Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет28/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57

      3. Жұмыс берушi кәсiптiк даярлаудан, қайта даярлаудан немесе 
бiлiктiлiгiн арттырудан өтетiн қызметкерлерге осы Кодексте, келiсiмдерде, 
ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген жұмысты оқумен қатар алып жүру үшiн 
жағдайлар жасауға мiндеттi.  
      Ескерту. 140-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 
N 320 
(қолданысқа 
енгiзiлу тәртiбiн  
2-баптан 
қараңыз), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 
Заңдарымен.
 
      141-бап. Жұмыс берушiнiң жолдамасы бойынша бiлiм беру 
 
                ұйымдарында кәсiптiк даярлау, қайта даярлау 
 
                және бiлiктiлiктi арттыру 
 
      1. Жұмыс берушiнiң жолдамасы бойынша бiлiм беру ұйымдарында оқитын 
адамдарды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру 
оқыту шартына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты немесе Қазақстан 
Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебiнен 
жүзеге асырылады.  
      2. Келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында оқытуға 
байланысты жеңiлдiктер мен өтемақы төлемдерi көзделуi мүмкiн.  
      142-бап. Ұйымда қызметкерлердi кәсiптiк даярлау, қайта 
 
                даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру 
 
      1. Ұйымда қызметкерлердi кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және 
олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жұмыс берушi жүзеге асырады.  
      2. Кадрларды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн 
арттыру нысандарын жұмыс берушi айқындайды.  
      3. Ұйымда кадрларды кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және олардың 
бiлiктiлiгiн арттыруға қойылатын жалпы талаптарды Қазақстан Республикасының 
Үкiметi айқындайды.  
      143-бап. Қызметкерлердiң кәсiптiк даярлау, қайта 
 
                даярлау және бiлiктiлiктi арттыру жөнiндегi 
 
                құқықтары мен мiндеттерi 
 
      1. Қызметкерлердiң жаңа кәсiптер мен мамандықтарға оқытуды қоса 
алғанда, кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және бiлiктiлiктi арттыруға 
құқығы бар.  
      2. Кәсiптiк даярлаудан, қайта даярлаудан немесе бiлiктiлiктi арттырудан 
өтетiн қызметкерлер жұмыс берушiмен келiсе отырып жұмыстан босатылуы не 
жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкiн.  
      3. Кәсiптiк даярлаудан, қайта даярлаудан немесе бiлiктiлiктi арттырудан 
өтетiн қызметкерлер осы Кодексте, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген 
кепiлдiктердi пайдаланады.  
      4. Кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру 
аяқталғаннан кейiн оқитын адам тараптар оқыту шартында келiскен мерзiмде 
жұмыс берушiде жұмыспен өтеуге мiндеттi.  
      5. Еңбек шарты қызметкердiң бастамасы бойынша немесе қызметкердiң 
кiнәсi салдарынан жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша мерзiмiнен бұрын бұзылған 
жағдайда қызметкер өзiн оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеу 
мерзiмiнiң жұмыс iстелмеген мерзiмiне барабар мөлшерде жұмыс берушiге өтейдi.  
      144-бап. Оқыту шартының мазмұны 
 
      1. Оқыту шарты:  
      1) оқитын адам алатын нақты кәсiпке, мамандыққа, бiлiктiлiкке 
сiлтеменi;  
      2) жұмыс берушiнiң және оқитын адамның құқықтары мен мiндеттерiн;  
      3) оқыту мерзiмiн және оқыту аяқталғаннан кейiн жұмыс берушiде жұмыспен 
өтеу мерзiмiн;  
      4) оқытуға байланысты кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерiн;  


      5) тараптардың жауапкершiлiгiн қамтуға тиiс.  
      2. Оқыту шартында тараптардың келiсiмiмен айқындалған өзге де талаптар 
қамтылуы мүмкiн.  
12-тарау. ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ 
 
      145-бап. Жұмысқа орналастыру кезiндегi мемлекеттiк 
 
                кепiлдiктер 
 
      Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға:  
      1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанынан қорғауға және кәсiп пен жұмыс 
алуда тең мүмкiндiктермен қамтамасыз етуге;  
      2) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды 
және жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын 
адамдарды кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға, 
сондай-ақ жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға; 
      2-1) 
күшi жойылды - ҚР 2009.05.05 
N 159-IV
 (2011.01.01 бастап 
қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
 
      3) шағын бизнес пен кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесуге;  
      4) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және жұмыспен 
қамтудың жекеше агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын  ұйымдастыруға;  
      5) кәсiптiк-бағдарлау қызметтерiн көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс 
орындары туралы ақпараттар беруге;  
      6) кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды 
даярлауға бағдарлауға;  
      7) жұмыс күшiн мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес өңiраралық қайта 
бөлуге;  
      8) еңбек қатынастарын анықтау және жария ету жөнiндегi шараларды 
әзiрлеуге және iске асыруға;  
      9) инвестициялық келiсiм-шарттарда инвестордың кәсiптiк даярлау, жаңа 
жұмыс орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөнiндегi 
мiндеттерiн белгiлеуге;  
      10) кәсiптiк даярлықты, қайта даярлықты және бiлiктiлiктi дамытуға 
тiкелей ұйымдарда жағдай жасауға;  
      11) жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдардың жұмыс берушiлермен 
өзара iс-қимылына;  
      12) нысаналы топтарға кiретiн адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн 
жағдайлармен қамтамасыз етуге кепiлдiктер бередi.  
       
Ескерту. 145-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.05.05. 
N 159-
IV 
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 
2-баптан 
қараңыз) Заңымен. 
 
       146-бап. Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы 
 
                құқықтары 
 
      Азаматтардың:  
      1) жұмыс берушiлерге тiкелей өтiнiш бiлдiру жолымен, сондай-ақ халықтың 
жұмысқа орналасуына жәрдем көрсететiн жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi 
уәкiлеттi органның немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгiнiң еңбек 
делдалдығы арқылы қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауға;  
      2) жұмысты өзi iздеуге және жұмысқа орналасуға, соның iшiнде шетелден 
жұмыс iздеуге және жұмысқа орналасуға;  
      3) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдардан және 
жұмыспен қамтудың жекеше агенттiктерiнен консультациялар мен ақпараттар 
алуға;  
      4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар.  
      
147-бап. Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыру кезiндегi 
 
                
құқықтары мен мiндеттерi 
 
      1. Жұмыс берушiнiң:  
      1) кадрлар iрiктеудi жүзеге асыруға;  
      2) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдардан еңбек 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау