Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет27/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57

      1. Қызметкердiң жалақысынан ұстап қалу сот шешiмi бойынша, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргiзiледi.  
      2. Қызметкердiң өзi жұмыс iстейтiн ұйымға берешегiн өтеу үшiн оның 
жалақысынан ұстап қалу қызметкердiң жазбаша келiсiмi бар болған кезде жұмыс 
берушiнiң актiсi негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн.  
      3. Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшерi қызметкерге тиесiлi жалақының 
елу процентiнен аспауға тиiс.  
      138-бап. Қызметкердiң қайтыс болуына байланысты 
 
                алынбаған жалақыны беру 
 
      Қызметкердiң қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан 
Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен берiледi. 
10-1-тарау. Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi
 
      
Ескерту. Кодекс 10-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      
138-1-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
 
      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
      1) ұлттық бiлiктiлiк жүйесi – мамандардың бiлiктiлiгiне еңбек нарығы 
тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу 
тетiктерiнiң жиынтығы; 
      2) ұлттық бiлiктiлiк шеңберi – еңбек нарығында танылатын бiлiктiлiк 
деңгейлерiн құрылымдық жағынан сипаттау; 
      3) салалық бiлiктiлiк шеңберлерi – салада танылатын бiлiктiлiк 
деңгейлерiн құрылымдық жағынан сипаттау; 
      4) кәсiби стандарт – кәсiби қызметтiң нақты саласында бiлiктiлiк 
деңгейiне және құзыреттiлiкке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына 
қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт. 
      
138-2-бап. Ұлттық бiлiктiлiк жүйесiнiң құрылымы
 
      Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi мыналарды: 
      1) ұлттық бiлiктiлiк шеңберiн; 
      2) салалық бiлiктiлiк шеңберлерiн; 
      3) кәсiби стандарттарды; 
      4) маманның кәсiби даярлығын бағалау және бiлiктiлiк сәйкестiгiн 
растауды қамтиды. 
      
138-3-бап. Ұлттық бiлiктiлiк шеңберi
 
      1. Ұлттық бiлiктiлiк шеңберi кәсiби қызметтiң жалпы сипаттамаларын 
әрбiр бiлiктiлiк деңгейi үшiн сипаттаудан тұрады. 
      2. Ұлттық бiлiктiлiк шеңберiн әзiрлеудi және бекiтудi еңбек жөнiндегi 
уәкiлеттi мемлекеттiк орган жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң 
және қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң пiкiрiн ескере отырып, 
бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп жүргiзедi. 
      
138-4-бап. Салалық бiлiктiлiк шеңберлерi
 
      1. Салалық бiлiктiлiк шеңберлерi ұлттық бiлiктiлiк шеңберi негiзiнде 
экономикалық қызметтiң нақты саласында әзiрленедi. 
      2. Салалық бiлiктiлiк шеңберi салада орындалатын жұмыстардың 
күрделiлiгiне және пайдаланылатын бiлiм, машықтар мен құзырет сипатына қарай 
деңгейлер бойынша маманның бiлiктiлiгiне қойылатын талаптарды жiктейдi. 
      3. Салалық бiлiктiлiк шеңберiн әзiрлеудi және бекiтудi тиiстi қызмет 
салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары жұмыс берушiлердiң салалық 


бiрлестiктерiнiң және қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiнiң пiкiрiн ескере 
отырып жүргiзедi. 
      
138-5-бап. Кәсiби стандарттар
 
      1. Кәсiби стандарттарды әзiрлеудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi 
мемлекеттiк органдары жұмыс берушiлердiң салалық бiрлестiктерiмен және 
қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiмен бiрлесiп жүзеге асырады. 
      2. Кәсiби стандарттардың құрылымын, оларды әзiрлеу, қайта қарау, 
сынақтан өткiзу және қолдану тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк 
орган жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң 
республикалық бiрлестiктерiмен келiсiм бойынша айқындайды. 
      3. Кәсiби стандарттарды бекiтудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi 
мемлекеттiк органдары еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм 
бойынша олар белгiлеген тәртiппен жүргiзедi. 
      4. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Кәсiби стандарттар 
тiзiлiмiн жүргiзудi өзi белгiлеген нысан бойынша жүзеге асырады. 
      
138-6-бап. Мамандардың кәсiби даярлығын бағалау және
 
                  
бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау
  
      1. Маман құзыретiнiң сәйкестiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгiленген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар жүзеге асыратын бiлiктiлiк 
сәйкестiгiн растау негiзiнде айқындалады. 
      2. Мамандардың бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау және бiлiктiлiгiн 
беру тәртiбiн бекiтудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк 
органдары жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң және қызметкерлер 
бiрлестiктерiнiң пiкiрiн ескере отырып жүзеге асырады. 
11-тарау. КӘСIПТIК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БIЛIКТIЛIКТI АРТТЫРУ 
 
      139-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар 
 
      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:  
      1) оқыту шарты - жұмыс берушi мен оқитын адамның арасындағы кәсiптiк 
даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру шарттары туралы жазбаша 
келiсiм;  
      2) кәсiптiк даярлау - белгiлi бiр жұмыс түрiн орындауға қажеттi жаңа 
кәсiби дағдыларды меңгеру немесе кәсiби дағдыларды өзгерту үшiн адамды 
дамытуға бағытталған кәсiптiк оқыту нысаны;  
      3) қайта даярлау - басқа кәсiптi немесе мамандықты игеруге мүмкiндiк 
беретiн кәсiптiк оқыту нысаны;  
      4) бiлiктiлiктi арттыру - бұрын алған кәсiптiк бiлiмiн, шеберлiгi мен 
дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетiлдiруге мүмкiндiк беретiн 
кәсiптiк оқыту нысаны.  
      140-бап. Жұмыс берушiнiң даярлау, қайта даярлау және 
 
                бiлiктiлiктi арттыру жөнiндегi құқықтары мен 
 
                мiндеттерi 
 
      1. Ұйымның жұмыс iстеуi мен дамуы үшiн кәсiптiк даярлаудың, қайта 
даярлау мен бiлiктiлiктi арттырудың қажеттiгiн және оның көлемiн жұмыс берушi 
айқындайды.  
      2. Жұмыс берушi қызметкерлердi немесе өзiмен еңбек қатынастарында 
тұрмайтын өзге адамдарды (бұдан әрi - оқитын адамдар) кәсiптiк даярлауды, 
қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды:  
      1) тiкелей ұйымда;  
      2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары 
оқу орнынан кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм 
беру ұйымдарында; 
      3) кадрларды кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың 
бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргiзедi. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау