3. Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі кәсіптік одақтар бірлестіктері
қызметкерлердің өңірлік бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.
4. Мыналар:
1) облыстық деңгейде – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер
палатасының
өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері,
шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық бірлестік;
2) қалалық, аудандық деңгейлерде – Қазақстан Республикасының Ұлттық
кәсіпкерлер палатасының өкілдері, шағын
кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық
бірлестіктер өңірлік деңгейдегі жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып
табылады.
Ескерту. 265-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013
№ 130-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
266-бап. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұйым деңгейінде
реттеу
1. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді қамтамасыз ету, ұжымдық келіссөздер
жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оны жасасу, сондай-ақ ұжымдық
шарттың орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшін
тараптар шешімі бойынша тең
құқықтылық негізде тараптардың қажетті өкілеттіктер берілген өкілдерінен тұратын
комиссиялар құрылады.
2. Жұмыс беруші ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес ұйымда жұмыс
істейтін кәсіптік одақтың қызметі үшін жағдай жасайды.
3. Тараптардың келісімі бойынша және кәсіптік одақ мүшелері болып табылатын
қызметкерлердің жазбаша өтініштері болған кезде, жұмыс беруші кәсіптік одақтың
есеп-шотына қызметкерлердің жалақысынан ұсталатын мүшелік кәсіподақ жарналарын ай
сайын аударады.
Ескерту. 266-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
267-бап. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық,
өңірлік комиссияларды құрудың принциптері мен
тәртібі
1. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық, өңірлік комиссиялар мынадай
принциптер:
1) комиссиялардың қызметіне атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс
берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің қатысу міндеттілігі;
2) тараптардың өкілеттілігі;
3) тепе-тең өкілдік ету;
4) тараптардың тең құқықтылығы;
5) тараптардың өзара жауапкершілігі негізінде құрылады.
2. Комиссиялар қатысушыларының жеке құрамын әлеуметтік әріптестіктің әрбір
тарапы дербес құрады.
268-бап. Республикалық, салалық, өңірлік комиссиялардың
негізгі мақсаттары мен міндеттері
1. Комиссиялардың негізгі мақсаттары әлеуметтік және еңбек қатынастарын
реттеу және әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісу болып табылады.
2. Комиссиялардың негізгі міндеттері:
1) әлеуметтік және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша
әлеуметтік әріптестік тараптарының ұстанымдарын келісу;
2) келісімдерді әзірлеу мен жасасу;
3) келісімдерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, келісу және
бекіту;
4) халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және қолдануға байланысты
мәселелер бойынша консультациялар өткізу және ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссиялар өздері бекіткен ережелерге және жұмыс жоспарларына сәйкес
жұмыс істейді. Комиссия отырыстары жылына екі реттен сирек болмайтындай етіп
өткізіледі.
269-бап. Республикалық, салалық және өңірлік
комиссиялардың негізгі құқықтары
Республикалық, салалық және өңірлік комиссиялар:
1) өз отырыстарында әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында келісілген
саясат жүргізу проблемаларын қарауға;
2) келісім жобасын әзірлеу, көрсетілген келісімді іске асыру, комиссия
шешімдерін орындау кезінде
атқарушы органдардың, жұмыс берушілер мен қызметкерлер
бірлестіктерінің мүдделерін келісуге;
3) атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден және (немесе) қызметкерлер
өкілдерінен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін, жасалатын және жасалған
келісімдер
туралы ақпарат сұратуға;
4) өз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты тұлғалар
оларды орындамаған жағдайда әлеуметтік әріптестіктің тиісті тарапына анықталған
бұзушылықтарды жою және келісімнің талаптарын орындамағаны үшін кінәлі тұлғаларды
жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстары бар ақпарат жіберуге;
5) атқарушы органдардан ұжымдық келіссөздер жүргізу және келісімнің жобасын
әзірлеу, аталған келісімнің орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті
әлеуметтік жағдай туралы
ақпаратты сұратуға және алуға;
6) уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына әлеуметтік және еңбек
қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар
енгізуге;
7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып, жұмыс топтарын құруға;
8) комиссия отырысына атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің
қызметкерлерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыруға;
9) атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері
комиссия белгіленген мерзімде қарауға және орындауға міндетті бірлескен келісімдер
мен шешімдер қабылдауға;
10) әлеуметтік және еңбек қатынастары мен әлеуметтік әріптестік мәселелері
бойынша халықаралық, республикалық, өңіраралық кеңестер, конференциялар,
конгрестер, семинарлар өткізуге аталған іс-шараларды ұйымдастырушылармен келісілген
тәртіппен қатысуға құқылы.
270-бап. Қызметкерлер өкілдерінің өкілеттіктері
1. Қызметкерлер өкілдерінің:
1) қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіруге және
қорғауға;
2) жұмыс берушімен жобаларды әзірлеу және келісімдерді, ұжымдық шарттарды
жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздер жүргізуге, осы мақсаттарда еңбек қатынастары
мәселелері бойынша қажетті ақпарат алуға;
3) келісімдерде немесе ұжымдық шарттарда көзделген әлеуметтік-экономикалық
даму
мәселелерін шешуге қатысуға;
4) осы Кодексте белгіленген тәртіппен қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
5) еңбек заңнамасын бұзу мәселелері бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның мемлекеттік инспекторларымен өзара іс-қимыл жасасуға;
6) келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын
қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерделеу мен қолдану үшін жұмыс орындарында
болуға;
7) еңбек қатынастарына және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты