Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі


-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет42/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61

 
   29-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК  
      258-бап. Әлеуметтік әріптестіктің міндеттері 
 
      Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік: 
 
       1) әлеуметтік, еңбек және осылармен байланысты экономикалық қатынастарды 
реттеудің тиімді тетігін жасау
 
       2) қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін объективті ескеру негізінде 
әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 
 
       3) қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз 
етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру; 
 
       4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы 
консультациялар мен келіссөздер процесіне жәрдемдесу
 
       5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу; 
 
       6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру 
жөніндегі ұсыныстарды талдап-тұжырымдау міндеттерін шешуге бағытталған. 
 
      259-бап. Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері 
 
      Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері мыналар: 
 
       1) тараптар өкілдерінің өкілеттілігі; 
 
       2) тараптардың тең құқықтылығы; 
 
       3) талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі; 
 
       4) міндеттемелер қабылдау еріктілігі; 
 
       5) тараптар мүдделерін құрметтеу; 
 
       6) ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі; 
 
       7) келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді өз кінәсі бойынша 
орындамағаны үшін тараптардың, олардың өкілдерінің жауаптылығы; 
 
       8) әлеуметтік әріптестікті нығайту мен дамытуға мемлекеттің жәрдемдесуі; 
 
       9) қабылданатын шешімдердің жариялылығы. 
 
      260-бап. Әлеуметтік әріптестік органдары 
 
      Әлеуметтік әріптестік әлеуметтік әріптестік органдары: 
 
       1) республикалық деңгейде - әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек 
қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрі - 
республикалық комиссия); 
 
       2) салалық деңгейде - әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек 
қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар (бұдан әрі - салалық комиссия); 
 
       3) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде - әлеуметтік әріптестік 
пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық 
комиссиялар (бұдан әрі - өңірлік комиссия) арқылы тараптардың өзара іс-қимыл 
жасасуы нысанында; 
 
       4) ұйымдар деңгейінде - қызметкерлердің өкілдері мен жұмыс берушінің 
арасында еңбек саласындағы өзара нақты міндеттемелерді белгілейтін келісімдер 
немесе ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етіледі, ал шет ел қатысатын ұйымдарда 
оны Қазақстан Республикасының резиденттері халықаралық шарттардың (келісімдердің) 
және Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде қамтамасыз етеді. 
 
      261-бап. Әлеуметтік әріптестік нысандары 
 
      Әлеуметтік әріптестік: 
 
       ұжымдық шарттардың, келісімдердің жобаларын әзірлеу және оларды жасасу 
жөніндегі ұжымдық келіссөздер; 
 
       еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды 
реттеу, қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету 
және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзара 
консультациялар (келіссөздер); 
 


 
       қызметкерлер мен жұмыс берушілер өкілдерінің еңбек дауларын сотқа дейін 
шешуге қатысуы нысандарында жүзеге асырылады. 
 
      262-бап. Әлеуметтік әріптестік тараптары 
 
      Тиісті атқарушы органдар атынан мемлекет, белгіленген тәртіппен уәкілеттік 
берілген өз өкілдері атынан қызметкерлер мен жұмыс берушілер әлеуметтік әріптестік 
тараптары болып табылады. 
 
      263-бап. Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде 
 
                ұйымдастыру 
 
      1. Республикалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен 
келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісуді 
қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. 
 
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық 
бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті 
өкілдері республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады. 
 
       3. Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қалалардың 
жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) 
бар бірлестіктер қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері 
болып табылады. 
 
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік 
субъектілері бірлестіктерінің республикалық одағының (қауымдастығының), шағын 
кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 
республикалық салалық бірлестіктерінің өкілдері жұмыс берушілердің республикалық 
бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.
 
      Аталған одақтардан (қауымдастықтардан) өкілдік ету олардың құрамына кіретін 
республикалық қоғамдық бірлестіктердің санына қарай пропорциялық негізде жүзеге 
асырылады.
 
      
Ескерту. 263-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 
№ 130-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      264-бап. Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде 
 
                ұйымдастыру 
 
      1. Салалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен 
келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін келісуді қамтамасыз 
ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Осы Кодекстің мақсаттары 
үшін салалар тізбесін республикалық комиссия белгілейді. 
 
       2. Тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілетті 
өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері салалық комиссиялардың 
қатысушылары болып табылады. 
 
       3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында құрылымдық 
бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар салалық кәсіптік одақтар 
қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады. 
 
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық 
ұйымдардың өкілдері жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып табылады.
 
      
Ескерту. 264-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 
№ 130-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      265-бап. Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде 
 
                ұйымдастыру 
 
      1. Өңірлік комиссия тиісті келісімдермен және шешімдермен ресімделетін 
консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін 
келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. 
 
       2. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер 
мен қызметкерлердің өкілдері өңірлік комиссиялардың қатысушылары болып табылады. 
 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау