Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет44/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61

 
заңнамалық актілердің, бағдарламалардың жобаларын әзірлеу мен қарау жөніндегі 
консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына қатысуға; 
 
       8) осы Кодексте белгіленген тәртіппен қызметкер мен жұмыс берушінің 
арасындағы еңбек дауларын реттеуге қатысуға; 
 
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жиналыстар, 
шерулер, митингілер, пикеттер, ереуілдер өткізуге құқығы бар. 
 
       2. Жұмыс берушілердің қызметкерлер өкілдеріне өз өкілеттіктерін жүзеге 
асыруына кедергі жасауына жол берілмейді. 
 
   30-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТАРАПТАРЫ АРАСЫНДА  
 КЕЛІСІМДЕР ЖАСАСУ ТӘРТІБІ  
      271-бап. Келісімдерді дайындау жөнінде келіссөздер 
 
                жүргізу құқығы 
 
      1. Әлеуметтік әріптестіктің кез келген тарапы келісімді әзірлеу, оның 
мазмұны, оны жасасу, өзгерту, толықтыру жөніндегі келіссөздердің бастамашысы болуға 
құқылы. 
 
       2. Республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде қызметкерлер мен жұмыс 
берушілер уәкілеттік берген бірнеше өкіл бар болса, олардың әрқайсысына өздері 
өкілдік ететін қызметкерлер мен жұмыс берушілердің атынан келіссөздер жүргізу 
құқығы беріледі. 
 
      272-бап. Келіссөздер жүргізудің, келісімдерді әзірлеу 
 
                мен жасасудың тәртібі 
 
      1. Екінші тараптан келіссөздердің басталуы туралы жазбаша ұсыныстар алған 
тараптар күнтізбелік он күн ішінде оларды қарауға және келіссөздерге кірісуге 
міндетті. 
 
       Тараптар арасында салалық келісімнің жекелеген ережелері бойынша 
келіспеушіліктер болғанда, келіссөздер басталған күннен бастап үш ай ішінде 
тараптар бір мезгілде келіспеушіліктер хаттамасын жасай отырып, келісілген 
шарттарда салалық келісімге қол қоюға тиіс. 
 
       2. Келіссөздер жүргізу тәртібін, келісімдерді әзірлеу мен жасасу 
мерзімдерін, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оларға қосылуды 
комиссиялар бекітеді. 
 
       3. Келісімдер оларға тараптар қол қойған кезден бастап не келісімдерде 
белгіленген күннен бастап күшіне енеді. Келісімдердің барлық қосымшалары олардың 
ажырамас бөлігі болып табылады және солармен бірдей заң күшіне ие болады. 
 
       4. Келісімнің қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша не жаңа келісім 
қабылданғанға дейін белгіленеді, бірақ үш жылдан аспауға тиіс. 
 
       5. Қызметкерлерге бір мезгілде бірнеше келісімдердің күші қолданылған 
жағдайларда, келісімдердің қызметкерлер үшін неғұрлым қолайлы шарттары қолданылады. 
 
       6. Бас, салалық, өңірлік келісімдерді әлеуметтік әріптестік тараптарының 
өкілдері қол қойып бекітеді. 
 
      7. Тараптар қол қойған салалық, өңірлік келісімдер қосымшаларымен қоса он күн 
мерзімде хабарламалық тіркеу үшін жіберіледі. 
 
      273-бап. Республикалық, салалық, өңірлік комиссиялардың 
 
                шешімдер қабылдау тәртібі 
 
      1. Комиссиялардың шешімдері келіссөздерде барлық тараптардың келісіміне қол 
жеткізу негізінде ғана қабылданады және тиісті келісімдермен ресімделеді. 
 
       2. Келісім барысында, егер тараптар келісімге келе алмаса, 
келіспеушіліктерді жою жөніндегі және келіссөздерді қайта жалғастыру мерзімдері 
туралы тараптардың түпкілікті тұжырымдалған ұсыныстары енгізілетін хаттама 
жасалады. 
 


 
       3. Шешімдер қабылдау мен жұмысты ұйымдастыру тәртібін комиссиялар әзірлеп, 
бекітеді. 
 
      274-бап. Комиссиялардың үйлестірушілері 
 
      Республикалық, салалық және өңірлік комиссиялардың үйлестірушілері 
тараптардың бірлескен шешімімен тағайындалады. Комиссияның үйлестірушісі: 
 
       1) тараптардың қызметіне араласпайды; 
 
       2) комиссия жұмысына қатысу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер 
бірлестіктерінің өкілдерін, атқарушы билік органдарының комиссия мүшелері болып 
табылмайтын өкілдерін, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, басқа да ұйымдардың 
өкілдерін шақырады; 
 
       3) комиссияның және жұмыс топтарының жұмысын, хаттамалардың жүргізілуін, 
шешімдердің жобаларын дайындауды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз 
етеді. 
 
      275-бап. Келісімдердің тараптары, түрлері 
 
      1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс 
берушілердің республикалық бірлестіктері мен қызметкерлердің республикалық 
бірлестіктері арасында Бас келісім жасалады. 
 
       2. Салалық деңгейде тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік 
органдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілетті өкілдері арасында салалық 
келісімдер жасалады. 
 
      3. Өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар және жұмыс берушілер мен 
қызметкерлердің өкілетті өкілдері арасында өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) 
келісімдер жасалады.
 
      
Ескерту. 275-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      276-бап. Келісімдердің мазмұны 
 
      1. Келісімдер: 
 
       1) қолданылу мерзімі туралы; 
 
       2) орындалуын бақылау тәртібі туралы; 
 
       3) келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы; 
 
       4) тараптардың өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы 
жауаптылығы туралы ережелерді қамтуға тиіс. 
 
       2. Бас келісімнің мазмұнын республикалық комиссия әлеуметтік әріптестіктің 
барлық тараптары немесе солардың біреуі ұсынған Бас келісімнің жобаларын негізге 
ала отырып айқындайды. 
 
       3. Салалық және өңірлік келісімдердің мазмұнын салалық және өңірлік 
комиссиялар әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары немесе солардың біреуі 
ұсынған келісімдер жобаларының негізінде айқындайды. 
 
       4. Келісімдерде: 
 
       1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау, еңбек режимі және 
тынығу режимі туралы ережелер көзделуі мүмкін. 
 
       Салалар бойынша тарифтік ставканың (айлықақының) ең төменгі мөлшерінің 
көлемі салалық келісімдерде айқындалады; 
 
       2) бағалар мен инфляцияның, ең төменгі күнкөріс деңгейі және келісімде 
айқындалған көрсеткіштердің орындалуы негізге алына отырып, еңбекке ақыны реттеу 
тетігі туралы; 
 
       3) өтемақы төлемдері туралы; 
 
       4) қызметкерлерді жұмыспен қамтуға, кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға 
жәрдемдесу туралы; 
 
       5) жұмысқа және тынығуға қолайлы жағдайлар жасау және тиісті қоршаған ортаны 
қамтамасыз ету жолымен өндірісте қызметкерлердің денсаулығын сақтауды ұйымдастыру 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау