Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет29/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57

нарығының жай-күйi және кәсiптiк даярлаудың мүмкiндiктерi туралы дәйектi
толық және жедел ақпарат алуға құқығы бар.  
      2. Жұмыс берушi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға:  
      1) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке 
тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына 
байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан 
босатылатын қызметкерлердiң лауазымдары мен кәсiптерiн, мамандықтарын, 
бiлiктiлiгi мен еңбекақысының мөлшерiн көрсете отырып, босатылуы мүмкiн 
қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олардың босатылатын мерзiмдерi 
туралы жұмыстан босату басталардан кемiнде екi ай бұрын;  
      2) өндiрiстi ұйымдастырудағы, оның iшiнде қайта ұйымдастыру кезiндегi 
өзгерiске және (немесе) жұмыс берушiдегi жұмыс көлемiнiң қысқаруына 
байланысты қызметкерлердiң толық емес жұмыс уақыты режимiне көшуi бөлiгiнде 
алдағы уақытта болатын еңбек жағдайларының өзгеруi туралы кемiнде бiр ай 
бұрын;  
      3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы олардың пайда болған 
күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде;  
      4) азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас 
тарту туралы (жолдамада тиiстi белгi қою арқылы себебiн түсiндiре отырып) 
оларды уәкiлеттi орган жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ақпарат 
беруге мiндеттi. 
      3. Жұмыс берушi жергiлiктi тұрғындар болып табылмайтын адамдарды 
жұмысқа қабылдағаны туралы және (немесе) ол адамдармен еңбек қатынастарын 
тоқтатқаны туралы ақпаратты халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi 
органға бiр ай iшiнде бередi. Ақпаратты беру тәртiбi мен нысанын халықтың 
көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды. 
      
Ескерту. 147-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.05.05 
N 159-IV
 
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 
2-баптан
 қараңыз), 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      148-бап. Еңбек делдалдығы 
 
      Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе жұмыспен 
қамтудың жекеше агенттiгi:  
      1) азаматтарды - жұмысқа тұру мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлердi 
жұмыс күшiмен қамтылу мүмкiндiгi туралы хабардар ету;  
      2) азаматтардың жұмыс таңдауына жәрдем көрсету;  
      3) азаматтарға бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшiн жұмыс берушiге 
жолдама беру;  
      4) еңбек нарығы жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру;  
      5) өтiнiш бiлдiрген азаматтарды есепке алу мен тiркеу;  
      6) кәсiптiк бағдар жасауда қызметтер көрсету;  
      7) жұмыс берушiлермен шарттар негiзiнде жұмысқа орналасу мәселелерi 
жөнiнде өзара iс-қимыл жасасу арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асырады.  
13-тарау. КЕПIЛДIКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРI 
 
      149-бап. Қызметкерлер мемлекеттiк немесе қоғамдық 
 
                мiндеттердi орындаған кезде берiлетiн 
 
                кепiлдiктер 
 
      1. Жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген 
жағдайларда қызметкерлер мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға 
тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек 
мiндеттерiн орындаудан босатады.  
      2. Қызметкерлерге мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi орындағаны үшiн 
аталған мiндеттердi орындайтын жерi бойынша, бiрақ негiзгi жұмыс орнындағы 
орташа жалақысынан төмен емес жалақы төленедi.  
      3. Мерзiмдi әскери қызметiн өткерiп келген қызметкер өзi мерзiмдiк 
әскери қызметке шақырылғанға дейiн жұмыс iстеген кәсiпорынға жұмысқа қабылдау 
кезiнде артықшылықты құқыққа ие болады.  


      150-бап. Медициналық тексеруге жiберiлетiн қызметкерлер 
 
                үшiн кепiлдiктер 
 
      Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес кезеңдiк медициналық 
тексерулерден өтуге мiндеттi қызметкерлердiң олардан өткен уақытта жұмыс 
берушiнiң қаражаты есебiнен жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы 
сақталады.  
      151-бап. Донор болып табылатын қызметкерлер үшiн 
 
                кепiлдiктер 
 
      Донор болып табылатын қызметкердiң тексерiлу және қан мен оның 
компоненттерiн беру (донациялау) уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа 
жалақысы сақталады, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының денсаулық 
сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепiлдiктер берiледi.  
       
Ескерту. 151-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.16. 
N 186-IV 
Заңымен. 
 
      152-бап. Iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлер үшiн 
 
                кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерi 
 
      1. Iссапар уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы 
сақталады.  
      2. Iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерге: 
      1) қызметтiк iссапарда, оның iшiнде жолда болған күнтiзбелiк күндерi 
үшiн тәулiктiк төлемдер;  
      2) баратын жерiне дейiнгi және керi қайтудағы жол жүру шығыстары;  
      3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленедi.  
      3. Қызметкерлердi iссапарларға жiберудiң талаптары мен мерзiмдерi еңбек 
шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады.  
      4. Қызметкерлердi iссапарларға жiберу осы Кодекстiң 183, 187, 226-
баптарында көзделген шектеулер ескерiле отырып жүзеге асырылады.  
      153-бап. Қызметкердi жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге 
 
                ауыстыру кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақы 
 
                төлемдерi 
 
      1. Қызметкер жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге ауыстырылған кезде жұмыс 
берушi қызметкерге:  
      1) қызметкер мен оның отбасы мүшелерiнiң көшiп-қону;  
      2) қызметкер мен оның отбасы мүшелерiнiң мүлкiн жеткiзу жөнiндегi 
шығыстарын өтеуге мiндеттi.  
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерiнiң тәртiбi мен 
мөлшерi еңбек шартында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушiнiң актiсiнде 
айқындалады.  
      154-бап. Экологиялық зiлзала және радиациялық қатер 
 
                аймақтарында еңбек қызметiн жүзеге асыратын 
 
                қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер 
 
      Экологиялық зiлзала және радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметiн 
жүзеге асыратын қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгiленедi.  
      155-бап. Қызметкердiң жеке мүлкiн жұмыс берушiнiң 
 
                мүддесiне пайдалануға байланысты өтемақы 
 
                төлемдерi 
 
      Қызметкер жеке мүлкiн жұмыс берушiнiң мүддесiне және оның келiсiмiмен 
пайдаланған кезде жұмыс берушi құрал-саймандарды, жеке көлiктi, басқа да 
техникалық құралдарды пайдаланғаны, тоздырғаны (амортизациясы) үшiн және 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау