Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты



жүктеу 28,99 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі28,99 Kb.
#1540


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы «___» ______________

№ ___ бұйрығына

3-қосымша

Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің

жұмыс орны стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Осы есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы стандарт есту қабілетінен толық айырылған мүгедекке арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.



2. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орнына қойылатын талаптар
3. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны, өндірістік жабдық элементтерінің конструкциясы жұмыс аймағында эргономиялық талаптарға сәйкес келеді.

4. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектер қарқынды шу және жергілікті өндірістік діріл жағдайларындағы, қозғалмалы механизмдері бар, улағыштық қасиетке ие заттарды өндіру жұмыстарына жіберілмейді.

5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жеке талаптары мен шектеулері ескеріледі.

6. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар есту қабілеті толық бұзылған мүгедектің жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер болып табылады.

7. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орнындағы жабдық пен жиһаздың орналасуы, жарақтандыру еңбек қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.

8. Адамдар тұрақты келетін өндірістік объектілер табиғи және жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Орташа дәлдіктегі жұмысты орындау кезінде жұмыс орнындағы аралас жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес кемінде 500 люксті, төменгі дәлдік пен өрескел жұмыстар кезінде кемінде 300 люксті көздейді.

9. Жарық көздері жеткілікті жарық бере алады, жарық шекарасын нақты белгілей отырып, жарық ағынын толыққанды бөледі. Жұмыс орны мен қоршаған заттар элементтерінің үстіңгі беті жылтырамайды.

10. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны қосымша:

- дыбыстық сигналдарды жарыққа, мәтіндік жүгіртпе жолға өзгертетін жабдықпен;

- сөзді мәтінге өзгертетін жарық (визуальды) индикаторлармен жабдықталады.

11. Есту және көру қабілеті қатар бұзылған мүгедектер үшін жұмыс орнына қойылатын талаптар мыналар болып табылады:

- көруді және естуді бақылаусыз жұмысты орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған тактильдік тифлокешендер;

- компьютерлермен және басқа да ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу үшін брайль дисплейіне қосылуға мүмкіндік беретін тифлоорганайзер және брайль принтерлері, пернетақталары.

12. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектердің еңбегін пайдаланатын кәсіпорындарда ымдау тілі аудармашысының кабинеті көзделеді. Аталған кабинет есту қабілеті бұзылған мүгедектер үшін арнайы техникалық байланыс құралдарымен: мәтіндік хабарламасы бар телефондармен немесе телефакстермен жабдықталады.



13. Жұмыс орнында қауіп және эвакуация туралы ақпараттандыру үшін қосымша жыпықтауыш жарық сигналдары орнатылады.
жүктеу 28,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау