3-лекция.
Бәсеке –нарықтық реттеудiң негiзгi механизмi
Салауатты бәсекенiң алғышарттары және жағдайлары
Нарықтық бәсеке түрлерi, ауылшаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеу сферасында олардың қолданылу мүмкiндiктерi
Нарықтағы орын үшiн бәсеке
ӘДЕБИЕТТЕР
К.Маркс, Ф.Энгельс. Соч. 1,2.,1с.,195ст
К.Маркс, Ф.Энгельс. Соч. 25т.1б.,45ст.
Градов А.П. “Экономическая стратегия фирмы”. Учебное пособие С-Пб., “Специальная литература”. 1995г.
Завьялов П.С., Демидов В.Е. “Формула успеха: маркетинг (сто вопросов – сто ответов о том, как эффективно действовать на внешнем рынке”. М.,Международные отношения. 1991с., 120с.
62
5. ӨНIМНIҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТIЛIГIН АРТТЫРУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ
Нарықтық фирмалардың бәсекесi бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi өндiруге әкелiп соғады. Бәсекелiк күресте нарықта тұтыну қасиеттерi неғұрлым жоғары, ал бағасы соған сәйкес төмен тауар ұсынған фирма жеңiске жетедi. Сонымен қатар тауар тұтынушы үшiн неғұрлым лайықты болуы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бәсекелiк қабiлеттiлiк көрсеткiшi неғұрлым жоғары өнiм шығаратын фирма жеңiске жетедi.БҚ көрсеткiшi – тұтынушыға бiр өнiмнiң басқа өнiмге қарағанда ұнамдылығын көрсететiн көрсеткiш ғана емес, бұл өндiрушiлердiң көзқарасынша нарық жағдайында өнiмдi тиiмдi сату мүмкiндiгiн сандық бағалау.
4-формуланың мазмұнынан бәсекеге қабiлеттiлiктi арттырудың негiзгi бағыттары көрiнедi. Бұл бағытты үш топқа бөлуге болады: техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық.
Техникалық бағыт өнiм өндiру технологиясын жетiлдiрумен байланысты. Бұл тұтыну қасиеттерiнiң деңгейiн: дәмiн, иiсiн, нәрлiлiгiн, т.б. арттыруға мүмкiндiк бередi.
Экономикалық бағыт баға саясатымен байланысты. Бұл жерде бағаның төмендеуiн тудыратын бағалық бәсеке орын алады.Фирмалар тәуекелге барады, шығынға да батады. Әрине бұл- уақыт ұту үшiн және одан да көп шығынға батудан аулақ болатын соңғы шара. Уақыт ұту өндiрiстi қайта құруға, жаңа технологияны енгiзуге, өндiрiстiк шығындарды қысқартуға мүмкiндiк туғызады. Фирма кейде өз өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн қолдау мақсатында өз тауарларының бағасын минималды пайда алуды қамтамасыз ететiн шекке дейiн барады.
Ауылшаруашылық өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың ұйымдастырушылық бағыты тауар сатуды ұйымдастыруды жетiлдiрумен байланысты.
Нарықта бiр өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейiн артыру үшiн өндiрушi:
а) сату бағасын төмендетуi мүмкiн;
б) өнiмнiң сапасын және тұтыну қасиетiн арттыруы мүмкiн;
в) тауардың сатылуын ұйымдастыруды жақсартуы мүмкiн.
Бағаны төмендетуге болады, бiрақ белгiлi бiр шекке дейiн. Өзара байланысқан құбылыстардың келесi тiзiмi маңызды орын алады: (ТҚД өзгермегендегi) бағаның төмендеуi → сату көлемiнiң көбеюi →өнiм шығаруды арттыру →шартты тұрақты шығындары арқылы, прогрестiк
79
коэффициенттерiн маркетинг саласындағы эксперт – мамандар анықтайды.
Келтiрiлген формуланың мәнi мынада, формуланың көмегiмен есептелген көрсеткiш басқа бәсекелес өнiмге қарағанда белгiлi бiр өнiмнiң тұтынушы үшiн ұнамдылығының сандық бағасын көрсетедi. Көрсеткiштерi бiрдей бiрлiкте болса, бағаланған өнiмнiң бәсекелiк қабiлеттiлiгi салыстырылған бәсекелес өнiмдiкiмен бiрдей. БҚқ көрсеткiшi бiрлiк мәнiнен неғұрлым артса, қарастырылып отырған өнiм соғұрлым бәсекеге қабiлеттi. БҚқ көрсеткiшi неғұрлым аз болса, бағаланатын өнiм соғұрлым бәсекеге қабiлетсiз.
4.ТАУАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТIЛIГIН БАҒАЛАУ МЫСАЛДАРЫ
Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау мысалы ретiнде үш түрлi азық-түлiк өнiмiн қарастырайық.
Бiрiншi түрi – “Нан” Көкшетау акционерлiк қоғамында өндiрiлген бiрiншi сортты нан.
Екiншi түрi – “Игiлiк” Көкшетау АҚ-нда өндiрiлген сиыр етi.
Үшiншi түрi –“Ақсаға” Көкшетау АҚ-нда өндiрiлген май.
Осы өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау үшiн конъюнктуралық зерттеулердi жүргiзу қажеттiгi туындады.
Сату нарығын зерттеу мынаны көрсеттi: бұл өнiмдердiң бәсекелестерi шаруашылық жүргiзудiң әртүрлi формасындағы кәсiпорындарда (кооперативтi кәсiпорындарда, жеке шаруашылықтарда, шаруа қожалықтарында, ұсақ жеке меншiк кәсiпорындарда) өндiрiлетiн өнiмдер болып табылды. Эксперттiк жолмен тұтыну қасиеттерiнiң деңгейi, бұл қасиеттердiң мәндiк коэффициентi, сатуды ұйымдастыру деңгейi, т.б. анықталды.
Экспертизаны жүргiзу үшiн “Нан” АҚ-да 1 сорт нанның БҚ көрсеткiшi = 1,12; “Игiлiк” АҚ-да еттiң БҚ= 1,16, бұл бәсекелес өнiмдермен салыстырғанда бұл өнiмдердiң тұтынушылар үшiн ұнамдылығы жоғары екендiгiн көрсетедi. Сонымен қатар бұл өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгi тең болғандығы және бәсекеге қабiлетсiз болғандығы анықталды.
“Ақсаға” АҚ-да майдың БҚ көрсеткiшi – 0,94, яғни бұл өнiм бәсекеге қабiлетсiз және нарыққа сатылу мүмкiндiгi аз. Сонымен бiрге есептеулер арқылы майдың бәсекеге қабiлеттi жағдайындағы бағасы да анықталды.
78
1.САЛАУАТТЫ БӘСЕКЕНIҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Экономикалық қатынастардағы бәсеке-бұл нарық жағдайындағы, бәсекелiк күрес және ұсыныстың сұраныстан артуы жағдайындағы өндiрушiлердiң тауар сатуға бағытталған бәсекенiң айрықша түрi.
Бәсеке мынадай арнаулы экономикалық заңдылықтары мен құқықтық нормалары бар (сұраныс және ұсыныс заңы, тауардың меншiк құқығы, бағаны белгiлеу және оның өзгерту құқығы, тауарды сатып алу құқығы мен мүмкiндiгi, монополияның болмауы, т.б.)еркiн нарықта ғана болады.
Салауатты бәсеке келесi объективтi жағдайларда туындайды: әрбiр өндiрушiнiң толық шаруашылыққа негiзделуiнде, оның нарық коньюнктурасына толық тәуелдiлiгiнде, сатып алу сұранысы үшiн барлық тауар иелерiмен күреске қарсы тұра алуында.
Егер тауар өндiрушi өз өндiрiсiн сақтап қалуға және одан сайын кеңейтуге, ондағы техника мен ұйымдастыру жолдарын жаңартуға жағдай жасаса, нарықтық бәсеке жеңiске әкеледi. Онда ол бәсекелестерiмен күресте тиiмдi экономикалық шаралар қолданады: (еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және өндiрiс шығындарын азайту арқылы) өз тауарларының құнын төмендетедi, олардың сапасын арттырады., өнiмнiң ассортиментiн кеңейтедi, сатып алушыларға қызмет көрсету жағдайын жақсартады.
Бiздiң елде нарық және бәсекенi құру көп құрылымды экономиканың, меншiктiң әртүрлi формаларының қызмет етуi кезiнде ғана мүмкiн.
Нарықтық экономика меншiктiң тек бiр ғана түрiне негiзделген өндiрiс жағдайында толық - қанды қызмет ете алмайды. Нарық-тауарлы ақша қатынасының дамуын, өздiгiнен жұмыс iстейтiн өндiрушiлердiң болуы, шаруашылық қызметтердiң әкiмшiлiк араласудан еркiн болуын қажет етедi. Осыған орай, нарық регламентациясының формасы мен әдiстерi тауар өндiрушiлердiң және өнiм тұтынушыларының, яғни тұтас қоғамның қызығушылықтарына сәйкес болуы тиiс.
Көп құрылымды экономика тауар өндiрушiлердiң жеке кәсiпкерлiк, ұжымдық кәсiпорындарға мүше болу немесе жалдамалы еңбектi қолдану негiзiндегi өз қызмет түрiн таңдау еркiндiгiн көрсетедi. Шаруашылық және меншiк түрiн таңдап алу көбiнесе аймақтық жағдайларына негiзделедi: табиғи, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық т.б. Мысалы, аймақтағы демографиялық жағдай, дәстүр, жермен қамтамасыз етiлуi, жол және энергетикалық коммуникация жағдайлары,
63
өнiмдi сату нарығының жақындығы. Бұрыңғы ССРО-да ауыл шаруашылығы көп құрылымды болды. Мысалы, колхоздар, совхоздар, жеке шаруашылықтар болды.
Сонымен қатар, шаруашылық және арендалық кәсiпорындар, iрi агроөнеркәсiптiк құрылымдар (агрокомбинаттар, агрофирмалар, агроконсорциумдар, өндiрiстiк және ғылыми - өндiрiстiк жүйелер, шаруа қожалықтары, т.б. құрылымдар) құқықтық статусқа ие болды, олардың қызметi меншiктiң әртүрлi формасын қолдануға негiзделдi.
Негiзiнен iрi өндiрiске көшу, оның ұсақ және орташа формаларын қысқарту (соның iшiнде шаруа қожалықтары мен жеке шаруашылықтарды) ауыл шаруашылығына көп зиянын тигiздi.
Жеке меншiктiң қызметiн шектеу басымдылығы туралы қалыптасқан теоретикалық догмалар, ортақ меншiкке көшу концепциясы монополияның дамуына жағдай жасады, тауар өндiрушiлердiң бәсекесiн шектедi.
Көп құрылымды экономиканың құрылуы кәсiпорындарды мемлекетсiздендiру, меншiктi (приватизациялау) жекешелендiру процесiмен тығыз байланысты болды.
Мемлекетсiздендiру дегенiмiз, шаруашылықты басқару қызметiн және соған сәйкес өкiлеттердi шаруашылық жүргiзетiн субъектiлерге беретiн мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылуы. Бұл процестi өндiрiс, сату, айырбас және тұтыну сферасындағы қатаң бұйрықтық басқарудан келiсiмдi нарықтық қатынастарға көшуi ретiнде кең қарастыруға болады. Бұл жерде мемлекет тек АӨК экономикасының дамуын реттеу және ондағы басымды бағыттарды таңдау қызметiне ие.
Жекешелендiру дегенiмiз мемлекеттiк меншiктiң жекелеген адамдарға не ұжымдарға (тегiн немесе ақылы) берiлуi. Мемлекетсiздендiрудiң және жекешелендiрудiң ортақ мақсаты–АӨК-дегi мемлекеттiк монополияны жою, көп құрылымды экономиканы құру, тауар өндiрушiлердiң өндiрiстiк және экономикалық дербестiгiн дамыту, олардың арасындағы бәсеке үшiн жағдай жасау.
2.НАРЫҚТЫҚ БӘСЕКЕНIҢ ТҮРЛЕРI, АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНIМДЕРIН ҚАЙТА ӨҢДЕУ СФЕРАСЫНДА ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МҮМКIНДIКТЕРI
Формасына байланысты бәсеке iшкi салалық және салааралық болып бөлiнедi. Iшкi салалық бәсеке дегенiмiз, өндiрiс және тауар сатудың неғұрлым тиiмдi жағдайлары үшiн, максималды пайда алу үшiн бiрдей өндiрiс саласындағы тауар өндiрушiлер арасындағы бәсеке түрi.
64
СҰД== 1,98*1,67*1,62*1,27 = 6,8 балл
Осыған орай сатып алушы “А” тауарының ТҚД-iн, бағасын және оны сатуды ұйымдастыру деңгейiн басқа ұқсас тауарлардың ТҚД-iмен, бағасымен және оны сатуды ұйымдастыру деңгейiмен салыстырады.
Осы салыстыру арқылы ол ұнамды тауарды таңдап алады.
Сатып алушы үшiн тауар сатып алудағы оның ТҚД-iн (пайдалылығын, құндылығын), бағасын, сатуды ұйымдастыру деңгейiн (СҰД) есептеу жеткiлiктi. Мұндай тауарларға азық-түлiк, киiм-кешек, жиһаз, инвентарь, жылу, материалдар, т.б. жатқызылады.
Мұндай тауарлар үшiн бәсекелiк қабiлеттiлiк мына формуламен бағаланады:
БҚқ= (4)
Мұнда: =1
БҚқ–қарастырылып отырған тауардың бәсекеге қабiлеттiлiк көрсеткiшi;
ТҚДқ – және ТҚДб – қарастырылған тауар мен бәсекелес тауардың тұтыну құны деңгейiнiң бағасы (балмен);
Бқ және Бб –қарастырылған тауар мен бәсекелес тауардың бағасы;
СҰДқжәне СҰДб ұйымдастыру деңгейiнiң балмен көрсетiлген бағасы;
Егер қарастырылып отырған тауар нарықта бiрнеше тауармен бәсекеге түссе, онда ТҚД, СҰД-нiң орташа көрсеткiштерiн есептеу керек және бәсекелес тауардың орташа нарықтық бағасын есепке қосу керек.
тауардың ТҚД-нiң , бағасының және СҰД-нiң мәндiк коэффициентi.
Тауардың құндылығының, бағасының мәнi әртүрлi сатып алушыларға әртүрлi. Мысалы, ақшасы аз сатып алушыға қарағанда, бай сатып алушының неғұрлым құнды затты сатып алуға жоғары бағаны төлеу мүмкiндiгi көп. Осыдан келiп адамдардың бағаға деген қатынасы да әртүрлi және мүмкiндiктерi әралуан адамдардың ТҚД-i де әртүрлi болады.Бизнесте, бәсекелiк күресте осының бәрi есепке алынады.
Мысалы, “Хьюблин” фирмасының АҚШ-та кең жайылған “Смирнов арағын” өндiре отырып, сапасын бұрыңғыдай қалдырып, бағасын арттыру арқылы бәсекелес “Вольмидт” фирмасының арағын басып озуы классикалық мысал болып табылады.Өйткенi, осы арқылы тауардың белгiлi бiр спецификалық тұтыну қасиетi беделiнiң деңгейi және арақтың тұтас ТҚД –i арттырылады.
77
3.ТАУАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТIЛIГIН БАҒАЛАУ ӘДIСТЕМЕСI
Нарықта тауарды таңдай отырып, сатып алушы оның тек тұтыну қасиеттерiне ғана қызықпайды. Барлық жағдайда сатушыға тауар бағасы маңызды. Сонымен қатар оған тауарды сатуды ұйымдастыру деңгейi де (СҰД) маңызды болып табылады.
Мысалы, ассортимент, тауардың тұтынуға дайындығы (шикi ет немесе полуфабрикат, жуылған көкөнiс немесе жуылмаған, сортталған немесе сортталмаған), тауардың сатып алушыға жылжуы, тауарды бөлшектеп сату және көтерме сауда.
СҰД –iн бағалау әдiстемесi тауардың ТҚД –iн бағалау әдiстемесiне ұқсас.
Тауардың СҰД-iн құрайтындар: тауардың тұтынушыға лайықтылығы, нарыққа әкелу жиiлiгi мен тұтынуға дайындығы, сату уақыты және орны, т.б.
Тауар сатуды ұйымдастыру деңгейi (СҰД) мына формуламен анықталады:
СҰД = (3)
мұнда: в1 , в 2 ,… вк – тауар сатуды ұйымдастыру деңгейiн сипаттайтын әртүрлi көрсеткiштердiң балдық бағасы;
тауар сатуды ұйымдастыру деңгейi көрсеткiштерiнiң мәндiк коэффициентi.
2-таблицада “Нан” АҚ-ы нанының СҰД-iн бағалау көрсетiлген.
2-таблица.
“Нан” АҚ-ның нан және нан өнiмдерiн сатуды ұйымдастыру деңгейiн бағалау (10 балдық шкалада)
№
|
Тауар сатуды ұйымдастыру деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер
|
СҰД бағасы (балмен)
|
Көрсеткiштер-дiң мәндiк коэффициентi
|
1
|
Тауардың тұтынушыға лайықтылығы
|
7,0
|
0,35
|
2
|
Нарыққа әкелу уақыты мен жиiлiгi
|
5,0
|
0,32
|
3
|
Тұтынушыға дайындығы
|
10,0
|
0,21
|
4
|
Сатуды ұйымдастыру уақыты
|
7,5
|
0,12
|
|
|
|
1,00
|
76
Әрбiр салада көлемдерiмен, техникамен қамтамасыз етiлуiмен, өндiрiстi ұйымдастыруымен және технологиясымен және де еңбек өнiмдiлiгi деңгейiмен ерекшеленетiн кәсiпорындар бар.
Бұл бiр салада, бiрақ әртүрлi кәсiпорындар өндiретiн бiрдей тауарлардың бағаларының әртүрлi екендiгiн көрсетедi. Бiрақ жекелеген тауарлардың құны әртүрлi болмаса да, олардың көлемi қоғамдық қажеттi еңбек шығындарымен анықталады және iшкi салалық бәсеке процесiнде оның жеке құнына емес, қоғамдық немесе нарықтық құнына сәйкес келетiн белгiлi бiр тауар түрiне ортақ баға белгiленедi.
Нарықтық немесе қоғамдық құн берiлген сфераның орташа жағдайында өндiрiлетiн тауарлардың жеке құнымен анықталады.
Салааралық бәсеке- экономиканың әртүрлi саласындағы тауар өндiрушiлер арасындағы бәсеке. Әрбiр тауар өндiрушi өзiнiң жұмсаған капиталына максималды пайда алуға қызығушылық бiлдiредi. Бiрақ экономиканың әртүрлi саласында әртүрлi факторларға байланысты өндiрiстiң әртүрлi жағдайлары қалыптасады. Мысалы, бiр салада көп капитал жұмсап, көп пайда алу мүмкiндiгi болса, екiншiде- ол төмен.
Экономиканың әртүрлi салаларының тауар өндiрушiлерi арасында капиталды неғұрлым тиiмдi жұмсау үшiн бәсекелiк күрес жүредi. Бұл жолда капиталдың бiр саладан екiншi салаға көшу процесi жүредi.Бұл көшудiң нәтижесiнде халық шаруашылығының барлық саласындағы әрбiр тауар өндiрушiге өндiрiс шығындарын өтеудi және пайданың орташа нормасын алуды қамтамасыз ететiн нарықтық баға деңгейi қалыптасады.
Әдiстерiне қарай бәсеке бағалық және бағалық емес болып бөлiнедi. Немесе оны баға негiзiндегi бәсеке немесе өнiм сапасы негiзiндегi бәсеке деп атайды. Бағалық немесе жетiлген бәсекенiң мәнi мынада, бiртектi өнiм түрлерi нарықта әртүрлi бағамен ұсынылады. Бағаны төмендете отырып сатушы сату көлемiн ұлғайтады, нәтижесiнде нарықта жеңiске жетедi. Бағалық бәсекенiң негiзгi әдiсi өндiрiс шығынын және сәйкесiнше сатылатын тауарлардың бағасын төмендету болып табылады. К.Маркс жазғандай, бәсеке заңы тауар құны мен оны өндiру шығындары арасындағы айырмасына негiзделедi және тауарды оның құнынан төмен сату мүмкiндiгi мен пайдасына негiзделедi. Бiрақ өнiм бағасының төмендеуi тауар өндiрушiнiң оның өзiндiк құнының төмендеу резервiсiн жапқан кезге дейiн мүмкiн болады. Тепе-теңдiк белгiленген уақытта бағаны одан әрi төмендету бәсекелестердiң де осылай iстеуiне әкеледi.
65
Бағалық емес бәсекенi жаңалықтар бәсекесi деп те атайды (тауар сапасын арттыруға, тұтыну қасиетiн арттыруға, өндiрiс шығындарын төмендетуге, сату жағдайын өзгертуге, сервистiк қызмет көрсетудi жақсартуға т.б. бағытталған шаралардың бәрi.) Бағалық емес бәсекенiң ең күштi құралы жарнама болып табылады, қазiр оның ролi артуда. Жарнаманың көмегiмен фирмалар сатып алушыларға тек өз өнiмдерiнiң тұтыну қасиеттерi туралы мағлұмат жеткiзiп қана қоймайды, сонымен бiрге өзiнiң тауарлы, баға және сату саясатына олардың сенiмiн қалыптастырады.
Фирманы басқарудың маркетингтiк әдiсiн бәсекенiң бағалық емес әдiсiне жатқызуға болады. Бұған нарықты комплекстi зерттеу, маркетингтiк жоспарлау, өндiрiлетiн өнiмдi жетiлдiру, баға саясаты, тауар қозғалысының неғұрлым тиiмдi каналдарын таңдау, т.б. сұрақтар жатады.
Нарықтағы жұмыстың жемiстi болуына әсер ететiн факторларда тауар сапасын бiрiншi орынға, содан кейiн бағаны, тек содан кейiн ғана сатуды ұйымдастыруды қою керек
Нарықтық қатынастарға көшу, бәсекенiң дамуы ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердiң нарыққа шикiзатпен емес, оны қайта өңдеу арқылы оны тұтынуға дайын тауармен шығуына жол бередi. Ауылшаруашылық шикiзаттарын қайта өңдеу негiзiнде өнiмнiң формасы өзгередi. Ол неғұрлым ыңғайлы және пайдалы бола түседi. Бидайдан қайта өңдеу арқылы ұн, тары, комбикорм алады; ұннан–нан өнiмдерiн; сүттен- сүт өнiмдерiн; еттен-ет өнiмдерiн; ал жемiс-жидек пен көкөнiстi консервiлейдi. Бұндай жағдайда оларды көп сақтауға болады. Осының бәрi аз шығындалуға және ұзақ мерзiм бойы сапасының сақталуына ықпал жасайды.
Соңғы жылдары ҚР-нда шаруашылықтардағы өздiгiнен қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсiпорындардағы қайта өңдеу жұмыстары қолға алынуда.
Барлық республикадағы секiлдi Солтүстiк Қазақстанда да ауылдардағы өздерiнiң қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң құрылыстары жүргiзiлуде. Бұл мына жағдайлармен түсiндiрiледi: ауылшаруашылық шикiзаттарын сатып алудағы төмен баға, көлiк шығындары, сөңғы өнiмдi сатудан түсетiн табыстардың дұрыс бөлiнбеуi, өндiрушiлер мен қайта өндiрушiлердiң арасында өзара қатынастың болмауы. Бұл мемлекеттiк заказдарды алып тастаумен және өнiмдi уақытша сақтаудың жоғары ставкасымен де шиелене түседi.
66
5. Әрбiр эксперттiң берген бағалары орташа баға түрiнде жалпыланады.
6. Тауардың ТҚД-i мына формуламен есептелiнедi:
ТҚД = (2)
Мұнда ТҚД = өнiмнiң тұтыну құны деңгейi;
өнiмнiң жекелеген тұтыну қасиеттерiнiң балдық бағасы;
тұтыну мәнiнiң коэффициентi.
Тұтынушы үшiн кез-келген зат-тауардың жекелеген қасиеттерiнiң әртүрлi құндылығы, әртүрлi мағынасы бар. Бiреулер үшiн колбасаның дәмдiк сапасы мәндi болса, екiншiлер үшiн – оның сыртқы пiшiнi.
Тауардың тұтыну қасиеттерi мәнiнiң коэффициентiн эксперттер бiрлесiп талқылау арқылы анықтайды. ТҚД-iн бағалауға мысал келтiрейiк (1-табл.).
1-таблицада “Ақсаға” АҚ-ы майының ТҚД-iн бағалау көрсетiлген.
1-таблица.
“Ақсаға” АҚ-ы майының ТҚД-iн бағалау мысалы
10 балдық шкала бойынша балмен берiлген.
№
|
Тұтыну қасиеттерi
|
Қасиеттер деңгейiнiң бағасы (бал)
|
Сәйкесiнше мәндiк коэффициент
|
1
|
Дәмi
|
9,2
|
0,15
|
2
|
Нәрлiлiгi
|
9,1
|
0,16
|
3
|
Сыртқы пiшiнi
|
3,6
|
0,09
|
4
|
Иiсi
|
8,8
|
0,15
|
5
|
Сақталуы
|
8,6
|
0,22
|
6
|
Өлшеуi
|
3,6
|
0,10
|
7
|
Сыртқы қалыбы
|
4,0
|
0,07
|
8
|
Дәстүрге сәйкестiгi
|
4,5
|
0,06
|
|
|
|
1,00
|
ТҚД= 9,2 0,15 * 9,1 0,16 * 3,6 0,09 * 8,8 0,15 * 8,6 0,22* 3,6 0,10 * 4,0 0,07 * 4,5 0,06 = 1, 39 * 1,42 * 1,12 * 1,38 * 1,6 * 1,12 * 1,1 * 1,09 = 6,55 балл.
75
қасиетiне деген талабына байланысты болады. Мысалы, азық-түлiк өнiмiнiң ұлттық дәстүр талаптарын қанағаттандыру қабiлетiн алайық. Бiр қасиетiн бiр ұлт ұнатса, басқалары ұнатпайды. Мысалы, орыстар, украиндар шошқа етiн жейдi, ал шошқа етi тiптi ең күштi сапалы болса да, қазақтар мен өзбектер оған негативтi қатынаста болады, яғни жемейдi.
Оқу құралының авторлары тауардың, кез-келген заттың тұтыну құны деңгейiн ( ТҚД) бағалаудың келесi әдiстемесiн ұсынады. Олардың ойынша, заттың ТҚД –iн заттың тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығымен және олардың деңгейiмен анықтауға болады.
Сатып алушы тек қажеттi, пайдалы затты сатып алады. Оған ұсынылған заттардың–тауарлардың iшiнде ол өзiне неғұрлым пайдалы тауарды, яғни ТҚД-i неғұрлым жоғары тауарды таңдап алады.
Тауар өндiрушi тауардың ТҚД-iн тұтынушылардың қызығушылық позициясына қарап бағалауы тиiс. Өйткенi олар тауарды өзi қолдану үшiн емес, тұтынушылар үшiн шығарады. Өзi үшiн өндiрiлген өнiм-бұл тауар емес.
Егер ТҚД =10 балдық шкаладағы 10-ға тең болса, өнiмнiң барлық тұтыну қасиеттерiнiң деңгейi (мысалы, дәмi, нәрлiлiгi, т.б.) тұтынушылардың талаптар деңгейiне толық сәйкес келедi, яғни, өнiм –талап етiлетiн пайдалылыққа сай.
Ал егер ТҚД=0 болса, бұл өнiмнiң тұтынушыға қажет еместiгiн көрсетедi. 0< ТҚД < 10 аралығындағы ТҚД мәнi қандай дәрежеде өнiмнiң қасиеттер деңгейi тұтынушы талаптарының деңгейiне сәйкес келетiндiгiн көрсетедi, берiлген өнiмнiң жиынтық пайдалылығының дәрежесiн сипаттайды.
ТҚД-iн бағалау процедурасын жүзеге асырудың мынадай кезеңдерi ұсынылады:
Берiлген өнiмнiң қолдану тәжiрибесiн жақсы бiлетiн мамандардан тұратын эксперттер тобы құрылады. Мысалы, азық-түлiк өнiмдерiнiң ТҚД-iн бағалау үшiн инженер-технологтар.
Комиссия мүшелерi ТҚД-iн бағалау кезiнде қандай тұтыну қасиеттерiне көнiл аудару керектiгiн анықтайды. Азық-түлiк өнiмдерi үшiн тауардың құндылығын анықтайтын, неғұрлым қажеттi қасиеттерiне: дәмiне, нәрлiлiгiне, сыртқы келбетiне т.б. көп көңiл аудару қажет.
Қасиеттердi бағалаудың шкаласы анықталады: бес, он, жүз балдық.
Әрбiр эксперт берiлген өнiмнiң кез-келген қасиетiн жеке бағалайды.
74
ҚР-ның 1993-1995ж.ж. жекешелендiрудiң ұлттық бағдарламасына сәйкес (2 кезең) АӨК-нiң қайта өңдеу кәсiпорындары жекешелендiрiлдi. Олардың базаларында акционерленген кәсiпорындармен келiсiм байланыстары бар ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiне акцияны иелену құқығын беретiн ашық түрдегi акционерлiк қоғамдар құрылды.
Мысалы, Көкшетау облысында Көкшетау, Шортанды, Куйбышев ет комбинаттарында, барлық май зауыттарында және нан қабылдау пункттерiнде АҚ-дар құрылды. Көкшетау қаласында “Игiлiк” АҚ-ы – Көкшетау ет комбинаты, “Ақсаға” АҚ-ы-Көкшетау май-сыр базасы, “Сүт” АҚ-ы –Көкшетау сүт зауыты, “Нан” АҚ-ы Көкшетау нан зауыты қызмет атқарады. Сонымен қатар қалада ондаған жеке меншiктегi мини пекарнялар пайда болды.
Қазiр жекешелендiру нәтижесiнде әртүрлi жеке меншiк формасындағы кәсiпорындар арасында тауарларды неғұрлым тиiмдi сату үшiн немесе неғұрлым тиiмдi қаржы жұмсау үшiн бәсеке дамып келедi.
Мысалы, қайта өңдеу өнеркәсiбiнде бәсеке, бiр жағынан, жеке меншiк кәсiпорындары арасында, яғни өзара жүзеге асса, екiншi жағынан, жеке меншiк кәсiпорындары мен басқа кәсiпорындардың (ұжымдық, мемлекеттiк, акционерлiк) арасында жүредi. Кiм жеңiске жетедi, қайсысы өмiршең немесе бәсекеге неғұрлым қабiлеттi? Әрине, жауап беру қиын, бiрақ жобалауға болады.
Нәтижесiнде, ауылшаруашылық өнiмдердi қайта өңдеу жөнiндегi агроөнеркәсiп фирмаларының бәсекесi бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiрiсiне әкеледi. Бәсекелiк күресте нарықта өз тауарын жақсы сапада және төмен бағада ұсынған фирма жеңiске жетедi. Бұл жерде тауарларды сатуды ұйымдастырудың деңгейi де маңызды орын алады. Басқа сөзбен айтсақ, бәсекелiк қабiлет көрсеткiшi неғұрлым жоғары өнiм өндiрген фирма ғана жеңiске жетедi.
3.НАРЫҚТАҒЫ ОРЫН ҮШIН БӘСЕКЕ
Бәсекелес нарықта ауылшаруашылық өнiм өндiрушiлер коммерциялық жемiс үшiн, яғни бәсеке жағдайында неғұрлым көп пайда алу үшiн күреседi. Бұл үшiн ол не iстеу керек? Ең алдымен бәсекелес нарықта кез-келген фирма сатудың жалпы көлемiндегi өз үлесiн “Нү” арттыруға тырысады, тiптi монополиялық орынды басқанша дейiн. Ол неге байланысты?
Экономикалық теория мынаны көрсетедi; Фирманың жалпы сату
67
көлемiндегi үлесi мынаған байланысты:
бәсекелестердiң санына;
өзара бәсекеге түсетiн өндiрушiлердiң-сатушылардың беделiне;
сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасқа;
берiлген фирма тауарының бәсекеге қабiлеттiлiгiне (БҚ).
Үлес көлемiн анықтау үшiн мына формула /1/ қолданылады:
Нү= (1)
Мұнда:
Нү - қарастырылып отырған фирманың нарықта сатылатын тауарларының жалпы құнындағы тауар үлесi;
БКб- нарықтағы бәсекелес фирмалар беделiнiң (престижность) көрсеткiшi;
БКқ- қарастырылып отырған фирма беделiнiң көрсеткiшi;
n- нарықтағы фирмалар саны;
в- тауар үлесiн анықтау кезiндегi сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынас;
Б/Ққ/б –бәсекелес тауармен салыстырғандағы қарастырылып отырған тауардың бәсекеге қабiлеттiлiк көрсеткiшi;
Формула көрсеткiштерi мен оларды анықтау тәсiлдерiн толық түсiндiрейiк. (Престижность) Беделдiлiк – бұл фирманың сатып алушылар – тұтынушылар арасындағы авторитетi, беделi. Беделдiлiк фирманың әрекетiнен көрiнiс табады.
Фирманың әдiлдiгi, мiндеткерлiгi, келiсiмдердiң ар-ұяттылығы, жарнамаларда және келiсiмдерде хабарланған жағдайларды орындаудағы заңдылықтар мен ережелердi сақтаудағы әдiлдiгi фирманың авторитетiн көрсетедi.
Фирманың танымдылығы – бұл тұтынушылардың тауар арқылы сол фирманы тануы. Бiр фирманың әртүрлi нарықта беделi әртүрлi.
Беделдiлiк деңгейi баллмен өлшенедi. Оны талдауды маркетинг саласындағы мамандар жүргiзедi. Әрбiр фирма өзiнiң Нү-iн кеңейтуге тырысады. Қалайша?
68
2.ТАУАРДЫҢ ТҰТЫНУ ҚҰНЫ ДЕҢГЕЙIН БАҒАЛАУ ӘДIСТЕМЕСI
Ең алғаш “тұтыну құны” түсiнiгi К.Маркс, Ф.Энгельс ғылыми еңбектерiнде келтiрiлген. Бiрақ ұзақ уақыт бойы бұрынғы ССРО-ның ғылыми экономистерi тұтыну құны категориясын дұрыс қалыптастырмады, ол экономикалыққа емес, әлеуметтiк –экономикалық категорияға да емес, тауарлы категорияларға жатқызылды. Тек ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана бұл категорияны саяси- экономикалық аспектiде қарастыруды жөн көрген жұмыстар пайда болды. Оларға Ю.В.Бороздин, М.И.Кротов, В.А.Медведев, Г.М.Веркеев, П.М.Павлов, А.И. Ротштейн, В.Г. Захаров, Р.М. Петухов т.б. еңбектерiн жатқызуға болады. Бiз бұл жұмыстарға сын көзбен талдау жасай алмаймыз. Бұл бiздiң мiндетiмiзге жатпайды, бiздiң нақты мiндетiмiз – бұрын белгiлi болған бiлiмдерге сүйене отырып, АӨК-дегi қайта өңдеу салалары өнiмдерiнiң, әсiресе азық-түлiк өнiмдерiнiң тұтыну құны деңгейiн сандық бағалау әдiсiн ұсыну.
Тұтыну құны әсiресе заттардың (өнiмдердiң ) қажеттiлiгi, өнiмнiң адамның(тамаққа,киiмге,баспанаға,т.б.) қажеттiлiктерiн қанағаттандыру қабiлетi ретiнде анықталады. Бұл түсiнiктi ТҚ деп белгiлейiк.
Заттардың пайдалылығы оның қасиеттерiмен анықталады. Белгiлi бiр заттың қандай қасиеттердi иеленуi осы заттың талаптарына сай белгiлi бiр қажеттiлiктердi қанағаттандыру қабiлетiне байланысты.
Бiр өнiмнiң пайдалылығы әртүрлi болуы мүмкiн. Мысалы ет сортының, колбаса түрлерiнiң, т.б. пайдалылығы. Осыдан тұтыну құнының деңгейi деген түсiнiк қалыптасады. Оны ТҚД деп белгiлеймiз.Бұл жерде мынаны есте ұстау керек: ТҚД түсiнiгi тек бiртектi, бiр белгiдегi заттарға ғана қолданылады: нан, ет, май, т.б. Мысалы мына түсiнiк дұрыс: күнбағыс майының ТҚД-i маргариннiң ТҚД-нен жоғары, сүрленген колбасаның ТҚД –i пiскен колбасаның ТҚД-нен жоғары. Ал мына түсiнiк: май колбасаға қарағанда пайдалы, пиво етке қарағанда пайдалы, ет киiмге қарағанда пайдалы деген түсiнiктер қате.
Заттың ТҚД-i оның тұтынушы үшiн жалпы ұнамдылығымен (актуалдық дәрежесiмен), әрбiр жеке қасиеттер деңгейiмен және оған тұтынушылар тарапынан арақатынасы сипатымен анықталады.
Тұтынушының өнiм қасиеттерiне қатынасы, сәйкестiгi өнiмдi тұтыну процесiнде байқалады. Тұтынушының өнiм қасиетiне қатынасының сипаты (позитивтi–дұрыс, негативтi-керi) өнiм қасиетi деңгейiне, оның сәйкес келуiне, өнiмдi тұтыну жағдайына және тұтынушының өнiм
73
1.ТАУАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТIЛIГIНIҢ ТҮСIНIГI, ОНЫ АНЫҚТАЙТЫН ФАКТОРЛАР
Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi-ұқсас бәсекелес өнiмдермен салыстырғандағы өнiмнiң тұтынушы үшiн ұнамдылығы.
Мұндай ұнамдылық қасиет үш негiзгi кезеңмен анықталады: сатып алушының кез-келген қажеттiлiгiн қанағаттандыру қабiлетiмен, өнiм бағасымен және сатуды ұйымдастырумен.
Қажеттiлiктердiң қанағаттануы сапасы, саны, маңыздылығы әрбiр өнiмге әртүрлi болатын тұтыну қасиеттерiмен қамтамасыз етiледi. Тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы, оның деңгейi тұтыну құнының деңгейiн және тұтынушы үшiн өнiм пайдалылығы деңгейiн анықтайды. Әрине тұтыну құны неғұрлым жоғары деңгейдегi өнiм тұтынушы үшiн неғұрлым ұнамды болып табылады.
Бiрақ мынаны есте сақтау керек, көрсетiлген үш жағдай ереже бойынша бiр-бiрiне қарама-қарсы болады. Тұтыну құны неғұрлым жоғары деңгейдегi жоғары сапалы өнiмнiң бағасы неғұрлым аз сапалы өнiмнен әрқашан жоғары болады. Сондықтан тұтынушы үшiн өнiмнiң ортақ ұнамдылығы, яғни оның бәсекелiк қабiлеттiлiгi өнiмнiң тұтыну құны деңгейiнiң ортақтығымен, арақатынасымен, өнiм бағасымен және өнiм сатуды ұйымдастыру деңгейiмен анықталады.
Мысалы, агроөнеркәсiптiк кәсiпорынның немесе саланың өндiрген өнiмiнiң бәсекеге қабiлеттiлiк түсiнiгi бiршама қиындау. Жекелеген өнiмдердiң бәсекелiк қабiлетiлiгiнен басқа оған мынадай түсiнiктер: өндiрiлген өнiмнiң саны, оның құрылымы, номенклатурасы, есеп айырысу жағдайлары, сервистiк қызмет көрсету, нарық коньюнктурасы, т.б. жағдайлар кiредi.
Бiздiң ойымызша, өнiмнiң бәсекелiк қабiлеттiлiгi дегенiмiз, кез-келген өндiрiстiк бөлiмшелердiң өндiретiн өнiмi iшкi және сыртқы еркiн нарықта басқа бәсекелес өндiрiстi бөлiмшелердiң шығаратын ұқсас өнiмдерiне қарсы тұра алу қабiлетi. Ал неғұрлым бәсекеге қабiлеттi өнiм соғұрлым тұтынушы үшiн ұнамды бола түседi.
Егер бәсеке қабiлеттiлiгi жоғары деңгейдегi, бiрдей өнiмнiң шығуы жеткiлiксiз болып, оны жеткiзу жағдайлары мен мерзiмi сәйкес келмей, сату нашар ұйымдастырылса, онда бұл өнiм аз немесе мүлдем бәсекеге қабiлетсiз болып табылады.Бiрақ тұтыну қасиетi төмен, сапасы төмен өнiм сыртқы келбетi тұтынушы үшiн қалаулы болса да, ол бәсекеге қабiлетсiз.
72
Бәсекелестердiң санын бiрiктiру, күйрету арқылы азайту.
Өз фирмасының беделiн жарнама, мiнез-құлық, т.б.факторлар арқылы арттыру.
Жалпы сұранысты арттыру. Бiрақ бұл жерде фирма мүмкiндiктерi шектеулi.
Тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн (БҚқ/б) арттыру.
Төртiншi әдiс тиiмдi, өйткенi ол фирманың өзiне, оның өндiрiстiк шешiмдерiнiң күшiне байланысты.
Тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгi-нарықтық қатынастарға тән әлеуметтiк – экономикалық категория. Екi тауар өзара салыстырылады.
Бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейi –жақсы жақтарының сандық өлшемi. Ол коэффициент түрiнде бағаланады.
Егер БҚ=1 болса, “А” фирмасының тауары басқа бәсекелес тауарлармен ұнамдылығы бойынша тең. Ал егер БҚ> 1болса, “А” фирмасы тауарының бәсекелес фирмадан ұнамдылығы жоғары. Егер БҚ<1 болса, керiсiнше төмен. Тауардың БҚ-i оның сапасымен, тұтыну қасиетiмен, сатуды ұйымдастырумен, бағамен анықталады.
Мысалы, сиыр етi нарығында сатудың орташа айлық көлемi-100,0 млн. теңге. Нарықта төрт фирма өз өнiмдерiн сатады: “А”, “Б”, “В”, “Г”. Бедел көрсеткiштерi: 5,5; 4,2; 6,8; 10 балл. Сұраныс ұсыныстан 10%-ке асады, яғни в көрсеткiшi = 1,1. БҚ көрсеткiшi = 1,08.
Қарастырып отырған “А” фирмасының сатудың жалпы айлық көлемiндегi үлесi:
Нү = = 0,204 немесе 20,4 %
Бұл “А” фирмасының сиыр етiн 100,0 х 0,204 = 20,4млн. теңгеге немесе бiр тн. 171 мың теңге болғанда-айына 119,3тн.сатады.
Сәйкесiнше, фирма осынша ет өндiруге тиiс.
Ендi “А” фирмасының үлесi қанша көбейедi, егер:
а) жарнама арқылы өзiнiң беделiн арттырса;
б) БҚ–тi тауар сапасы арқылы арттырса;
в) бiр мезгiлде беделiн де, БҚ-iн де арттырса;
Беделiн 5,5-тен 6,05- ке дейiн, немесе 10% -ке арттырса, фирманың үлесi 20,4-тен 22%-ке дейiн өседi. Бұл фирманың ет өндiрiсiн айына 119,3-тен
69
128,6 тн. дейiн немесе 7,3%-ке ұлғайта алуын көрсетедi.
Ет өндiрудi көбейту фирмаға қосымша пайда әкеледi.
Егер бұрынғы жағдайда тауардың БҚ-iн 10%-ке арттырса, яғни оны 1,08-ден 1,19 көрсеткiшiне дейiн жеткiзсе, онда фирманың нарықтағы үлесi 22,5 %-ке дейiн өседi, бұл ет өндiрiсiн айына 130,6 тн.-ға дейiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
“А” фирмасының үлесi 27% -ке дейiн, ал сату көлемi 157,9 тн-ға дейiн өседi, егер нарықтан “В” фирмасын ығыстырып шығарса. Қалыпты құқықты нарықта, егер мұндай ығыстыру әдiл бәсеке ережелерi бойынша жүзеге асса ғана бұған жол берiледi. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 10 мыңдай әртүрлi фирмалар нарықтан кетедi немесе қызмет етуiн тоқтатады. Олардың орнына шамамен осыншама жаңа фирмалар келедi. Және бұл қалыпты жағдай. Ал бiздiң елдегi жекелеген кәсiпорындарды-сатушыларды нарықтан заңсыз, қылмысты түрде ығыстыру тәжiрибесi дұрыс емес.
Өнiм сатудың жалпы көлемiндегi нарықтық үлесi бәсекелiк күрестiң маңызды нәтижелерiн көрсете отырып, нарықтағы кәсiпорындардың қызмет ету дәрежесiн көрсетедi. Оның өсуi кәсiпорын беделiнiң өсуiне және тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң өсуiне байланысты.
70
1>
Достарыңызбен бөлісу: |