жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
194-бап. Жаңа туған балаларды асырап алған
қызметкерлерге берiлетiн демалыс
Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың
бiреуiне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен елу алты
күн өткенге дейiнгi кезеңге демалыс берiледi.
Ескерту. 194-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2007.12.19.
N 9
(2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
194-1-бап. Жүктiлiкке және босануға байланысты демалысқа,
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған
қызметкерлерге берiлетiн демалысқа ақы төлеудiң
ерекшелiктерi
Егер бұл еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында,
жұмыс берушiнiң актiсiнде көзделсе, жұмыс берушi Қазақстан Республикасының
мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған,
жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға
байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем сомасын
шегергендегi орташа жалақысын сақтай отырып, жүктiлiкке және босануға
байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған
қызметкерлерге берiлетiн демалысқа ақы төлейдi.
Ескерту. 17-тарау 194-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.02.2013
№ 75-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi).
195-бап. Балалардың күтiмiне байланысты жалақы
сақталмайтын демалыс
1. Жұмыс берушi қызметкерге:
1) ата-анасының қалауы бойынша - баланың анасына не әкесiне;
2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың бiреуiне;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы iс жүзiнде тәрбиелеп
отырған әжесiне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;
4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге бала үш жасқа
толғанға дейiн баланың күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге
мiндеттi.
2. Бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы
сақталмайтын демалыс осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметкердiң жазбаша
өтiнiшi негiзiнде оның қалауы бойынша толық немесе бөлiнiп пайдаланылуы
мүмкiн.
3. Бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы
сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бала үш
жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс
уақыты жалпы еңбек стажына, мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледi.
5. Бала үш жасқа толғанға дейiн бала күтiмi бойынша жалақысы
сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейiн жұмысқа шыққан жағдайда, қызметкер
жұмыс берушiге өзiнiң ниетi туралы жұмыс басталуынан бiр ай бұрын ескертуге
мiндеттi.
Ескерту. 195-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
18-тарау. ҚОСА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС IСТЕЙТIН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ
ЕҢБЕГIН РЕТТЕУДIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
196-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты
1. Қызметкер өзi еңбек қатынастарында тұрған бiр жұмыс берушiмен
(негiзгi жұмыс орыны бойынша), сондай-ақ бiрнеше жұмыс берушiмен де қоса
атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы.
2. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару
жөнiнде сiлтеме болуы мiндеттi.
197-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын
жасасуға қажеттi қосымша құжаттар
Қызметкер басқа жұмыс берушiмен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек
шартын жасасу үшiн осы Кодекстiң 31-бабында көзделген құжаттардан бөлек,
негiзгi жұмыс орны бойынша еңбектiң сипаты мен жағдайлары (жұмыс орны,
лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама табыс етедi.
198-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезiндегi жұмыс уақытының
ұзақтығы
Негiзгi жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша
күнделiктi жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстiң 82-бабында белгiленген
күнделiктi жұмыс уақытының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиiс.
199-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезiндегi жыл сайынғы
ақылы еңбек демалысы
1. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн
қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша
демалыспен қатар берiледi.
2. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы
ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан
аз болса, жұмыс берушi қоса атқарушы - қызметкердiң өтiнiшi бойынша демалыс
ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс бередi.
200-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын
жасасуды шектеу
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын он сегiз жасқа толмаған
қызметкерлермен және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды)
және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен жасасуға тыйым
салынады.
201-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жұмыс
берушiнiң бастамасы бойынша бұзудың қосымша
негiздерi
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты, осы Кодекстiң 54-бабында
көзделген негiздерден басқа, еңбек шарты осы жұмыс өзi үшiн негiзгi болып
табылатын қызметкермен жасалынған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасымен
бұзылуы мүмкiн.
19-тарау. АУЫР ЖҰМЫСТАРДА, ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЗИЯНДЫ (ЕРЕКШЕ
ЗИЯНДЫ) ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҚАУIПТI ЖҰМЫСТАРДА IСТЕЙТIН
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУДIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
202-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды
(ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi
жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң жұмыс
уақытының қысқартылған ұзақтығы
1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және
(немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының
аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгiленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |