Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет20/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51

      Қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға 
мынадай жағдайларда: 
      1) тӛтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе ӛндірістік аварияны 
болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін; 
      2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің опат болуын немесе бүлінуін болдырмау 
және оларға тексеру жүргізу үшін; 
      3) жалпы ұйымның немесе оның жекелеген бӛлімшелерінің одан әрі қалыпты 
жұмысы осылардың жедел орындалуына тәуелді болатын шұғыл, бұрын кӛзделмеген 
жұмыстарды орындау үшін жол беріледі. 
      
99-бап. Қызметкерлерді демалыс және мереке кҥндері
 
              жҧмысқа тартуды ресімдеу
 
      Қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту жұмыс 
берушінің актісімен ресімделеді. 
      
100-бап. Демалыс тҥрлері
 
      1. Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері: 
      1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары; 
      2) әлеуметтік демалыстар беріледі. 
      2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс 
қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің ӛзге 
де жеке қажеттіктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа 
жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі. 
      3. Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, ӛндірістен 
қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және ӛзге де 
әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату 
түсініледі. 
      4. Қызметкерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері: 
      1) жалақы сақталмайтын демалыс; 
      2) оқу демалысы; 
      3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға 
байланысты демалыстар беріледі. 
      
101-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ҧзақтығы
 
      Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары 
үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта 
және жұмыс берушінің актілерінде кӛп күн саны кӛзделмесе, қызметкерлерге 
ұзақтығы күнтізбелік жиырма тӛрт күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы 
беріледі. Z960048 
      
102-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары
 
      1. Мыналарға: 
      1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және 
(немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ұзақтығы кемінде 
күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары 
беріледі; 
      2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде 
күнтізбелік он бес күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары 


беріледі. 
      2. Қызметкерлердің ӛзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру 
және оның ең тӛменгі ұзақтығы Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін. 
      3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, 
маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ ӛзге де сипаттағы жұмыстарды 
орындағаны үшін кӛтермелеу сипатында жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар 
белгіленуі мүмкін. 
      
103-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ҧзақтығын
 
                
есептеу
 
      1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс 
режимдері мен кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін 
мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі. 
      2. Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл 
сайынғы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негізгі еңбек демалысына 
қосылады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы 
шекпен шектелмейді. 
      
104-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қҧқық
 
                
беретін жҧмыс стажын есептеу
 
      Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына: 
      1) нақты жұмыс істелген уақыт; 
      2) қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) 
мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт; 
      3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс 
істемеген уақыт; 
      4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт 
қосылады. 
      
105-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
 
                
тәртібі
 
      1. Қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл 
сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез 
келген уақытында беріледі. 
      2. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы 
еңбек демалысын беру ерекшеліктері осы Кодекстің 213-бабында белгіленеді. 
      3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің 
арасындағы келісім бойынша бӛліктерге бӛлінуі мүмкін. 
      4. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Кодекстің 108-бабының 3-
тармағындағы талаптар сақтала отырып, осы Кодекстің 108 және 109-баптарында 
белгіленген жағдайларда және тәртіппен ауыстырылады, ұзартылады, үзіледі. 
      5. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы тӛлеу ол басталардан үш күнтізбелік 
күннен кешіктірілмей жүргізіледі. 
      
106-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
 
                
кезеңін айқындау
 
      Жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі 
айды құрайды. 
      
107-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
 
                
кезектілігі
 
      1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезектілігі 
еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс беруші қызметкерлердің пікірін ескере 
отырып бекітетін демалыс кестесінде белгіленеді. 
      2. Демалыс кестелері ӛндірістік қажеттілікке байланысты ӛзгертілген 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау