Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет50/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61

 
басқаратын орган болмаған кезде – тікелей жұмыс беруші жеткізеді.
 
      Жұмыс беруші сот шешімінің мәтінін көпшілікке көрінетіндей қолжетімді 
жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
 
      Ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімі дереу орындалуға, ал ереуіл 
тоқтатылуға тиіс.
 
      Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда прокурор 
немесе сот тиісті шешім қабылданғанға дейін ереуілді тоқтата тұруға құқылы.
 
      5. Ереуілді басқарушы органның сот шешіміне Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
 
      
Ескерту. 303-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      304-бап. Ереуілдерді заңсыз деп танудың салдары 
 
      Сот ереуілді заңсыз деп танығанда, жұмыс беруші ереуілді ұйымдастыруға немесе 
өткізуге қатысқан қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартуы мүмкін. 
 
      305-бап. Локаутқа тыйым салу 
 
      Ереуіл өткізуді қоса алғанда, ұжымдық еңбек дауын реттеу барысында локаутқа, 
яғни қызметкерлердің ұжымдық еңбек дауына немесе ереуілге қатысуына байланысты, осы 
Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, 
солармен жасалған еңбек шарттарын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға тыйым 
салынады.
 
      
Ескерту. 305-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
   5-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ  
   33-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ  
 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ  
      306-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
 
                саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
 
                бағыттары 
 
      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат: 
 
      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға;
 
       2) 
алып тасталды - ҚР 03.07.2013 
№ 124-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
       3) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту, 
қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, 
қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті 
экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға және іске асыруға; 
 
       4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге 
асыруға; 
 
       5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми 
зерттеулер жүргізуге; 
 
       6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың 
бірыңғай тәртібін белгілеуге; 
 
       7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы 
заңнамасының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға; 
 
       8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің 
құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру 
тәртібін нормативті түрде бекітуге; 
 
       9) өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккен 


 
қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға; 
 
       10) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы 
техникалық деңгейінде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары 
бар жұмыс үшін еңбекақы төлеу шарттарын белгілеуге; 
 
       11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі отандық және 
шетелдік озық жұмыс тәжірибесін таратуға; 
 
       12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға 
және олардың біліктілігін арттыруға; 
 
       13) 
Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
 Заңымен.
 
       14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы біртұтас ақпараттық 
жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; 
 
      15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық 
ынтымақтастыққа бағытталған.
 
      
Ескерту. 306-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
; 03.07.2013 
№ 124-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      307-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
 
               саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және
 
               қадағалау
 
      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, 
бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі 
уәкілетті мемлекеттік орган, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган және өз 
құзыретіне сәйкес өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
 
      
Ескерту. 307-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
 
      308-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
 
                жөніндегі талаптар 
 
      1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және қызметкерлердің 
еңбек қызметі процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған 
ережелерді, рәсімдер мен нормативтерді қамтуға тиіс. 
 
      2. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында өз 
қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 
талаптарды орындауға міндетті.
 
      
Ескерту. 308-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      309-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
 
               саласындағы мониторинг және тәуекелдерді
 
               бағалау
 
      Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау, өндірістік 
жарақаттануды азайту және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және еңбек инспекциясы жөніндегі 
жергілікті орган еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және 
тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады.
 
      
Ескерту. 309-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
 
   34-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ  
 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІ  
      310-бап. Еңбек шартын жасасу кезінде еңбек қауіпсіздігі 
 
                және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін 
 
                кепілдіктер 
 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау