Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет26/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57

қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн қараудың және келiсудiң тәртiбiн 
еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.  
      8. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келiсiмдерде, жұмыс берушiнiң 
актiлерiнде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте және 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде 
белгiленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.  
      127-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу 
 
      Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезiнде үстеме уақыттағы жұмысқа 
қызметкердiң тарифтiк ставкасын (лауазымдық айлықақысын) негiзге ала отырып 
кемiнде бiржарым есе мөлшерде ақы төлеу жүргiзiледi. Еңбекке кесiмдi ақы 
төлеу кезiнде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердiң тарифтiк ставкасын 
(лауазымдық айлықақысын) негiзге ала отырып қызметкердiң белгiленген тарифтiк 
ставкасының (лауазымдық айлықақысының) кемiнде елу процентi мөлшерiнде 
қосымша ақы төленедi. 
      
Ескерту. 127-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      128-бап. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа ақы 
 
                төлеу 
 
      Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа қызметкердiң күндiк (сағаттық) 
ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде екi есе мөлшерде ақы төлеу 
жүргiзiледi.  
      129-бап. Түнгi уақыттағы еңбекке ақы төлеу 
 
      Түнгi уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердiң күндiк (сағаттық) 
ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде бiр жарым есе мөлшерде ақы төленедi.  
      130-бап. Әр түрлi бiлiктiлiк жұмыстарын орындаған кезде 
 
                еңбекке ақы төлеу 
 
      Қызметкер әр түрлi бiлiктiлiк жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегiне 
неғұрлым жоғары бiлiктiлiк жұмысы бойынша ақы төленедi.  
      Жоғары бiлiктiлiк қызметкерiне өндiрiс сипатын ескере отырып оған 
тағайындалған разрядтан төмен тарифтелетiн жұмысты орындау тапсырылған 
жағдайда, еңбекке ақы төлеу оған тағайындалған бiлiктiлiк (разряд) бойынша 
жүргiзiледi.  
      131-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының 
 
                кеңеюi) және уақытша болмаған қызметкердiң 
 
                мiндеттерiн орындау кезiнде еңбекке ақы төлеу 
 
      1. Бiр ұйымда, өзiнiң еңбек шартында қарастырылған негiзгi жұмысымен 
қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не 
уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн өзiнiң негiзгi жұмысынан босатылмай 
орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы  
төленедi.  
      2. Жұмыс берушi лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының 
кеңеюi) және уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындағаны үшiн 
берiлетiн қосымша ақылар мөлшерлерiн қызметкермен келiсе отырып белгiлейдi. 
      
Ескерту. 131-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      132-бап. Жаңа өндiрiстердi (өнiмдердi) игеру кезiнде 
 
                еңбекке ақы төлеу 
 


      Ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында жаңа өндiрiстердi 
(өнiмдердi) игеру кезеңiнде қызметкердiң бұрынғы жалақысының сақталуы 
көзделуi мүмкiн.  
      133-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу 
 
      1. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы 
төлеудiң тәртiбi мен талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады 
және қызметкердiң орташа жалақысының елу процентiнен кем емес мөлшерде 
белгiленедi.  
      2. Қызметкердiң кiнәсiнен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиiс.  
      134-бап. Жалақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi 
 
      1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай 
нысанда айына кемiнде бiр рет, келесi айдың бiрiншi онкүндiгiнен 
кешiктiрiлмей төленедi. Жалақы төленетiн күн еңбек шартында, ұжымдық шартта 
көзделедi.  
      2. Жалақы төлеу кезiнде жұмыс берушi әрбiр қызметкерге тиiстi кезеңдегi 
тиесiлi жалақының құрамдас бөлiктерi, жүргiзiлген ұстап қалулардың мөлшерлерi 
мен негiздерi туралы, оның iшiнде ұстап қалынған және аударылған мiндеттi 
зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиiстi жалпы ақша сомасы 
туралы мәлiметтердi жазбаша түрде ай сайын хабарлауға мiндеттi.  
      3. Жалақы төлеу күнi демалыс немесе мереке күндерiне тура келген кезде 
төлем олардың қарсаңында жүргiзiледi.  
      4. Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де 
төлемдердi төлеу жұмыс берушiнiң кiнәсiнен кешiктiрiлген кезде, жұмыс берушi 
қызметкерге берешек пен өсiмақыны төлейдi. Өсiмақы мөлшерi жалақы төлеу 
жөнiндегi мiндеттемелердi орындау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасын негiзге ала отырып есептеледi және 
төлем жүргiзiлуге тиiстi күннен кейiнгi күннен бастап әрбiр кешiктiрiлген 
күнтiзбелiк күн үшiн есептеледi және төлем жасалған күнмен аяқталады.  
      5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушiден қызметкерге тиесiлi 
барлық сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейiнгi үш жұмыс күнiнен 
кешiктiрiлмей жүргiзiледi.  
      135-бап. Жалақы төленетiн орын 
 
      Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың 
талаптарында өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс iстейтiн орнында жүргiзiлуге 
тиiс.  
      136-бап. Қызметкердiң орташа айлық жалақысын есептеу 
 
      1. Бес күндiк, сондай-ақ алты күндiк жұмыс аптасында орташа айлық 
жалақыны есептеу белгiленген қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйлықақылар 
және еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да 
ынталандыру төлемдерi ескерiле отырып, тиiстi кезеңдегi орташа күндiк 
(сағаттық) жалақының есебiнен нақты жұмыс iстелген уақыт үшiн жүргiзiледi.  
      2. Осы Кодекске сәйкес тиiстi ақы (төлем) төлеуге байланысты оқиғаның 
алдындағы он екi күнтiзбелiк ай орташа жалақыны есептеу үшiн есептiк кезең 
болып табылады. Күнтiзбелiк он екi айдан аз жұмыс iстеген қызметкерлер үшiн 
орташа айлық жалақы нақты жұмыс iстелген уақыт бойынша айқындалады.  
      3. Орташа айлық жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық 
жағдайлары үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi оны есептеудiң бiрыңғай 
тәртiбiн белгiлейдi.  
      4. Егер бұл қызметкердiң жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта 
орташа жалақыны есептеудiң өзге кезеңдерi көзделуi мүмкiн.  
      137-бап. Жалақыдан ұстап қалу 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау