатысуға;  
      7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерiн жинауды, талдауды, қорытуды 
жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын 
алу жөнiндегi жұмысты күшейтуге бағытталған iс-шараларды әзiрлеу мен 
қабылдауға қатысуға;  
      8) мемлекеттiк құпияны, еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне 
мәлiм болған қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны 
құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;  
      9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерi 
бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзуге;  
      10) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бақылауды жүзеге 
асыру кезiнде азаматтармен және қызметкерлердiң өкiлдерiмен өзара iс-қимыл 
жасасуға мiндеттi.  
      332-бап. Жұмыс берушiнiң мемлекеттiк еңбек инспекторы 
 
                бақылау жүргiзген кездегi құқықтары мен 
 
                мiндеттерi 
 
      1. Жұмыс берушi Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына 
мемлекеттiк бақылауды жүргiзу кезiнде:  
      1) жүргiзiлген тексеру актiлерi бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторына 
түсiнiктемелер беруге;  
      2) егер жүргiзiлетiн тексеру нысанасына қатысы болмаса, мәлiметтер мен 
құжаттарды бермеуге;  
      3) тексеру нәтижелерi туралы актiге және мемлекеттiк еңбек 
инспекторының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға құқылы.  
      2. Жұмыс берушi Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына 
мемлекеттiк бақылауды жүргiзу кезiнде:  
      1) мемлекеттiк еңбек инспекторының тексерiлетiн объект аумағына және 


үй-жайларына кедергiсiз кiруiн (болуын) қамтамасыз етуге;  
      2) тексеру жүргiзетiн мемлекеттiк еңбек инспекторына және ұйым 
қызметкерлерiнiң өкiлдерiне тексеру нәтижелерi туралы актiге қоса тiркеу үшiн 
қағаздағы және электрондық тасығыштардағы құжаттарды (мәлiметтердi) не 
олардың көшiрмелерiн беруге, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына 
сәйкес автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол 
жеткiзуiне мүмкiндiк жасауға;  
      3) мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерiн орындау үшiн қабылдауға 
және актiнiң екiншi данасына оны алғаны туралы тиiстi белгi жасауға;  
      4) тиiстi мерзiмдерде мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерiн орындау 
жөнiнде ақпарат беруге мiндеттi.  
      333-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерi 
 
      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың анықталуына 
қарай мемлекеттiк еңбек инспекторы мынадай актiлер:  
      1) нұсқама:  
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою 
туралы;  
      жарақаттану қаупi бар және авариялық жағдайлардың туындауын болғызбау 
үшiн өндiрiстiк объектiлер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндiрiстiк 
процестердегi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi алдын алу 
жұмыстарын жүргiзу туралы;  
      жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындары мен 
жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметiне тыйым салу (оны 
тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады (жасайды). Бұл ретте ұйым қызметiне 
тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн 
қолданылады;  
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;  
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату 
туралы қаулы;  
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарады.  
      2. Мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерi жұмыс берушiлер мен 
лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын 
бұзушылықтарына ықпал етудiң құқықтық шаралары болып табылады. Актiлер екi 
дана етiп жасалады, оның бiреуi қолы қойғызылып, жұмыс берушiге тапсырылады.  
      3. Лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк еңбек 
инспекторының актiлерiн орындауға мiндеттi.  
      4. Мемлекеттiк еңбек инспекторы актiлерiнiң нысанын еңбек жөнiндегi 
уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.  
       
Ескерту. 333-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17. 
N 188-
IV 
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 
2-баптан 
қараңыз) Заңымен. 
 
      334-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 
 
                сақталуын тексеру, олардың түрлерi, 
 
                нысандары мен мерзiмдерi 
 
       
Ескерту. 334-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. 
N 188-IV 
(қолданысқа 
енгiзiлу тәртiбiн 
2-баптан 
қараңыз) Заңымен. 
 
      335-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын 
 
                мемлекеттiк еңбек инспекторының шешiмдерiне, 
 
                әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану 
 
                тәртiбi 
 
      1. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде жұмыс берушiнiң құқықтары 
мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда, жұмыс берушi мемлекеттiк еңбек 
инспекторының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен еңбек  
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға, жоғары тұрған мемлекеттiк 
инспекторға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы.  


      2. Шағымдану мемлекеттiк еңбек инспекторлары берген актiлердiң 
орындалуын тоқтатпайды.  
      336-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясының басқа 
 
                мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара 
 
                iс-қимыл жасасуы 
 
      1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы өз қызметiн басқа мемлекеттiк 
қадағалау және бақылау органдарымен, қызметкерлердiң өкiлдерiмен, қоғамдық 
бiрлестiктермен, басқа да ұйымдармен өзара iс-қимыл жасаса отырып жүзеге 
асырады.  
      2. Мемлекеттiк органдар мемлекеттiк еңбек инспекторына Қазақстан 
Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi 
мiндеттерiн атқаруына жәрдемдесуге мiндеттi.  
      337-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының мемлекеттiк 
 
                бақылауды жүзеге асыру кезiндегi жауапкершiлiгi 
 
      Мемлекеттiк еңбек инспекторы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде 
өз қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған, сондай-ақ 
өзге де заңға қайшы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.  
39-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ ЖӨНIНДЕГI 
 
IШКI БАҚЫЛАУ 
 
      338-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 
 
                жөнiндегi iшкi бақылау 
 
      1. Iшкi бақылау еңбектi қорғауды басқару жүйесiн құруды және енгiзудi, 
еңбек жағдайларының жай-күйiн қадағалауды ұйымдастыруды, өндiрiстiк 
бақылаудың деректерiне жедел талдау жүргiзудi, тәуекелдердi бағалауды және 
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi анықталған сәйкессiздiктердi 
жою жөнiнде шаралар қабылдауды қамтиды.  
      2. Жұмыс берушi жұмыс орындарында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 
қорғау жөнiндегi белгiленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды 
жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 
қорғау жөнiндегi iшкi бақылауды жүзеге асырады. 
      
Ескерту. 338-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      339-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 
 
                жөнiндегi iшкi бақылауды жүзеге асыру тетiгi 
 
      1. Қызметкерлерiнiң саны елуден асатын өндiрiстiк қызметтi жүзеге 
асыратын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау талаптарын сақтау 
үшiн iшкi бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс берушi ұйымның тiкелей 
бiрiншi басшысына немесе ол уәкiлеттiк берген адамға бағынатын еңбек 
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн құрады. 
      2. Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау қызметi туралы үлгi 
ереженi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган әзiрлейдi. 
      3. Қызметкерлерiнiң саны елуге жетпейтiн жұмыс берушi қызмет 
ерекшелiгiн ескере отырып, еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi 
маман лауазымын енгiзедi не еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғауды 
қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттi басқа маманға жүктейдi. 
      4. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау қызметi немесе осы баптың 3-
тармағында көрсетiлген маман: 
      1) өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге 
және қарауға; 
      2) қауiпсiз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымдардың 
құрылымдық бөлiмшелерiнде өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк ауруларды 


болдырмау жөнiндегi алдын алу iс-шараларының әзiрленуiн және орындалуын 
бақылауды жүзеге асыруға; 
      3) ұйымның құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне анықталған еңбек 
қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнiнде шара 
қолдану туралы орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы. 
      5. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау қызметi немесе осы баптың 3-
тармағында көрсетiлген маман: 
      1) ай сайын ұйымдарда өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк аурулардың 
жай-күйi мен себептерiн талдауды жүргiзуге және олардың алдын-алу iс-
шараларын әзiрлеуге; 
      2) еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мәселелерi бойынша ұйымның 
қызметкерлерiн оқытуды, олардың бiлiмдерiн тексерудi ұйымдастыруға; 
      3) ұйымдарда өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру 
тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      Ескерту. 339-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      
339-1-бап. Ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi
 
                  
қорғау жөнiндегi комитет (комиссия)
 
      1. Жұмыс берушiнiң және (немесе) қызметкердiң не олардың өкiлдерiнiң 
бастамасы бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi комитет 
(комиссия) құрылады. Оның құрамына жұмыс берушiнiң өкiлдерi, кәсiподақ 
ұйымының өкiлдерi немесе қызметкерлердiң уәкiлеттi өкiлдерi тең құқылы 
негiзде кiредi. 
      2. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi комитет (комиссия) 
жұмыс берушi мен қызметкерлердiң еңбектi қорғау талаптарын қамтамасыз ету, 
өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк аурулардың алдын алу жөнiндегi бiрлескен 
iс-қимылын ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен 
еңбектiң қорғалуына тексеру өткiзудi және қызметкерлердi көрсетiлген 
тексерулердiң нәтижелерi туралы хабардар етудi, ұжымдық шарттың (келiсiмнiң) 
еңбектi қорғау туралы бөлiмiне ұсыныстар жинауды ұйымдастырады. 
      
Ескерту. 39-тарау 339-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
40-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ 
 
САҚТАЛУЫН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ 
 
      340-бап. Ұйымда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық 
 
                бақылау 
 
      1. Ұйымда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық 
бақылауды ұйымның кәсiподақ комитетi, ал кәсiподақ болмаған кезде 
қызметкерлердiң жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбектi қорғау 
жөнiндегi қоғамдық инспектор жүзеге асырады.  
      2. Қызметкерлердiң республикалық, салалық, өңiрлiк бiрлестiктерi 
ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мұндай құқық 
келiсiмдерде және ұжымдық шарттарда бекiтiлген жағдайда жүзеге асырады.  
      341-бап. Еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық 
 
                инспекторлардың құқықтары 
 
      Еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектордың:  
      1) жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi 
нормативтiк құқықтық актiлердi, жұмыс берушiнiң ұйымдардағы жұмыс орындарында 
қалыпты еңбек жағдайлары мен қауiпсiздiк техникасын жасау жөнiндегi 
келiсiмдердi, ұжымдық шарттарды сақтауын қоғамдық бақылау арқылы жұмыс 
берушiлер алдында қызметкерлердiң еңбектi қорғау құқықтарының қорғалуын 
жүзеге асыруға;  
      2) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және мемлекеттiк 


еңбек инспекторлары жүргiзетiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың жай-
күйiн кешендi тексерулерге қатысуға;  
      3) жұмыс берушiлерден және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарынан өз 
функцияларын атқару үшiн қажеттi, оның iшiнде жазбаша түрде ақпарат пен 
түсiнiктемелер алуға;  
      4) жұмыс берушiлердiң келiсiмдерде, ұжымдық шарттарда еңбектi қорғау 
бөлiгiнде көзделген мiндеттемелердi орындауын тексерулердi жүзеге асыруға 
және тексеру қорытындылары бойынша лауазымды адамдардың атына анықталған 
бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгiзуге;  
      5) өндiрiстiк объектiлер мен өндiрiс құралдарын сынақтан өткiзу және 
пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысуға;  
      6) еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге 
қатысуға, оларға өз ұсыныстарын енгiзуге;  
      7) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 
туралы заңнамасының, еңбектi қорғау бөлiгiнде келiсiмдер мен ұжымдық шарттар 
ережелерiнiң бұзылуына, өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiптiк ауруларды 
жасыруға кiнәлi жұмыс берушiлердi және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарын 
жауапқа тарту туралы талаптармен тиiстi мемлекеттiк органдарға жүгiнуге;  
      8) еңбек жағдайларының өзгеруiне, Қазақстан Республикасының еңбек 
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi заңнамасының бұзылуына, 
келiсiмдерде және ұжымдық шарттарда, сондай-ақ еңбек шарттарында көзделген 
мiндеттемелердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бөлiгiнде 
орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарауға қатысуға;  
      9) қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты жарақат алуы 
немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан келтiрiлген зиянды өтету 
құқықтарын қорғау үшiн әрi қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 
қорғау құқықтарына қысым жасалған басқа да жағдайларда қызметкердiң өтiнiшi 
бойынша талап қойып соттарға жүгiнуге құқығы бар.  
      Қазақстан Республикасы  
      Президентi  

жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау