Ќазаќстан республикасы білім



Дата10.11.2018
өлшемі56 Kb.
#18847


«Салалық кәсіподақтың Атқару комитетінің «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағындағы ақпараттық жұмыс жағдайы және оны сапалық жақсартудың міндеттері туралы» 2015 жылғы 26-тамыздағы №4 Қаулысын орындау жөніндегі Ақмола облыстық кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы»

ақпарат
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақмола облыстық ұйымы кәсіподақ мүшелерінің заңды құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғауды күшейту бойынша жасалған жұмыс туралы салалық кәсіподақтың, облыстық кәсіподақ ұйымының қызметін ақпараттандыру жөнінде нақты жұмыс жүргізеді.

Облыстық кәсіподақтың ақпараттық жұмысындағы басты бағыттардың бірі кәсіподақ қозғалысы, кәсіподақ қатарларының санын сақтау мен көбейту мақсатындағы оның жетістігі, кәсіподақтың құқық қорғау қызметін күшейту туралы түсіндірме жұмысы болып табылады. Қазіргі таңда кәсіподақ мүшелері үшін негізгі ынталандыру құралы болып табылатын әлеуметтік әріптестікті дамыту мен жетілдіруге, Келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасап және олардың тармақтарын орындауға басты назар аударылған.

Облыстық кәсіподақтың жұмыс жоспарына сәйкес Кеңестер мен Атқару комитеттерінде кәсіподақ қызметінің ақпараттылығы, кәсіподақ қызметін насихаттау, облыстың аудандары мен қалаларында кәсіподақ мүшелерінің санын көбейту туралы мәселелер қаралады. Мысалы, 2015 жылы облыстық кеңес Астрахань, Қорғалжын аудандарын тыңдаса, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында әлеуметтік әріптестік жөніндегі екіжақты комиссияда Бұланды ауданының мәселесі тыңдалып, онда ақпараттық алмасудың жеткіліксіз деңгейімен, аудандардың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қолжетімдігінің төмен қамтамасыз етілуімен байланысты мәселелер анықталды. Алқалық органдар аталған мәселелерді түзету мен жақсарту жөнінде бірқатар нұсқаулықтар ұсынды.

Облыстық кәсіподақтың қызметі туралы ақпаратты ұсынуға кең мүмкіндіктер ашатын көшпелі семинарлар өткізу ақпараттық жұмыстың маңызды бағыты болып отыр. Семинарларды өткізудің 2016 жылға арналған кестесі жасалды.

Мысалы, осы жылдың шілде айында бекітілген кестеге сәйкес, облыстық білім кәсіподағы «Ақмола облысының кәсіподақ орталығы» АКБ бірге облыстың аудандары мен қалаларында ҚР жаңа Еңбек кодексінің нормалары мен ережелерін түсіндіру жөнінде жұмыс берушілермен және кәсіподақ активімен көшпелі семинар-кеңестер өткізді.

Оқу ҚР кәсіподақтар Федерациясының оқу-әдістемелік орталығымен, «Ақмола облысының кәсіподақ орталығы» АКБ бірге жүргізіледі.

Облыстық кәсіподақ пен аудандық, қалалық филиалдар кәсіподақ мүшелерін оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолданады: олар дөңгелек үстелдер, тренингтер, секциялық жаттығулар, көшпелі бірлескен семинарлар өткізу.

Аудандық филиалдардың төрағалары жергілікті жерлерде оқулар өткізіп, оған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, техникалық инспекторлар, кадр жұмысының мамандары, кәсіподақ мүшелері қатысады.

Облыстық кәсіподақ қозғалысының идеяларын заманауи технологиялар арқылы алға жылжыту мақсатында facebook, ватсап сияқты әлеуметтік интернет-желілері қолданыла бастады.

Жыл бойы аудандық және қалалық филиалдардың, кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен «Қазақстан кәсіподағы» ҚРКФ республикалық кәсіподақ газетіне жазылу жөнінде нақты жұмыстар жүргізілді, барлығы 2015 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық кәсіподақ 250 данаға жазылды.

Кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ мүшелеріне көмек ретінде ақпараттық-әдістемелік оқу құралын шығаруға зор мән беріледі. Мысалы, осы жылдың 19-тамызында білім қызметкерлері кәсіподағының Тамыз кеңесі өткізіліп, онда облыстық кәсіподақпен кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін 60 дана көлемінде кітапшалар (Кәсіподақ активіне көмекке нормативтік актілер жинағы), «Білім туралы толғандыратын 12 маңызды мәселелер» туралы 60 дана көлемінде тарату материалдары, слайдтар әзірленді.

Аудандық, қалалық филиалдардың, кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына, облыстың барлық оқу орындарына жергілікті жерлерде қолдану және түсіндіру үшін «Қазақстанның зейнетақы жүйесін жаңарту» тақырыбы бойынша слайд материалдары жіберілді.

Қосымша, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен аудандық және қалалық филиалдардың төрағаларынан түскен өтініштер негізінде аталған жинақты қажетті мөлшерде әзірлеп және түскен ұсыныстарды ескере отырып оны толықтыру жоспарланып отыр.

Облыстық кәсіподақ салалық білім кәсіподағымен бірге 6 кітапша шығарды, соның ішінде: ҚР Еңбек кодексі; Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қаулысы; «ҚР Еңбек кодексінің негізгі ережелері» туралы әдістемелік оқу құралы; жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясын құру және оның жұмысы туралы әдістемелік нұсқаулықтар; «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Астана қаласы және Ақмола облысы» ҚБ 2016 жылға арналған жұмыс жоспары; кәсіподақ активіне көмекке нормативтік актілер жинағы. Жалпы тираж 360 дана шамасында болды.

Ақмола облысының білім Басқармасы мен білім қызметкерлері Кәсіподағының қоғамдық бірлестігі арасындағы әлеуметтік экономикалық және еңбек қатынастарындағы әлеуметтік әріптестік туралы қол қойылған Келісімге сәйкес, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған облыстық және аудандық деңгейлердегі бірқатар іс-шаралар өткізіледі.

8- наурыз – Халықаралық әйелдер күні, білім қызметкерлері өз балаларымен қатысатын«Екі жұлдыз», 9-мамыр – Жеңіс күні, «Үздік педагог», «Мұғалім» және «Ұстаз» спартакиадалары, Ұстаздар күні, Қарттар күні, Еңбек күні сияқты облыстық шараларды бірлесіп өткізу дәстүрге айналған. Жалпы алғанда, 5000-нан астам білім қызметкерлері қамтылды.

Кәсіподақ жұмысын және кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау ісіндегі қызмет тәсілін жетілдіру мақсатында қазіргі заманғы жағдайда облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы», «Үздік кәсіподақ лидері» сияқты байқау-сайыстар өткізеді. Бұл сайыстың мақсаты - кәсіподақ ұйымдары лидерлерінің жұмыс тәжірибелерімен алмасу, оларды білу және үйрену болып табылады.

Аталған іс-шараларды өткізу қорытындысы бойынша облыстық кәсіподақ аппаратының мамандары ҚР кәсіподақтар Федерациясының сайтына, Салалық сайтқа, білім Басқармасының сайтына, сондай-ақ «Қазақстан кәсіподағы» республикалық кәсіподақ газетіне, Акмолинская правда, Степной маяк, Педагогический вестник сияқты қалалық және облыстық деңгейлердегі газеттерге жариялау үшін материалдар әзірлеуде.



Облыстық іс-шаралардан басқа салалық сайтқа аудандық және қалалық филиалдар төрағаларының ақпараттары жіберіледі. Облыстың аудандары мен қалаларында жүргізілетін жұмыс нақты қадағаланады және облыстық кәсіподақ мамандары оларға талдау жүргізеді.

Біздің бірлестіктің міндеті кәсіподақ ұйымдарына, олардың көшбасшыларына заңгерлік, әдістемелік көмек көрсету, мүшелік ұйымдардың қызметін ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі белсенді жұмысты жүргізу, әрбір кәсіподақ мүшесіне білім қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы кәсіподақ қызметінің мақсаттары мен міндеттері туралы дұрыс ақпаратты жеткізу болып табылады және сол бағытта жұмыс одан әрі жалғасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау