Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет39/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61

 
      Ескерту. 231-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.07 
N 222-IV
 (қолданысқа 
енгізілу тәртібін 
2-б
. қараңыз) Заңымен.
 
      232-бап. Азаматтық қызметшіні басқа мемлекеттік 
 
               мекемеге (қазыналық кәсіпорынға) жұмысқа 
 
               ауыстыру 
 
      Азаматтық қызметші өзінің жазбаша өтініші бойынша тиісті ұйымдардың басшылары 
арасындағы келісім бойынша басқа мемлекеттік мекемеге (қазыналық кәсіпорынға) 
жұмысқа ауыстырылуы мүмкін. 
 
      233-бап. Азаматтық қызметшілерді аттестаттау 
 
      Азаматтық қызметшілер кәсіптік және біліктілік даярлығы деңгейін, іскерлік 
қасиеттерін айқындау мақсатында аттестаттаудан өтеді. 
 
      Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын тиісті 
қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
 
      234-бап. Азаматтық қызметтегі жоғарылату 
 
      1. Азаматтық қызметшілердің қызметтегі жоғарылауы оларды жоғары лауазымға 
ауыстыру жолымен жүзеге асырылады. 
 
       2. Біліктілік деңгейі жоғары және жұмыс тәжірибесі бар, өзінің кәсіптік, 
біліктілік деңгейін үнемі арттырып отыратын азаматтық қызметшілер азаматтық қызмет 
бойынша жоғарылатуда басым құқықты пайдаланады. 
 
      235-бап. Азаматтық қызметшілердің біліктілігін арттыру 
 
                және оларды қайта даярлау 
 
      1. Азаматтық қызметшілер кәсіптік білімі мен дағдыларын тереңдету, кәсіптер 
мен мамандықтар алу мақсатында тиісті білім беру ұйымдарына жіберілуі мүмкін. 
 
       2. Азаматтық қызметшінің оқуы, қайта оқуы, тағылымдамадан өтуі, өндірістен 
(жұмыстан) қол үзбей оқу жағдайындағы ғылыми тағылымдамасын қоса алғанда, жіберуші 
ұйымның қаражаты есебінен төленеді. 
 
       Азаматтық қызметшінің оқуы кезінде оның атқаратын лауазымы, кепілдіктері мен 
өтемақы төлемдері сақталады. 
 
       3. Біліктілігін арттырудан немесе азаматтық қызмет бейініне сәйкес келетін 
мамандық бойынша қайта даярлаудан өтіп жатқан азаматтық қызметшілерге ақылы оқу 
демалысы беріледі. 
 
      236-бап. Азаматтық қызметшілерді көтермелеу 
 
      Лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, жұмысты, оның ішінде айрықша күрделі 
және шұғыл жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшін, бастамашылдығы, шығармашылық 
белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін азаматтық қызметшілер: 
 
       1) азаматтық қызметтегі жоғарылатумен; 
 
       2) ақшалай сыйақымен; 
 
       3) алғыс жариялаумен көтермеленуі мүмкін. 
 
      Ұжымдық шартта көтермелеудің басқа да шаралары көзделуі мүмкін. 
 
      237-бап. Азаматтық қызметшілерге басқа жерге жұмысқа 
 
                ауысуы кезінде берілетін кепілдіктер мен 
 
                өтемақы төлемдері 
 
      Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік мекемемен (қазыналық кәсіпорынмен) бірге 
қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша басқа жерге (басқа елді мекенге) 
жұмысқа ауысу кезінде: 
 
       азаматтық қызметшінің өзінің және оның отбасы мүшелерінің жұмыс орнына 
дейінгі жолақысының құны (мемлекеттік мекеме (қазыналық кәсіпорын) тиісті қозғалыс 
құралын беретін жағдайлардан басқа); 
 
       мүлікті тасымалдау шығыстары; 
 
       жолда болған әр күн үшін тәуліктік шығыстар; 
 
       атқаратын лауазымы бойынша алты лауазымдық жалақысы мөлшеріндегі біржолғы 


 
жәрдемақы; 
 
       жолға жиналу және жаңа орынға орналасу күндері үшін, бірақ алты күннен 
аспайтын, сондай-ақ жолда болған уақыты үшін жалақысы төленеді. 
 
      238-бап. Азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу 
 
      1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің еңбегіне 
ақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 
 
      2. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн 
денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және 
ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда 
айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен 
салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен 
тарифтiк ставкалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, 
жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен белгiленедi.
 
      3. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн 
денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және 
ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен 
келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.
 
      
Ескерту. 238-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 
№ 121-V
 
Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 
№ 165-V
 (алғашқы ресми жарияланған 
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      239-бап. Азаматтық қызметшілерге берілетін демалыс 
 
      1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық 
жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы 
күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы 
беріледі. Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда 
бір рет төленеді. 
 
      Азаматтық қызметшілердің жекелеген 
санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарымен неғұрлым ұзақ мерзімді жыл сайынғы 
негізгі ақылы еңбек демалысы белгіленуі мүмкін. 
 
       2. Жоғары оқу орындарында оқитын азаматтық қызметшілерге жұмыс берушімен 
келісім бойынша емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау мен қорғау
оқу бітіру емтихандарын тапсыру кезеңіне ақылы оқу демалыстары беріледі. 
 
      Ескерту. 239-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      240-бап. Азаматтық қызметшілермен еңбек шартын 
 
                тоқтатудың қосымша негізі 
 
      1. Қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшін осы Кодексте белгіленген 
негіздермен қатар азаматтық қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңында 
белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі 
болып табылады. 
 
       2. Мемлекеттік мекеменің (қазыналық кәсіпорынның) басшысы не жауапты хатшысы 
немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адам 
зейнеткерлік жасқа жеткен, кәсіптік және біліктілік деңгейі жоғары қызметкермен 
оның еңбекке қабілеттілігін ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзартуы мүмкін. 
 
      Ескерту. 240-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 
N 315
 (ресми жарияланған 
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
   25-1-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, 
ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер 
және ұлттық компаниялар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары 
қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау