Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51

энергиямен жабдықтаудың және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа жүйелерінің 
қалыпты жұмыс істеуін бұзатын ӛзге де мән-жайларды жою үшін; 
      3) егер үзіліс жасауға болмайтын жұмыста ауыстыратын қызметкер келмей 
қалғанда, басқа қызметкермен ауыстыру шарасын дереу қолдана отырып, жұмысты 
жалғастыру үшін жол беріледі. 
      
91-бап. Жҧмыс уақытын есепке алуды жҥргізу тәртібі
 
      1. Жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке 
алуды жүзеге асыруға тиіс.  
      2. Қызметкер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт қамтылатын нақты 
жұмыс уақыты есепке алынуға тиіс.  
      3. Жұмыс істелген уақыт құрамында нақты жұмыс істелген жұмыс уақыты 
және жұмыс уақытына жатқызылатын ӛзге де уақыт кезеңдері есепке алынуға тиіс. 
Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндердегі 
жұмыстар, іссапар күндері бӛлек есептеледі.  
      4. Жұмыс істелмеген уақыт құрамында ақы тӛленетін және ақы тӛленбейтін 
уақыт, сондай-ақ қызметкердің және (немесе) жұмыс берушінің кінәсінен 
жоғалтылған жұмыс уақыты есепке алынуға тиіс. 
      5. Жұмыс уақытын есепке алу жұмыс беруші айқындаған құжаттарда 
жүргізіледі. 
      6. Қызметкердің жұмыс уақытына жұмыстарды жұмыс орнынан тыс жерлерде 
орындаған не олардың орындалуын жұмыс беруші нақты уақытпен тіркей алмайтын 
кезеңдер қосылатын жағдайларда, бұл кезеңдер жұмыс уақытын есепке алу 
құжаттарында еңбек шартында белгіленген жұмыстар кӛлемін орындау ретінде 
белгіленеді. 
 
8-тарау. ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ
 
      
92-бап. Тынығу уақытының тҥрлері
 
      Тынығу уақытының түрлері: 
      1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер - тынығуға және 
тамақтануға арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы үзілістер; 
      2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу; 
      3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу); 
      4) мереке күндері; 
      5) демалыстар болып табылады. 
      
93-бап. Тынығуға және тамақтануға арналған ҥзіліс
 
      1. Қызметкерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға және 
тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс 
берілуге тиіс. 
      2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тынығуға 
және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) 
басталғаннан кемінде үш сағат ӛткеннен кейін және тӛрт сағаттан кешіктірілмей 
белгіленуге тиіс. 
      3. Ұзақтығы 8 сағаттан асатын күнделікті жұмыста (жұмыс ауысымында) 
жұмыс уақытының икемді жиынтық есебі режимі кезінде тынығуға және тамақтануға 
арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде тӛрт 
сағат ӛткеннен кейін белгіленуі мүмкін. 
      4. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы 
еңбек тәртіптемесі ережелерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді. 
      5. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты жұмыс уақытына 
қосылмайды. Ӛндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін болмайтын 
жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерді жұмыс уақытында арнаулы жабдықталған 
орында тынығу және тамақтану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай 
жұмыстардың тізбесі, тынығудың және тамақтанудың тәртібі мен орны ұжымдық 
шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер ӛкілдерімен келісе отырып 
шығарылған актілерінде белгіленеді. 


      
94-бап. Ауысымішілік және арнаулы ҥзілістер
 
      1. Жұмыстың жекелеген түрлерінде қызметкерлерге технологияға және 
ӛндіріс пен еңбекті ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын 
ауысымішілік үзілістер беріледі. Бұл жұмыс түрлері, мұндай үзілістер берудің 
ұзақтығы мен тәртібі ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер 
ӛкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде белгіленеді. 
      2. Жылдың суық мезгілінде ашық ауада немесе жылытылмайтын жабық үй-
жайларда жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін 
қызметкерлерге жылыну және тынығу үшін жұмыс уақытына қосылатын арнаулы 
үзілістер беріледі. Жұмыс беруші қызметкерлердің жылынуы мен тынығуына 
арналған үй-жайлардың жабдықталуын қамтамасыз етуге міндетті. 
      3. Бір жарым жасқа толмаған балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге 
тынығуға және тамақтануға арналған үзілістен бӛлек, осы Кодекстің 188-бабына 
сәйкес баланы тамақтандыруға арналған қосымша үзілістер беріледі. 
      
95-бап. Кҥнделікті (ауысымаралық) тынығудың ҧзақтығы
 
      Қызметкердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс 
ауысымы) арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі 
сағаттан кем болмауға тиіс. 
      
96-бап. Демалыс кҥндері
 
      1. Қызметкерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі. 
      2. Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екі демалыс күні, 
ал алты күндік жұмыс аптасында - бір күн беріледі.  
      3. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс 
күні болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні жұмыс 
берушінің актісінде немесе ауысым кестесінде белгіленеді. Егер ұжымдық 
шартта, еңбек шартында ӛзгеше белгіленбесе, екі демалыс күні қатар беріледі. 
      4. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап ӛтілетін Құрбан айттың бірінші 
күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады. 
      5. Үздіксіз ӛндірістерде немесе ӛндірістік-техникалық жағдайлар бойынша 
немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет ету қажеттігі салдарынан демалыс күндері 
жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ӛндірістерде істейтін қызметкерлерге демалыс 
күндері жұмыс берушінің қызметкерлер ӛкілдерімен келісе отырып қабылданған 
актілерінде бекітілген ауысымдық кестеге сәйкес қызметкерлерге (қызметкерлер 
тобына) аптаның әр күндері кезекпен беріледі. 
      6. Іссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерін ӛзі жіберілген жұмыс 
берушінің еңбек тәртіптемесіне сәйкес пайдаланады.  
      
97-бап. Демалыс және мереке кҥндеріндегі жҧмыс
 
      1. Осы Кодекстің 98-бабында кӛзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс 
берушінің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа 
қызметкердің жазбаша келісімімен жол беріледі. 
      2. Демалыс және мереке күндерінде қызметкердің бастамасы бойынша 
жұмысқа жұмыс берушінің рұқсаты негізінде жол беріледі. 
      3. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кезінде қызметкердің қалауы 
бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе осы Кодекстің 128-бабында 
кӛрсетілген мӛлшерде ақы тӛленеді. 
      
98-бап. Қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке
 
              кҥндері жҧмысқа тартудың ерекше жағдайлары
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау