Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет23/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51

тарифтік-біліктілік анықтамалығы, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік 
сипаттамалары, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер 
лауазымдарының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, 
мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік 
сипаттамалары негізінде белгіленеді. 
      2. Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және 
қызметкерлерге біліктілік разрядтары мен санаттарын беру Жұмысшылардың 
жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және 
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік 
анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 
ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының 
үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі. 
      3. Осы баптың 1-тармағында кӛрсетілген анықтамалықтарды, жұмысшы 
кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеуді, қайта қарауды, 
байқап кӛруді, бекітуді және қолдану тәртібін еңбек жӛніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган айқындайды. Әр түрлі экономикалық қызмет ұйымдары 
басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік 
біліктілік сипаттамаларын тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік 
органдары еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып 
әзірлейді және бекітеді. 
      
126-бап. Еңбекке ақы тӛлеу жҥйелері
 
      1. Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша, кесімді немесе ӛзге де 
еңбекке ақы тӛлеу жүйелері бойынша ақы тӛленеді. Ақы тӛлеу жеке және (немесе) 
ұжымдық еңбек нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін. 
      Еңбекке ақы тӛлеу жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелер 
негізінде қалыптастырылуы мүмкін. 
      Еңбекке ақы тӛлеудің тарифтік жүйесі: тарифтік ставкаларды 
(айлықақыларды), тарифтік торды, тарифтік коэффициенттерді қамтиды. 
      Еңбекке ақы тӛлеудің тарифсіз жүйесі еңбекке ақы тӛлеуге арналған 
қаражатты қызметкерлердің кәсіби қабілеттерін бағалаудың ӛлшемдері мен 
принциптеріне және олардың түпкі нәтижеге қосқан үлестеріне қарай үлестік 
бӛлуге негізделеді. 
      Еңбекке ақы тӛлеудің аралас жүйесінде еңбекке ақы тӛлеудің тарифтік 
және тарифсіз жүйелерінің элементтері қамтылуы мүмкін. 
      2. Жұмыс беруші қызметкерлердің ӛндіріс тиімділігі мен орындалатын 
жұмыстың сапасын арттыруға мүдделілігін күшейту үшін сыйлықақы беру жүйесін 
және еңбекке ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады. 
      3. Қызметкерлердің еңбегіне ақы тӛлеу және еңбекке ынталандыру жүйелері 
ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің 
актілерінде айқындалады. 
      4. Еңбекке ақы тӛлеу жүйесі біржолғы ынталандырушы тӛлемдерді есепке 
алмағанда, қызметкерлердің орташа айлық жалақысының кемінде 75 проценті 
болатын негізгі жалақы үлесін (жалақының негізгі бӛлігіне қатысты) қамтамасыз 
етуге тиіс. 
      5. Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 
сметасы (бюджеті) есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы 
тӛлеу жүйесі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық 
актілерінде белгіленеді. 
      6. Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар 
мен акционерлік қоғамдар басшыларының еңбегіне ақы тӛлеу және оларға 
сыйлықақы беру шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Үлгілік 
ереженің негізінде айқындалады. 
      7. Қызметтер кӛрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді 
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар 
қызметкерлерінің еңбегіне ақы тӛлеу жүйесін қараудың және келісудің тәртібін 
еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. 
      8. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде, жұмыс берушінің 
актілерінде айқындалған еңбекке ақы тӛлеу талаптары осы Кодексте және 
Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтік құқықтық актілерінде 
белгіленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды. 


      
127-бап. Ҥстеме жҧмысқа ақы тӛлеу
 
      Еңбекке уақыт бойынша ақы тӛлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа 
кемінде біржарым есе мӛлшерде ақы тӛлеу жүргізіледі. Еңбекке кесімді ақы 
тӛлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің белгіленген тарифтік 
ставкасының (лауазымдық айлықақысының) кемінде елу проценті мӛлшерінде 
қосымша ақы тӛленеді. 
      
128-бап. Мереке және демалыс кҥндеріндегі жҧмысқа ақы
 
                
тӛлеу
 
      Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа қызметкердің күндік (сағаттық) 
ставкасы негізге алына отырып, кемінде екі есе мӛлшерде ақы тӛлеу 
жүргізіледі. 
      
129-бап. Тҥнгі уақыттағы еңбекке ақы тӛлеу
 
      Түнгі уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердің күндік (сағаттық) 
ставкасы негізге алына отырып, кемінде бір жарым есе мӛлшерде ақы тӛленеді. 
      
130-бап. Әр тҥрлі біліктілік жҧмыстарын орындаған кезде
 
                
еңбекке ақы тӛлеу
 
      Қызметкер әр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегіне 
неғұрлым жоғары біліктілік жұмысы бойынша ақы тӛленеді. 
      Жоғары біліктілік қызметкеріне ӛндіріс сипатын ескере отырып оған 
тағайындалған разрядтан тӛмен тарифтелетін жұмысты орындау тапсырылған 
жағдайда, еңбекке ақы тӛлеу оған тағайындалған біліктілік (разряд) бойынша 
жүргізіледі. 
      
131-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының
 
                
кеңеюі) және уақытша болмаған қызметкердің
 
                
міндеттерін орындау кезінде еңбекке ақы тӛлеу
 
      1. Бір ұйымда, ӛзінің еңбек шартында қарастырылған негізгі жұмысымен 
қатар басқа лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын немесе уақытша болмаған 
қызметкердің міндеттерін ӛзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын 
қызметкерлерге қосымша ақы 
тӛленеді. 
      2. Жұмыс беруші лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының 
кеңеюі) және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін 
берілетін қосымша ақылар мӛлшерлерін қызметкермен келісе отырып белгілейді. 
      
132-бап. Жаңа ӛндірістерді (ӛнімдерді) игеру кезінде
 
                
еңбекке ақы тӛлеу
 
      Ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында жаңа ӛндірістерді 
(ӛнімдерді) игеру кезеңінде қызметкердің бұрынғы жалақысының сақталуы 
кӛзделуі мүмкін. 
      
133-бап. Бос тҧрып қалу уақытына ақы тӛлеу
 
      1. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы 
тӛлеудің тәртібі мен талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады 
және қызметкердің орташа жалақысының елу процентінен кем емес мӛлшерде 
белгіленеді. 
      2. Қызметкердің кінәсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы тӛленбеуге тиіс. 
      
134-бап. Жалақы тӛлеудің тәртібі мен мерзімдері
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау