Сабақтың жоспары



жүктеу 419,56 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі419,56 Kb.
#13887
түріСабақ

Ақтөбе облысы,

Мұғалжар ауданы, Мұғалжар ауылы,

Мұғалжар орта мектебі.

Мұғалімі: Дилмагамбетов Акжол Еркинулы

Пәні: АӘД
Сабақтың жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы және жұмыс істеу тәртібі .


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автомат пен пулеметтің арналу мақсаты мен ұрыстық қасиеттерін ұғындыру.

  2. Уақыты: 45 минут.

  3. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.

  4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

  5. Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • күзетілетін объектілерді қоршауға қандай талаптар қойылады?

  • аса маңызды объектілерде қандай арнайы құрылыстар салынады?

  • постыдағы сақшының қаруы қандай жағдайда болуы керек?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Калашников автоматы мен пулеметі.
Автомат пен пулемет қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ орнатылған. Түнгі уақытта ату және бақылау үшін түнде атуға арналған әмбебебап көздеуіш бекітіледі.

Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі, жарқырауық және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтары қолданылады.

Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5атысқа дейін) және ұзақ (10атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Оқжатар қорабында автоматта 30 патрон, пулеметте 45 патронға дейін болады. Автомат пен пулеметтің оқжатарларын өзара алмастыруға болады.


Сипаттамалары

АК

74


АК

74Н


АКС74

АКС 74Н

РПК74

РПК74Н

РПКС74

РПКС74Н

  1. Атудың көздеу қашықтығы, м.

1000

1000

1000

1000

1000

1000

1000

1000

        1. Оқтың шекті ұшу алыстығы, м.

3000

3000

3000

3000

3150

3150

3150

3150

Нақты атыс қашықтығы, м.

500

500

500

500

600

600

600

600

Шоғырланған атыс қашықтығы, м.

1000

1000

1000

1000

1000

1000

1000

1000

Атыс жылдамдығы, ату/мин.

600

600

600

600

600

600

600

600

а) кезекпен атқанда

100

100

100

100

150

150

150

150

ә) жекелей атқанда

40

40

40

40

50

50

50

50

Жарақталған оқжатармен

қосқандағы салмағы, кг


3,6

5,9

3,5

5,8

5,46

7,76

5,61



7,91

Сүңгі-пышақтың салмағы, г

450

450

450

450

-

-

-

-


Автомат (пулемет) мынадай негізгі бөліктерден тұрады:

  • 1- ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапанша сабы (пулеметте сирағымен);

  • 2 – ұңғы аузындағы тежеуіш компенсатор (пулеметте – 13 жалын сөндіргіш);

  • 3 - ұңғы қорабының қақпағы;

  • 4 - газ поршені мен бекітпе жақтауы;

  • 5 - бекітпе;

  • 6 - қайтармалы механизм;

  • 7 – ұңғы бастырмасы мен газ түтігі;

  • 8 – құндақ;

  • 9 – оқжатар;

  • 10 -сүңгі-пышақ;

  • 11 – сүмбі;

  • 12 – жабдығымен пенал;










      1. Суретте автоматтың (пулеметтің) негізгі бөліктері мен механизмдері

және оның жабдықтары: а-автоматтың; ә-пулеметтің; 1- ұңғы қорабымен, соққы-ағытқыш механизмімен, көздеу жабдықтарымен, дүмі және тапанша сабымен, ал пулеметте сирағымен берілген ұңғы; 2-ұңғылы тежеуіш компенсатор; 3-ұңғы қорабының қақпағы; 4-газ поршенді бекітпе жақтауы; 5-бекітпе; 6-қайтармалы механизм; 7-ұңғы жабуы бар газ түтігі; 8-құндақ; 9-оқжатар; 10-сүңгі-пышақ; 11-сүмбі; 12-жабдығымен пенал; 13-жалын сөндіргіш.

Автоматтың автоматтық әрекеті ұңғы арасынан газ камерасына бөлінетін оқ-дәрі газдарының қуатын пайдалануға негізделген.

Ату кезінде оқтың соңынан ілескен оқ-дәрі газдарының бір бөлігі ұңғы қабырғасындағы саңылау арқылы газ камерасына ұмтылады, газ поршенінің алдыңғы қабырғасына қысым түсіріп, поршень мен бекітпе жақтауы бар бекітпені артқы орынға итеріп тастайды. Кейін итерілгенде – бекітпе ұңғы арнасын ашады, оқтықтан оқсауытты олып, сыртқа лақтырады, ал бекітпе жақтауы қайтармалы серіппені қысып, шүріппені қайырады (оны ұрыстық дайындыққа қояды).

Бекітпе жақтауы бекітпесімен алдыңғы орынға қайтармалы механизм әсерінен оралады, бұл ретте бекітпе оқажатардан кезекті патронды іліп алып, оқтыққа береді де, ұңғы арнасын жабады, ал бекітпе жақтауы автоілмектің дөңесін шүріппенің автоілмегінен шығарады. Бекітпенің жабуы оның оңға қарай бұрылуымен және бекітпенің ұрыстық дөңесінің ұңғы қорабының ұрыстық тіректеріне кірумен жүзеге асырылады.

Егер аустырғыш автомат жағдайындағы атысқа қойылса, онда атыс ағытқыш ілмек қысылып тұрғанда және оқжатардағы патрондар біткенше жалғасады.

Егер аустырғыш жекелей атысқа қойылса, ағытқыш ілмекті басқан кезде тек бір ғана атыс болады. Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілгекті босатып барып, қайта басу керек.


в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?

  • Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар.

Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделгенін айтыңдар
жүктеу 419,56 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау