Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет24/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51

      1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай 
нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен 
кешіктірілмей тӛленеді. Жалақы тӛленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта 
кӛзделеді. 
      2. Жалақы тӛлеу кезінде жұмыс беруші әрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі 
тиесілі жалақының құрамдас бӛліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мӛлшерлері 
мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті 
зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ тӛленуге тиісті жалпы ақша сомасы 
туралы мәліметтерді жазбаша түрде ай сайын хабарлауға міндетті. 
      3. Жалақы тӛлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде 
тӛлем олардың қарсаңында жүргізіледі. 
      4. Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты ӛзге де 
тӛлемдерді тӛлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші 
қызметкерге берешек пен ӛсімақыны тӛлейді. Ӛсімақы мӛлшері жалақы тӛлеу 
жӛніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептеледі және 
тӛлем жүргізілуге тиісті күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген 
күнтізбелік күн үшін есептеледі және тӛлем жасалған күнмен аяқталады. 
      5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі 
барлық сомаларды тӛлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен 
кешіктірілмей жүргізіледі. 
      
135-бап. Жалақы тӛленетін орын
 
      Қызметкерлерге жалақы тӛлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың 
талаптарында ӛзгеше кӛзделмесе, олардың жұмыс істейтін орнында жүргізілуге 
тиіс. 
      
136-бап. Қызметкердің орташа айлық жалақысын есептеу
 
      1. Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық 
жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйлықақылар 
және еңбекке ақы тӛлеу жүйесінде кӛзделген тұрақты сипаттағы басқа да 
ынталандыру тӛлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік 
(сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі. 
      2. Осы Кодекске сәйкес тиісті ақы (тӛлем) тӛлеуге байланысты оқиғаның 
алдындағы он екі күнтізбелік ай орташа жалақыны есептеу үшін есептік кезең 
болып табылады. Күнтізбелік он екі айдан аз жұмыс істеген қызметкерлер үшін 
орташа айлық жалақы нақты жұмыс істелген уақыт бойынша айқындалады. 
      3. Орташа айлық жалақыны айқындаудың осы Кодексте кӛзделген барлық 
жағдайлары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі оны есептеудің бірыңғай 
тәртібін белгілейді. 
      4. Егер бұл қызметкердің жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта 
орташа жалақыны есептеудің ӛзге кезеңдері кӛзделуі мүмкін. 
      
137-бап. Жалақыдан ҧстап қалу
 
      1. Қызметкердің жалақысынан ұстап қалу сот шешімі бойынша, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген жағдайларда жүргізіледі. 
      2. Қызметкердің ӛзі жұмыс істейтін ұйымға берешегін ӛтеу үшін оның 
жалақысынан ұстап қалу қызметкердің жазбаша келісімі бар болған кезде жұмыс 
берушінің актісі негізінде жүргізілуі мүмкін. 
      3. Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мӛлшері қызметкерге тиесілі жалақының 
елу процентінен аспауға тиіс. 
      
138-бап. Қызметкердің қайтыс болуына байланысты
 
                
алынбаған жалақыны беру
 
      Қызметкердің қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан 
Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі. 
 
11-тарау. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
 


      
139-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ҧғымдар
 
      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
      1) оқыту шарты - жұмыс беруші мен оқитын адамның арасындағы кәсіптік 
даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша 
келісім; 
      2) кәсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа 
кәсіби дағдыларды меңгеру немесе кәсіби дағдыларды ӛзгерту үшін адамды 
дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны; 
      3) қайта даярлау - басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік 
беретін кәсіптік оқыту нысаны; 
      4) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен 
дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін 
кәсіптік оқыту нысаны. 
      
140-бап. Жҧмыс берушінің даярлау, қайта даярлау және
 
                
біліктілікті арттыру жӛніндегі қҧқықтары мен
 
                
міндеттері
 
      1. Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта 
даярлау мен біліктілікті арттырудың қажеттігін және оның кӛлемін жұмыс беруші 
айқындайды. 
      2. Жұмыс беруші қызметкерлерді немесе ӛзімен еңбек қатынастарында 
тұрмайтын ӛзге адамдарды (бұдан әрі - оқитын адамдар) кәсіптік даярлауды
қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды: 
      1) тікелей ұйымда; 
      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары 
оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім 
беру ұйымдарында жүргізеді. 
      3. Жұмыс беруші кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе 
біліктілігін арттырудан ӛтетін қызметкерлерге осы Кодексте, келісімдерде, 
ұжымдық шартта, еңбек шартында кӛзделген жұмысты оқумен қатар алып жүру үшін 
жағдайлар жасауға міндетті. 
      
Ескерту. 140-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 
2007.07.27. 
N 320
 (қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-баптан
 қараңыз) Заңымен.
 
      
141-бап. Жҧмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру
 
                
ҧйымдарында кәсіптік даярлау, қайта даярлау
 
                
және біліктілікті арттыру
 
      1. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында оқитын 
адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру 
оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан 
Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған ӛзге де қаражаттар есебінен 
жүзеге асырылады. 
      2. Келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында оқытуға 
байланысты жеңілдіктер мен ӛтемақы тӛлемдері кӛзделуі мүмкін. 
      
142-бап. Ҧйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта
 
                
даярлау және олардың біліктілігін арттыру
 
      1. Ұйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және 
олардың біліктілігін арттыруды жұмыс беруші жүзеге асырады. 
      2. Кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін 
арттыру нысандарын жұмыс беруші айқындайды. 
      3. Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың 
біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды Қазақстан Республикасының 
Үкіметі айқындайды. 
      
143-бап. Қызметкерлердің кәсіптік даярлау, қайта
 
                
даярлау және біліктілікті арттыру жӛніндегі
 
                
қҧқықтары мен міндеттері
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау