Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет41/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61

 
бұрын тоқтату туралы шешімі осы Кодексте көзделген негіздермен қатар заңды тұлғаның 
атқарушы органы басшысымен еңбек шартын тоқтатуға қосымша негіз болып табылады. 
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, 
оның қолданылу мерзімі өткенге дейін еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзғаны үшін 
оған еңбек шартында айқындалатын мөлшерде, жағдайда және тәртіппен өтемақы төлемі 
төленеді.
 
      
Ескерту. 252-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      253-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының 
 
                бастамасы бойынша еңбек шартын мерзімінен 
 
                бұрын бұзу 
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлға мүлкінің меншік иесін 
не ол уәкілеттік берген тұлғаны (органды) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органын 
бұл жөнінде жазбаша түрде кемінде екі ай бұрын ескерте отырып, еңбек шартын 
мерзімінен бұрын бұзуға құқылы. 
 
      254-бап. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы 
 
                мүшелерінің және мүліктің меншік иесі немесе ол
 
                уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды
 
                тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын
 
                (сайлайтын) қызметкерлердің еңбегін реттеу
 
                ерекшеліктері
 
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      Осы тарауда белгіленген атқарушы орган басшысының еңбегін реттеу 
ерекшеліктері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, заңды 
тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелеріне қолданылады.
 
      Мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға не заңды тұлғаның 
уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің еңбегін реттеудің 
ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
 
      
Ескерту. 254-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ,
 
          ПАРЛАМЕНТІ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ,
 
          СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАМДАРДЫҢ, АРНАУЛЫ
 
          МЕМЛЕКЕТТІК, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
 
          ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖӘНЕ
 
          ОНЫҢ ВЕДОМСТВОЛАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ
 
          ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      Ескерту. 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - 2012.07.05 N 30-V (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      255-бап. Мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және 
 
                мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан 
 
                Республикасы судьяларының еңбегін реттеу 
 
      Мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, 
Қазақстан Республикасы судьяларының еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен 
тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртібін, еңбектің ерекше жағдайларын, еңбекке ақы 
төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді 
белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының 
өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы 
Кодексте реттеледі. 
 


 
      256-бап. Әскери қызметтегі адамдар және құқық қорғау 
 
                органдарының қызметкерлері
 
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      1. Әскери қызметтегі адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, 
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, әскери 
қарсы барлау және әскери полиция органдарында, Республикалық ұланда, Ішкі істер 
министрлігінің ішкі әскерлерінде және әскери-тергеу органдарында, төтенше жағдайлар 
саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен 
бөлімдерінде және әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткеріп жүрген 
адамдар жатады.
 
      2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының ішкі 
істер, қаржы полициясы органдарында, мемлекеттік өртке қарсы қызметте, кеден 
органдарында, прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын адамдар 
жатады.
 
      3. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне ұлттық қауіпсіздік 
органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда және Қазақстан 
Республикасы Президентінің Күзет қызметінде қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.
 
      Ескерту. 256-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.05.27 
№ 279-IV
, 2012.01.18 

547-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi), 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 
№ 562-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен.
 
      257-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік
 
                және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің
 
                еңбегін реттеу
 
      Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары 
қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары 
мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ 
қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан 
Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де 
нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодексте 
реттеледі.
 
      
Ескерту. 257-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      257-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және
 
                оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегін
 
                реттеу
 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің 
еңбегі лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың ерекше талаптарын, ерекше 
еңбек жағдайын және еңбекақы төлеу шарттарын, сондай-ақ артықшылықтар мен 
шектеулерді белгілейтін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық 
актілерінде көзделген ерекшеліктерімен бірге осы Кодекспен реттеледі.
 
      Ескерту. 28-тарау 257-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.05 
N 30-V
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
   4-БӨЛІМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ  
 ҰЖЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР  


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау