комиссиялар әлеуметтiк әрiптестiктiң барлық тараптары
немесе солардың бiреуi
ұсынған келiсiмдер жобаларының негiзiнде айқындайды.
4. Келiсiмдерде:
1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғау, еңбек режимi
және тынығу режимi туралы ережелер көзделуi мүмкiн.
Салалар бойынша тарифтiк ставканың (айлықақының) ең төменгi мөлшерiнiң
көлемi салалық келiсiмдерде айқындалады;
2) бағалар мен инфляцияның, ең төменгi күнкөрiс деңгейi және келiсiмде
айқындалған көрсеткiштердiң орындалуы негiзге алына отырып, еңбекке ақыны
реттеу
тетiгi туралы;
3) өтемақы төлемдерi туралы;
4) қызметкерлердi жұмыспен қамтуға, кәсiптiк даярлауға және қайта
даярлауға жәрдемдесу туралы;
5) жұмысқа және тынығуға қолайлы жағдайлар жасау және тиiстi қоршаған
ортаны қамтамасыз ету жолымен өндiрiсте қызметкерлердiң денсаулығын сақтауды
ұйымдастыру туралы;
6) салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiндегi шаралар туралы;
7) қызметкерлердi және олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау
жөнiндегi арнайы iс-шаралар туралы;
8) өндiрiстiң уақытша тоқтатылуы жағдайында
қызметкерлердi қорғау
шаралары туралы;
9) жанжалдар мен ереуiлдердi болдырмау, еңбек тәртiбiн нығайту
туралы;
10) қызметкерлер өкiлдерiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн талаптар
туралы;
11) заңнамаға қайшы келмейтiн әлеуметтiк-еңбек мәселелерi бойынша басқа
да ережелер;
12) әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу туралы ережелер
көзделуi мүмкiн.
5. Салалық келiсiмдерде:
1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары және еңбектi қорғау, еңбек және
тынығу
режимi туралы;
2) өтемақы төлемдерi туралы;
3) қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау жөнiндегi арнайы iс-шаралар туралы;
4) инфляция, ең төменгi күнкөрiс деңгейi негiзге алынып, еңбекке ақы
төлеудi реттеу және келiсiмде айқындалған көрсеткiштердi орындау тетiктерi
туралы;
5) көтерiңкi салалық коэффициенттердi белгiлеу туралы ережелер
көзделуге тиiс.
6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда
қызметкердiң жағдайын нашарлататын келiсiмнiң ережелерi жарамсыз деп танылады
және қолданылмауға тиiс.
Ескерту. 276-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
277-бап. Келiсiмдердi тiркеу
1. Облыстық деңгейде жасалған салалық және өңiрлiк келiсiмдердi
тiркеудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
2. Қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңiрлiк
келiсiмдердi тiркеудi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
278-бап. Келiсiмдердiң қолданылуы
1. Келiсiмдердiң күшi өкiлдерi келiсiмге қол қойған тиiстi атқарушы
органдарға, қызметкерлер мен жұмыс берушiлерге қолданылады.
2. Келiсiм:
жұмыс берушiлер бiрлестiктерiнiң мүшелерi болып табылатын, келiсiмдi
жасасқан барлық жұмыс берушiлерге қатысты қолданылады. Жұмыс берушiлер
бiрлестiгiндегi мүшелiктi тоқтату жұмыс берушiнi соның мүшесi болған кезеңде
жасалған келiсiмдi орындаудан босатпайды. Келiсiм
қолданыста болған кезеңде
жұмыс берушiлер бiрлестiгiне кiрген жұмыс берушi осы келiсiмде көзделген
мiндеттемелердi орындауға мiндеттi;
келiсiмге қол қойылғаннан кейiн қосылған жұмыс берушiлерге қатысты
қолданылады.
3. Келiсiмдер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкiнiң
меншiк иелерi, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлерi шетелдiк
жеке және заңды тұлғалар не шетелдiк қатысуы бар ұйымдар болып табылатын
ұйымдарға да қолданылады.
4. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган республикалық деңгейде,
тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар салалық деңгейде
және жергiлiктi атқарушы органдар өңiрлiк деңгейде келiсiм жасасуға
қатыспаған жұмыс берушiлер бiрлестiктерiне,
жұмыс берушiлерге, қызметкерлер
бiрлестiктерiне тиiстi деңгейде келiсiмге қосылуға ұсыныспен келiсiмдi ресми
жариялауға мiндеттi.
Егер жұмыс берушiлер бiрлестiктерi, жұмыс берушiлер, қызметкерлер
бiрлестiктерi келiсiмге қосылу туралы ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап
күнтiзбелiк 30 күн iшiнде тиiстi атқарушы органдарға оған қосылудан дәйектi
бас тартуды жазбаша түрде ұсынбаған болса, онда келiсiм соларға қатысты осы
ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап қолданылады деп есептеледi.
Ескерту. 278-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
279-бап. Келiсiмдердiң орындалуын бақылау
Келiсiмдердiң орындалуын бақылауды әлеуметтiк әрiптестiк тараптары
жүзеге асырады.
280-бап. Келiссөздерге қатысудан жалтарғаны үшiн
жауапкершiлiк
Тараптар өкiлдерiнiң әлеуметтiк әрiптестiк туралы келiсiмдi жасасу,
өзгерту жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтаруы немесе әлеуметтiк
әрiптестiк туралы келiсiлген келiсiмге қол қоюдан құқыққа сыйымсыз бас
тартуы, келiссөздер жүргiзу және әлеуметтiк әрiптестiк туралы келiсiм
нормаларының сақталуына бақылау жасау үшiн қажеттi ақпарат бермеуi, сондай-ақ
оның талаптарын бұзуы немесе орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
31-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ
281-бап. Ұжымдық келiссөздер жүргiзудiң принциптерi
Ұжымдық келiссөздер жүргiзудiң принциптерi:
тараптар мүдделерiнiң тең құқықтылығы және оларды құрметтеу;
ұжымдық шарттың немесе келiсiмнiң мазмұнын құрайтын мәселелердi
талқылаудағы таңдау еркiндiгi;
тараптардың мiндеттемелер қабылдау ерiктiлiгi;
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау болып табылады.
282-бап. Ұжымдық келiссөздер жүргiзудiң, ұжымдық шартты
әзiрлеу мен жасасудың тәртiбi
1. Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзiрлеудiң және жасасудың
бастамашысы бола алады.
Екiншi тараптың ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздердi бастау
туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күндiк
мерзiмде қарап, осы
баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен келiссөздерге кiрiсуге мiндеттi.
2. Ұжымдық келiссөздер жүргiзу және ұжымдық шарттың жобасын әзiрлеу
үшiн тараптар тепе-тең негiзде комиссия құрады. Комиссия мүшелерiнiң саны,
оның жеке құрамы, жобаны әзiрлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзiмдерi тараптар
келiсiмiмен айқындалады.
Жұмыс берушi тараптардың келiсiмi бойынша ұжымдық шартты әзiрлеу мен