М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
"БЕКІТЕМІН"
М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры
Т.З. Рысбеков
05.05.2006 ж.
КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІНЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЛЫҚ
Орал, 2006
Бет: 7-нің 2-сі
Ақпараттық мәліметтер:
1. Дайындады: 03.05.2006 г. Тасмагамбетовым А.С.
2. 08.09.2005 ж. құжаттың орнына енгізілді
3. Енгізілген уақыты: 15.05.2006
4. Қайта қаралады: 15.05.2009
5. Өзгертулер:
№
|
Енгізілген уақыты
|
Дайындаушының аты-жөні
|
Қолы
|
1
|
12.09.2007 ж.
|
С.М. Бахишева
|
|
2
|
01.04.2008 ж.
|
С.М. Бахишева
|
|
3
|
14.04.2008 ж.
|
С.М. Бахишева
|
|
4
|
18.09.2008 ж.
|
С.М. Бахишева
|
|
5
|
|
|
|
Бет: 7-нің 3-сі
Мазмұны:
Мақсаты
Қолданылу саласы
Жауапкершілігі және өкілеттілігі
Сипатталуы
Жазбалар
Дәйектемелер
Бет: 7-нің 4-сі
1 Мақсаты
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, жұмыстар мен жұмысшы мамандықтарының Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, кафедра меңгерушісі бағыныстылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатындағы қызметшілердің қызметтерінің Біліктілік анықтамалығына сәйкес дайындалған. (Өзгертілген редакция, № 1 Өзг.)
2 Қолданылу саласы
2.1 Осы нұсқаулық БҚМУ-дың кафедра меңгерушісі үшін жарамды.
3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
3.1 Осы нұсқаулықта пайдаланылған терминдер мен анықтамалар СТ ҚР 9000-2007 сапа менеджменті жүйесіне, Негізгі ережелер мен сөздікке, ҚР СТ ГОСТ Р ИСО 14001-2000 Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық, ҚР СТ ГОСТ Р ИСО 14050-2000 Қоршаған ортаны басқару. Сөздігіне сәйкес келеді. (Өзгертілген редакция, № 2 Өзг.), (Өзгертілген редакция, №4 Өзг.)
3.2. Қолданылған қысқартулар БҚМУ сапа бойынша Нұсқаулыққа, Экологиялық менеджмент бойынша нұсқаулыққа және СМЖ/ЭМЖ.04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларына, сәйкес келеді.
4. Жауапкершілігі және өкілеттілігі
4.1 Кафедра меңгерушісі мыналар үшін жауап береді:
4.1.1 Кафедрадағы мамандықтар бойынша оқу, тәрбиелік және ғылыми жұмыстарын тікелей басқаруға және қамтамасыз етуге;
4.1.2 Мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарларын, семестрлік жұмыс жоспарлары мен пәндердің берілуінің кестелерін құруға;
4.1.3 Кафедра жұмысын жоспарлауға және ұйымдастыруға;
4.1.4 ПОҚ-ның жалпы жүктемелерін жоспарлауға және есептеуге;
4.1.5 Кафедра филиалдарының жұмыстарын ұйымдастыруға, кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысуға;
4.1.6 ПОҚ-ң жеке педагогикалық жүктемелерін анықтауға;
4.1.6 а Машық және еңбекпен қамту саласында ұйымдар және кәсіпорындармен қызметтестікті қамтамасыз ету. (4.1.6 а, Қосымша енгізілді, №3 Өзг.)
4.1.7 Кафедра оқытушыларының типтік оқу жоспарлары мен МББС сәйкес оқу сабақтарын, СӨЖ мен ОБСӨЖ, емтихандар, сынақтар, оқу және кәсіби сарамандарын өткізу үшін бақылауды жүзеге асыруға;
4.1.8 МАК жұмысын ұйымдастыруға;
4.1.9 Кафедраның пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешенін басқаруға және дайындауға;
4.1.10 Кафедра пәндері бойынша оқу және әдістемелік құралдарды дайындау үшін жағдайлар жасауға;
4.1.11 БҚМУ сапа саласындағы саясаты мен экологиялық саясатты, сонымен бірге сапа менеджмент және экологиялық менеджмент жүйелер саласындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға;
Бет: 7-нің 5-сі
4.1.12 Өзінің өкілеттілігі шегіндегі кафедрада менеджмент жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
4.1.13 Кафедра қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге;
4.1.14 Кафедра оқытушыларының оқу-тәрбиелік жұмыстарын сапалы жүргізуіне;
4.1.15 Кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарының жұмысына;
4.1.16 Кафедра ұжымының моральдық-психологиялық климатын тиісті деңгейде орнықтыруға және оны ұстауға;
4.1.17 Өндірістік қажеттіліктерге байланысты барлық жұмыстардың түрін орындауға;
4.1.18 Мамандарды даярлауда сапасын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға;
4.1.19 Мамандықтар бойынша академиялық топтардың кураторларын тағайындауға;
4.1.20 Мамандықтар бойынша жұмыс оқу жұмыс жоспарларын және семестрлік оқу жұмыс жоспарлары мен оқу үрдісінің кестесін құруға.
4.2. Кафедра меңгерушісі құқылы:
4.2.1 Кафедраның мүделлерін барлық деңгейде көрсетуге;
4.2.2 Кәсіби қызмет үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етуге;
4.2.3 Университеттің барлық бөлімшелеріндегі кафедра қызметінің мәселелері талқыланатын және шешілетін жұмыстарға қатысуға;
4.2.4 Белгіленген тәртіпте өзінің біліктілігін арттыруға;
4.2.5 Қажетті жағдайларда ПОҚ-ның жеке жұмыс жоспарларына өзгертулер енгізуге;
4.2.6 Кафедраны ұйымдастыру, басқару бойынша ұсыныстарды итститут, ЖОО кеңесіне беруге;
4.2.7 Кафедраны кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді қабылдауға, оның сапалы құрамы бойынша ұсыныстар енгізуге;
4.2.8 Университеттің Ғылыми Кеңесіне оқытушының өз кафедрасына атқарып отырған лауазымының сәйкес келмейтіні туралы ұсыныстарды енгізуге.
4.2.9 Сапа менеджмент және экологиялық менеджмент жүйелерінің құжаттарын пайдалануға;
4.2.10 Сәйкессіздіктерден сақтануды ынталану мен сапа менеджменті және экологиялық менеджмент жүйелерін жақсарту жөнінде ұсыныстар беруге;
4.2.11 Сапа менеджмент және экологиялық менеджмент жүйелерінің талаптарын орындауға бақылау жүргізуге;
4.2.12 Экологиялық саясат пен сапа саласындағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға жағдай жасауға;
4.2.13 Сапа жоспарлар мен экологиялық менеджмент бағдарламаларды дайындауда қатысуға;
4.2.14 ЭМЖ.04.01 Экологиялық аспектерді сәйкестендіру әдістемелік нұсқауларға сәйкес қызмет, өнім өзгергенде экологиялық аспекттерді сәйкестендіру бойынша жұмыстарды координациялау;
4.2.15 Сапа менеджмент және экологиялық менеджмент жүйелерінің нәтижелілігі туралы жоғары басшылыққа есептерді беруге;
4.2.16 СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттаманы басқару және СМЖ/ЭМЖ 04.02 Жазбаларды басқару шарасына сәйкес сапа менеджмент және экологиялық менеджмент жүйелерінің құжаттарын дайындау, ендіру және қайта қарастыруды ұйымдастыруға және бақылауға.
Бет: 7-нің 6-сі
5.Сипатталуы
5.1 Бағыныстылығы
5.1.1 Кафедра меңгерушісін БҚМУ ректоры тағайындайды және қызметінен босатады.
5.1.2 Кафедра меңгерушісі тікелей институт директорына бағынады және өз жұмысында соның нұсқауларын, БҚМУ өкімдерін және нормативтік құжаттарды, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.
5.2 Кафедра меңгерушісі болмаған кезінде оның орнын кафедраның аса тәжірибелі оқытушысы жүзеге асырады.
5.3 Кафедра меңгерушісі білуі тиіс:
5.3.1 Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін;
5.3.2 Елдің жоғары білімін дамыту перспективаларын, университеттегі сырттай оқытуды дамытудың басымдық бағыттарын және оларды жүзеге асырудың негізгі шараларын;
5.3.3 Ұйымдастыру-тарату құжаттарын және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік материалдарын;
5.3.4 Университеттің қызметін, профилін және мамандандыру бағытын;
5.3.5 Университеттің мамандықтары бойынша ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарттарын;
5.3.6 Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясын, оқытудың интерактивтік және ақпараттық технологиялардың формалары мен әдістерін;
5.3.7 Сапалы білім беру қызметінің ішкі және сыртқы мониторингісінің ережесі мен іс-шараларына қатысты негізгі талаптарын;
5.3.8 Университеттің ішкі тәртібінің Ережесін, Жарғысын және орындалатын жұмыс мәселесі бойынша ішкі нормативтік құжаттарды;
5.3.9 Сапа саласындағы Саясатын және өзінің өкілеттілігі шегіндегі сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын;
5.3.10 Экологиялық саясатты, экологиялық менеджмент саласындағы мақсаттар мен міндеттерді және өзінің өкілеттілігі шегіндегі экологиялық менеджмент жүйесінің құжаттарын;
5.3.11 Осы нұсқаулықты;
5.3.12 Еңбек заңнамасының негіздерін;
5.3.13 Еңбекті қорғау ережесі мен нормаларын.
5.4. Біліктілік талаптары:
5.4.1. Кафедра меңгерушісінің ғылым докторы немесе ғылым профессорының, ғылым кандидаты немесе доценттің ғылыми атағы мен жоғары білім саласындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жылдай болу керек және басқа жағдайларда аға оқытушының қызметін атқаруы тиіс.
5.5. Атқарып отырған қызметіне сәйкестілігін анықтайтын аттестаттау.
5.5.1. ЖОО -ның профессорлық оқытушылық құрамының байқау ережелеріне сәйкес конкурс өтеді.
(Өзгертілген редакция, № 1 Өзг.)
6. Жазбалар
-
7. Дәйектемелер
7.1. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі.
7.2. БҚМУ қызметкерлерін аттестаттау Ережелері.
Бет: 7-нің 7-сі
7.3. Жұмыстар мен жұмысшы мамандықтардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.
7.4. Қызметшілер лауазымының Біліктілік анықтамалығы.
7.5. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-і қызметкерлерінің тәртіп кодексі.
(Өзгертілген редакция, № 1 Өзг.)
«КЕЛІСІЛДІ»
Инновациялық жұмыс
жөніндегі проректор
____________ С.С.Жұбатырова
04.09.2007 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |