Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет22/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57

      4. Мұсылман күнтiзбесi бойынша атап өтiлетiн Құрбан айттың бiрiншi 
күнi, 7 қаңтар - православиелiк Рождество демалыс күндерi болып табылады.  
      5. Үздiксiз өндiрiстерде немесе өндiрiстiк-техникалық жағдайлар бойынша 
немесе халыққа ұдайы үздiксiз қызмет ету қажеттiгi салдарынан демалыс күндерi 
жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын өндiрiстерде iстейтiн қызметкерлерге демалыс 
күндерi жұмыс берушiнiң қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып қабылданған 
актiлерiнде бекiтiлген ауысымдық кестеге сәйкес қызметкерлерге (қызметкерлер 
тобына) аптаның әр күндерi кезекпен берiледi.  
      6. Iссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерiн өзi жiберiлген жұмыс 
берушiнiң еңбек тәртiптемесiне сәйкес пайдаланады.  
      97-бап. Демалыс және мереке күндерiндегi жұмыс 
 
      1. Осы Кодекстiң 98-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс 
берушiнiң бастамасы бойынша демалыс және мереке күндерiндегi жұмысқа 
қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен жол берiледi.  
      2. Демалыс және мереке күндерiнде қызметкердiң бастамасы бойынша 
жұмысқа жұмыс берушiнiң актiсi негiзiнде жол берiледi.  
      3. Демалыс және мереке күндерiндегi жұмыс кезiнде қызметкердiң қалауы 
бойынша оған басқа демалыс күнi берiледi немесе осы Кодекстiң 128-бабында 
көрсетiлген мөлшерде ақы төленедi. 
      4. Ұлттық және мемлекеттiк мерекелер кезеңiнде, сондай-ақ осы Кодекстiң 
96-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану 
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi демалыс күндерiн басқа жұмыс 
күндерiне ауыстыруға құқылы. 
      
Ескерту. 97-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      98-бап. Қызметкердiң келiсiмiнсiз демалыс және мереке 
 
              күндерi жұмысқа тартудың ерекше жағдайлары 
 
      Қызметкердiң келiсiмiнсiз демалыс және мереке күндерi жұмысқа тартуға 
мынадай жағдайларда:  
      1) төтенше жағдайларды, дүлей зiлзаланы немесе өндiрiстiк аварияны 
болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшiн;  
      2) жазатайым оқиғаларды, мүлiктiң опат болуын немесе бүлiнуiн болдырмау 
және оларға тексеру жүргiзу үшiн;  
      3) жалпы ұйымның немесе оның жекелеген бөлiмшелерiнiң одан әрi қалыпты 
жұмысы осылардың жедел орындалуына тәуелдi болатын шұғыл, бұрын көзделмеген 
жұмыстарды орындау үшiн жол берiледi.  
      99-бап. Қызметкерлердi демалыс және мереке күндерi 
 
              жұмысқа тартуды ресiмдеу 
 
      Қызметкерлердi демалыс және мереке күндерi жұмысқа тарту жұмыс 
берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.  
      100-бап. Демалыс түрлерi 
 
      1. Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлерi:  
      1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;  
      2) әлеуметтiк демалыстар берiледi.  
      2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердiң тынығуына, жұмыс 
қабiлетiн қалпына келтiруiне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердiң өзге 


де жеке қажеттiктерiне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа 
жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi. 
      2-1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының мынадай түрлерi 
берiледi: 
      1) жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы; 
      2) ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы. 
      3. Әлеуметтiк демалыс деп ана болуға, балалардың күтiмiне, өндiрiстен 
қол үзбей бiлiм алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де 
әлеуметтiк мақсаттар үшiн қызметкердi белгiлi бiр кезеңге жұмыстан босату 
түсiнiледi.  
      4. Қызметкерлерге әлеуметтiк демалыстардың мынадай түрлерi:  
      1) жалақы сақталмайтын демалыс;  
      2) оқу демалысы;  
      3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға 
байланысты демалыстар берiледi. 
      
Ескерту. 100-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      
101-бап. Жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысының
 
                
ұзақтығы
 
      
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      Егер қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн басқа 
нормативтiк 
 құқықтық актiлерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушiнiң 
актiлерiнде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтiзбелiк 
жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы берiледi.  
      
Ескерту. 101-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      102-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары 
 
      1. Мыналарға:  
      1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және 
(немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге ұзақтығы кемiнде 
күнтiзбелiк алты күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары 
берiледi;  
      2) бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемiнде 
күнтiзбелiк он бес күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары 
берiледi.  
      2. Қызметкерлердiң өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру 
және оның ең төменгi ұзақтығы Қазақстан  
Республикасының заңдарында белгiленуi мүмкiн.  
      3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздiксiз ұзақ жұмысы, 
маңызды, күрделi, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды 
орындағаны үшiн көтермелеу сипатында жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар 
белгiленуi мүмкiн.  
      103-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын 
 
                есептеу 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау