Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57

      осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең 
төменгi мөлшерiн;  
      еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарын;  
      үстеме жұмыс үшiн ақы төлеудi;  
      мереке және демалыс күндердегi жұмыс үшiн ақы төлеудi;  
      түнгi уақыттағы жұмыс үшiн ақы төлеудi;  
      жұмыскердiң жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерiн шектеудi;  
      жалақының толық және уақтылы төленуiн және еңбекке ақы төлеу 
саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктердiң iске асырылуын мемлекеттiк бақылауды;  
      жалақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн қамтиды.  
      121-бап. Жалақының мөлшерi 
 
      1. Қызметкердiң айлық жалақысының мөлшерi қызметкердiң бiлiктiлiгiне, 
орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек 
жағдайларына қарай сараланып белгiленедi.  
      2. Осы кезеңге белгiленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және 
еңбек нормаларын (еңбек мiндеттерiн) орындаған қызметкердiң айлық жалақысының 
мөлшерi Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық жалақының ең 
төменгi мөлшерiнен кем  
болмауға тиiс.  
      122-бап. Жалақының ең төменгi мөлшерiн белгiлеу 
 
      1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан 
Республикасының заңымен жыл сайын белгiленетiн айлық жалақының ең төменгi 
мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнен кем болмауға тиiс және ол қосымша ақылар 
мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдерi мен әлеуметтiк төлемдердi
сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдердi қамтымайды және жұмыс 
iстелген уақытқа барабар төленедi.  
      2. Еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарты тиiстi қаржы жылына 
арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында 
белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiн және салалық келiсiмдерде 
анықталып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн салалық арттырушы 
коэффиценттердi есептеуден айқындалады.  
      3. Өз еңбек мiндеттерiн (еңбек нормаларын) орындаған қызметкердiң 
сағаттық жалақысының ең төменгi мөлшерi тиiстi күнтiзбелiк жылдағы жұмыс 
уақыты балансына сәйкес орташа айлық жұмыс сағатының санына бөлiнген айлық 
жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға тиiс.  
      4. Бiрiншi разрядты қызметкердiң еңбек шартының, ұжымдық шарттың 
талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген айлық 
жалақысының ең төменгi мөлшерi немесе айлық тарифтiк ставкасының мөлшерi 
тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан 
Республикасының заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем 
болмауға, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), 
қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн - еңбекке ақы төлеудiң ең 
төменгi стандартынан кем болмауға тиiс.  
      Ескерту. Осы Кодекстiң 122-бабы 2-тармағы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 
қолданысқа 
енгiзiледi. 
 
      123-бап. Еңбекке сағаттық ақы төлеу 
 
      Жұмыс күнi толық болмаған немесе ол толық жүктелмеген кезде нақты 
орындалған жұмыстар үшiн, сондай-ақ уақытша немесе бiржолғы сипаттағы 
жұмыстарға ақы төлеу үшiн еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарымен және 
(немесе) жұмыс берушiнiң актiсiмен еңбекке сағаттық ақы төлеудi белгiлеуге 
болады.  
      124-бап. Жалақыны индекстеу 
 
      Жалақыны көбейту жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының нормативтiк 
құқықтық актiлерiнде тиiстi кезеңге белгiленген инфляция деңгейiн негiзге ала 


отырып, келiсiмдерде, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушiнiң актiсiнде 
белгiленген тәртiппен жүргiзетiн жалақыны индекстеуiн қамтиды.  
      125-бап. Еңбекке ақы төлеудi ұйымдастыру 
 
      1. Қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен белгiлi бiр жұмыс 
түрлерiнiң күрделiлiгi Жұмысшылардың жұмыстары мен 
кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы, жұмысшы кәсiптерiнiң 
тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамалары, Басшылардың, мамандардың және басқа да 
қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар 
басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк 
бiлiктiлiк сипаттамалары негiзiнде белгiленедi.  
      2. Орындалатын жұмыстарды белгiлi бiр күрделiлiкке жатқызу және 
қызметкерлерге бiлiктiлiк разрядтары мен санаттарын беру Жұмысшылардың 
жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына және 
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк 
анықтамалығына, жұмысшы кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 
ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының 
үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына сәйкес жүргiзiледi.  
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген анықтамалықтарды, жұмысшы 
кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлеудi, қайта қарауды, 
байқап көрудi, бекiтудi және қолдану тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi 
мемлекеттiк орган айқындайды. Әр түрлi экономикалық қызмет ұйымдары 
басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк 
бiлiктiлiк сипаттамаларын тиiстi қызмет саласының уәкiлеттi мемлекеттiк 
органдары еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып 
әзiрлейдi және бекiтедi. 
      126-бап. Еңбекке ақы төлеу жүйелерi 
 
      1. Қызметкерлердiң еңбегiне уақыт бойынша, кесiмдi немесе өзге де 
еңбекке ақы төлеу жүйелерi бойынша ақы төленедi. Ақы төлеу жеке және (немесе) 
ұжымдық еңбек нәтижелерi үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.  
      Еңбекке ақы төлеу жүйесi тарифтiк, тарифсiз немесе аралас жүйелер 
негiзiнде қалыптастырылуы мүмкiн.  
      Еңбекке ақы төлеудiң тарифтiк жүйесi: тарифтiк ставкаларды 
(айлықақыларды), тарифтiк торды, тарифтiк коэффициенттердi қамтиды.  
      Еңбекке ақы төлеудiң тарифсiз жүйесi еңбекке ақы төлеуге арналған 
қаражатты қызметкерлердiң кәсiби қабiлеттерiн бағалаудың өлшемдерi мен 
принциптерiне және олардың түпкi нәтижеге қосқан үлестерiне қарай үлестiк 
бөлуге негiзделедi.  
      Еңбекке ақы төлеудiң аралас жүйесiнде еңбекке ақы төлеудiң тарифтiк 
және тарифсiз жүйелерiнiң элементтерi қамтылуы мүмкiн.  
      2. Жұмыс берушi қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен орындалатын 
жұмыстың сапасын арттыруға мүдделiлiгiн күшейту үшiн сыйлықақы беру жүйесiн 
және еңбекке ынталандырудың басқа да нысандарын енгiзе алады.  
      3. Қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелерi 
ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң 
актiлерiнде айқындалады.  
      4. Еңбекке ақы төлеу жүйесi бiржолғы ынталандырушы төлемдердi есепке 
алмағанда, қызметкерлердiң орташа айлық жалақысының кемiнде 75 процентi 
болатын негiзгi жалақы үлесiн (жалақының негiзгi бөлiгiне қатысты) қамтамасыз 
етуге тиiс.  
      5. Мемлекеттiк бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 
сметасы (бюджетi) есебiнен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы 
төлеу жүйесi Қазақстан 
Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.  
      6. Акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұлттық компаниялар 
мен акционерлiк қоғамдар басшыларының еңбегiне ақы төлеу және оларға 
сыйлықақы беру шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Үлгiлiк 
ереженiң негiзiнде айқындалады.  
      7. Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi 
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау