Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57


Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексi 
 
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; "Егемен 
Қазақстан" 2007 жылғы 22 мамыр N 132-135 (24710) 
 
 
МАЗМҰНЫ 
ЖАЛПЫ БӨЛIМ 
 
1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
 
1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР 
 
      
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 
 
      1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  
      1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшiлердiң қазыналық 
кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын iске 
асыруға, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруға 
және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық 
өкiлеттiктердi орындау жөнiндегi кәсiптiк қызметi; 
      2) азаматтық қызметшi - Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы 
штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске 
асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру 
мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi 
жүзеге асыратын адам; 
      3) айлық жалақының ең төменгi мөлшерi - бiлiктiлiктi қажет етпейтiн 
қарапайым (онша күрделi емес) еңбек қызметкерi осы Кодексте белгiленген 
қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезiнде еңбек 
нормаларын (еңбек мiндеттерiн) орындаған кезде бiр айда оған төленетiн 
ақшалай төлемдердiң кепiлдiк берiлген ең төменгi мөлшерi; 
      4) арнаулы киiм - қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк 
факторлардан қорғауға арналған киiм, аяқ киiм, бас киiм, қолғап, өзге де 
нәрселер; 
      5) ауыр жұмыстар – қызметкердiң ауыр заттарды (он килограмм және одан 
жоғары) қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуына, орнын ауыстыруына және 
тасымалдауына байланысты әрi көп күш-қуатты талап ететiн (250 ккал/сағаттан 
астам күш-қуат жұмсалатын) қызмет түрлерi; 
      6) ауысымдық жұмыс - тәулiк iшiнде екi не үш немесе төрт жұмыс 
ауысымындағы жұмыс; 
      7) әлеуметтiк әрiптестiк - қызметкерлер қызметкерлердiң өкiлдерi, жұмыс 
берушiлер (жұмыс берушiлердiң өкiлдерi), мемлекеттiк органдар арасындағы 
еңбек қатынастарын және олармен тiкелей байланысты өзге де қатынастарды 
реттеу мәселелерi бойынша олардың мүдделерiн үйлестiрудi қамтамасыз етуге 
бағытталған өзара қатынастар жүйесi; 
      8) бас, салалық (тарифтiк), өңiрлiк келiсiм (бұдан әрi - келiсiм) - 
әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының арасында жасалатын, келiсiмнiң мазмұнын 
және республикалық, салалық және өңiрлiк деңгейлерде қызметкерлер үшiн еңбек 
жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтiк кепiлдiктердi белгiлеу жөнiндегi 
тараптардың мiндеттемелерiн айқындайтын құқықтық акт
      9) бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге 
де өндiрiстiк немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша 
тоқтап тұруы; 
      10) бiлiктiлiк санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделiлiгiн 
көрсететiн, қызметкердiң бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар деңгейi; 
      11) бiтiмгерлiк комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бiтiмге 
келтiру жолымен реттеу үшiн жұмыс берушiлер мен қызметкерлер (олардың 
өкiлдерi) арасындағы келiсiм бойынша құрылатын орган; 


      12) бiтiмгерлiк рәсiмдерi - ұжымдық еңбек дауын алғашында - бiтiмгерлiк 
комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жетпеген кезде еңбек төрелiк сотында өз 
кезегiмен қарау; 
      13) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнiнде 
қызмет көрсету үшiн тартатын жеке немесе заңды тұлға; 
      14) демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгiленген 
жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердiң жыл сайынғы тынығуын 
қамтамасыз ету немесе әлеуметтiк мақсаттар үшiн қызметкердi белгiлi бiр 
кезеңге жұмыстан босату; 
      15) еңбек - адам мен қоғамның өмiрiне және қажеттiлiктерiн 
қанағаттандыруға қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды 
жасауға бағытталған адам қызметi; 
      16) еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының 
өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ келiсiмдерге, еңбек 
шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушiнiң актiлерiне сәйкес қызметкерге 
еңбегi үшiн берiлетiн сыйақының мiндеттi төлемiн жұмыс берушiнiң қамтамасыз 
етуiне байланысты қатынастар жүйесi; 
      17) еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарты (ЕАТС) - ауыр жұмыстарда
еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн 
қызметкердiң айлық жалақысының сақталуына кепiлдiк берiлген«ең төменгi 
мөлшерi, бұған жұмыс процесiнде зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк 
факторлардың әсерiне ұшырайтын қызметкердiң өмiрлiк күшi мен қуатын қалпына 
келтiруге қажеттi азық-түлiк өнiмдерiнiң, тауарлар мен көрсетiлетiн 
қызметтердiң ең төменгi жиынтығы кiредi; 
      18) еңбек гигиенасы - қызметкерлердiң денсаулығын сақтау, өндiрiстiк 
орта мен еңбек процесiнiң қолайсыз әсерiнiң алдын алу жөнiндегi санитарлық-
эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешенi; 
      19) еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, 
келiсiмдердiң, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс берушi 
актiлерiнiң талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелерi бойынша қызметкер 
(қызметкерлер) мен жұмыс берушiнiң (жұмыс берушiлердiң) арасындағы 
келiспеушiлiктер; 
      20) еңбек делдалдығы - халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту 
мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттiгi 
көрсететiн жәрдем; 
      21) еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен 
тынығу уақытының режимi жағдайлары, кәсiптердi (лауазымдарды) қоса атқару, 
қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердiң 
мiндеттерiн атқару, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау тәртiбi, 
техникалық, өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келiсуi 
бойынша өзге де еңбек жағдайлары; 
      22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - еңбек қатынастары 
саласындағы мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы; 
      23) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi 
- еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде 
еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi; 
      24) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, 
еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен мiндеттердi жүзеге 
асыру үшiн қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында туындайтын қатынастар
      25) еңбек қатынастарына тiкелей байланысты қатынастар - осы Кодексте 
көзделген жағдайларда еңбектi ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа 
орналастыруға, кәсiптiк даярлауға, қызметкерлердi қайта даярлауға және 
олардың бiлiктiлiгiн арттыруға, әлеуметтiк әрiптестiкке, ұжымдық шарттар мен 
келiсiмдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгiлеуге қызметкерлердiң 
(қызметкерлер өкiлдерiнiң) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан 
Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын 
қатынастар; 
      26) еңбек қауiпсiздiгi - еңбек қызметi процесiнде қызметкерлерге зиянды 
және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiн болғызбайтын iс-шаралар 
кешенiмен қамтамасыз етiлген қызметкерлердiң қорғалу жай-күйi; 
      27) еңбек қауiпсiздiгi жағдайлары - қызметкер еңбек мiндеттерiн 
орындаған кезде еңбек процесi мен өндiрiстiк ортаның еңбек қауiпсiздiгi 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау